Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ауроксетил (цефуроксим) 500мг №10таб Авкеир Лтд

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Цефуроксим
Фармакологиялық топ:
Екінші буын цефалоспориндері
Элемент коды::
8901175016365
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Өзіне сезімтал микроорганизмдер тудыратын инфекциялық-қабыну ауруларын емдеу:

- жоғарғы тыныс алу жолдарының, ЛОР ағзалардың инфекцияларын (жедел ортаңғы отит, синусит, тон-зиллит, фарингит) емдеу

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларын (жедел бронхит, созылмалы бронхиттің өршуі, пневмо-ния) емдеу

- несеп-жыныс жолдарының инфекциялары (пиелонефрит, цистит, уретрит)

- соз, асқынбаған жедел гонококкты уретрит, цервицит

- терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары (фурункулез, пиодермия, импетиго)

- Лайм ауруының ерте сатылары және ересектер мен 12 жастан асқан балаларда осы аурудың кешеуілді сатыларының кейінгі профилактикасы.

- цефалоспориндер тобындағы антибиотиктерге, пенициллиндерге және карбапенемдерге немесе препа-раттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балаларға (250 мг доза үшін)

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жаөспірімдерге (бұған 12 жастан үлкен балалардағы Лайм ауруын емдеу қосылмайды) (500 мг доза үшін)

Сақтықпен:

- жүктіліктің бірінші триместрі

Цефуроксимге жағымсыз реакциялар, әдетте, өтпелі және жеңіл ағымда болады.

Кездесу жиілігі былайша белгіленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10), жиі емес (≥1/1 000 - <1/100), сирек (≥1/10 000 - <1/1 000), өте сирек (<1/10 000, жекелеген жағдайларды қоса), белгісіз (жиілігін бағалау мүмкін емес).

Жиі

- Candida текті төзімді микроорганизмдер өсуінің күшеюі

- эозинофилия

- бас ауыру, бас айналу

- асқазан-ішек бұзылыстары, диареяны, жүрек айнуды, іш аумағындағы ауыруды қоса

- бауыр ферменттері (АЛТ, АСТ, ЛДГ) белсенділігінің уақытша жоғарылауы

Жиі емес

- оң Кумбс реакциясы, тромбоцитопения, лейкопения (кейде күрт білінетін)

- тері бөртпесі

- құсу

Сирек

- есекжем, қышыну

- жалған жарғақшалы колит

Өте сирек

- гемолиздік анемия

- шығу тегі дәрілік қызба, сарысу құю ауруы, анафилаксия

- сарғаю (көбінесе холестаздық), гепатит

- полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз (экзантематозды некролиз)

- анафилаксиялық шок

Препаратты қолдану ұзақтығы, орта есеппен, 7 күн (5-тен 10 күнге дейін) құрайды. Оңтайлы сіңірілуі үшін препаратты тамақтанудан кейін қабылдау керек.

Ересектер

Инфекциялардың көпшілігінде                                               күніне екі рет 250 мг

Несеп-жыныс жолының инфекциялары                                  тәулігіне 2 рет 125 мг

Пиелонефрит                                                                         тәулігіне 2 рет 250 мг

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі төменгі                   тәулігіне 2 рет 250 мг                              тыныс алу жолдарының инфекциялары, мысалы,                                                                                    бронхит

Төменгі тыныс алу жолдарының ауыр инфекциялары              күніне 2 рет 500 мг                                  немесе пневмониядан күдіктену

Асқынбаған соз                                                                      бір реттік 1 г доза

Ересектер мен 12 жастан асқан балалардағы                        20 күн бойы тәулігіне 2 рет 500 мг              Лайм ауруы

Балалар

Инфекциялардың көпшілігінде                                              тәулігіне 2 рет 125мг (125мг 1 таблетка).                                                                                               Ең жоғары тәуліктік доза - 250 мг.

2 жастағы және одан үлкен балалардағы ортаңғы                 тәулігіне 2 рет 250 мг (250 мг                    отит немесе аса күрделі инфекциялар                                  1 таблетка немесе 125 мг 2 таблетка).                                                                                                   Ең жоғары тәуліктік доза - 500 мг.

Ауроксетил таблеткаларын сындыруға болмайды, сондықтан 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты 250 мг таблеткалар түрінде қолдану ұсынылады (бұған 12 жастан асқан балаларда Лайм ауруын емдеу ұсынылмайды).

Бүйрек жеткіліксіздігі

Цефуроксим көбінесе бүйрекпен шығарылады. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде баяулаған экскрециясын түзету үшін дозаны азайту ұсынылады.

   Креатинин клиренсі              T1/2 (сағат)                                    Ұсынылатын доза

≥ 30 мл/мин                                 1.4 - 2.4                    Дозаны түзету қажет емес (стандартты доза                                                                                          күніне екі рет 125 - 500 мг)

10-29 мл/мин                                    4.6                       Стандартты жекеше дозасы әр 24 сағат сайын

<10 мл/мин                                      16.8                      Стандартты жекеше дозасы әр 48 сағат сайын

Гемодиализ емшарасы кезінде         2 – 4                      Диализ емшарасының соңында қосымша бір                                                                                          реттік жекеше дозасы

Әзірге Ауроксетил (цефуроксим) 500мг №10таб Авкеир Лтд пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады