Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Этова 400мг №30 табл Ипка

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Этодолак
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
8901079011824
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- остеоартрозда, ревматоидты артритте ауыру синдромын басу үшін

- этодолакқа немесе препараттың басқа компоненттеріне, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препа-раттарға аса жоғары сезімталдық

- асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы (оның ішінде анамнезде)

- асқазан-ішектен қан кету (оның ішінде анамнезде)

- аспиринді немесе қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданғаннан кейін симптомдар триа-дасының (демікпе, ринит, аллергиялық бөртпе немесе Квинке ісінуі) анамнезінде дамуы

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- бүйрек, бауыр және жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрі

- жүктілік және лактация кезеңі

- аорта коронарлық шунттау (АКШ) ретінде операциядан кейінгі ауыруларды емдеу.

- тәбеттің жоғалуы, жүрек айну, құсу, эпигастриядағы ауырулар, диарея, диспепсия, іштің кебуі, іш қату, қыжыл, асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы (тесілуі немесе қан кетуі мүмкін, кейде өліммен де аяқталады), тік ішектен қан кету

- қан сарысуындағы трансаминазалар деңгейінің қысқа мерзімдік және орташа жоғарылауы, уытты ге-патит

- есекжем, фотосезімталдық, қышыну, мультиформалы эритема, бронх түйілуі, анафилаксиялық реак-циялар, Квинке ісінуі, буллездік дерматоздар, Стивенс-Джонсон синдромдары, уытты эпидермалық некролиз

- бас ауыруы, бас айналу, қатты шаршағыштық, құлақтың шыңылдауы, ұйқысыздық, сананың шатасуы, елестеулер, бағдардан адасу, парестезия, тремор, әлсіздік, күйгелектік, ұйқышылдық, асептикалық ме-нингит (әсіресе жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіндерінің аурулары сияқты аутоиммундық аурулары бар пациенттерде)

- ретинопатия, кератопатия, көрудің бұзылулары, көру жүйкесінің невриті

- гипертензия, жүректің қағуы, жүрек жеткіліксіздігі, васкулиттер

- дизурия (несеп шығарғанда ауырсыну), интерстициальді нефрит, нефроздық синдром, бүйрек жеткі-ліксіздігі, ісінулер, сұйықтықтың және электролиттердің іркілісі

- гемолиздік анемия, апластикалық анемия, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, агранулоци-тоз, қан кету уақытының ұзаруы

- тұмау, тамақтың ауыруы, грипп симптомдары, дауыстың қарлығуы, жұтынудың бұзылуы, астения, қалтырау, қызба

- гематомалардың түзілуі, аздаған қан кетулер.

Клиникалық сынақтар және эпидемиологиялық деректер көрсеткендей, кейбір ҚҚСД қолдану (әсіресе жоғары дозаларда), артериялық тромбоздың (мысалы, миокард инфаркті немесе инсульт) даму қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін.

Болжамды жағымсыз реакциялар туралы хабарлар

Препараттың болжамды жағымсыз реакциялары туралы деректер ұсыну дәрілік заттың қауіп/пайда арақатынасына үздіксіз мониторинг жүргізуге жол ашатын өте маңызды нәрсеге жатады. Медицина қызметкерлері нұсқаулықтың соңында көрсетілген байланыс деректері бойынша немесе ұлттық ақпарат жинау орталығы арқылы кез келген болжамды жағымсыз реакциялар туралы ақпарат ұсынуы керек.

Әзірге Этова 400мг №30 табл Ипка пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады