Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ампициллин 1,0г №50 фл пор Синтез (не выше 20°С)

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Ампициллин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
2009800080807
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- бронхитте, пневмонияда, өкпе абсцесінде

- синуситте, тонзиллитте, ортаңғы құлақ отитінде

- пиелонефритте, пиелитте, циститте, уретритте

- холангитте, холециститте

- тілмеде, импетигода, екінші қайтара жұққан дерматозда

- тірек-қимыл аппаратының инфекцияларында

- іш сүзегінде және паратифте, дизентерияда, сальмонеллезде (соның ішінде иеленуші ретінде)

- перитонитте

- эндокардитте (профилактика және емдеу)

- менингитте

- пастереллезде

- листериозда

- созда (соның ішінде создық уретритте, создық цервицитте)

- сепсисте

- препаратқа (соның ішінде пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге) аса жоғары сезім-талдық

- инфекциялы мононуклеоз

- лимфолейкоз

- бауыр функциясының жеткіліксіздігі

- анамнезде асқазан-ішек жолы ауруының болуы (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты колит)

- лактация кезеңі

Кейде:

- терінің түлеуі, қышыну, есекжем, ринит, конъюнктивит, Квинке ісінуі

- дисбактериоз, іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу

Сирек:

- қызба, артралгия, эозинофилия, эритематозды және макулопапулезді бөртпе, эксфолиативті дерма-тит, мультиформалы экссудативті эритема, соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы, сарысу құю ауру-ына ұқсас реакциялар

- стоматит, гастрит, ауыздың құрғауы, дәмнің өзгеруі, диарея, стоматит, глоссит, бауыр функциясының өзгеруі, «бауыр» трансаминазалары деңгейінің орташа жоғарылауы, жалған жарғақшалы энтероколит

- қозу жағдайы, озбырлық, үрейленгіштік, сананың бұзылуы, мінез-құлықтың өзгеруі

- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения

Өте сирек:

- анафилаксиялық шок.

- депрессия, құрысулар (жоғары дозалармен емдеген кезде)

- агранулоцитоз, анемия

Басқа жағымсыз реакциялар

Кейде:

- қынап кандидамикозы

Сирек:

- интерстициальді нефрит, нефропатия, суперинфекция (әсіресе созылмалы аурулары бар немесе организмнің төзімділігі төмендеген пациенттерде)

Жергілікті реакциялар: енгізілген жердің ауыруы, инфильтраттар

Вена ішіне (в/і) сорғалатып және тамшылатып, бұлшықет ішіне (б/і).

Дозалары және емдеу ұзақтығы инфекцияның ауырлығына, орналасқан жеріне және инфекция қоз-дырғышының сезімталдығына байланысты әр адамға жекелей белгіленеді.

Барысы орташа ауыр инфекцияларда ересектерде және дене салмағы 20кг асатын балаларда вена ішіне немесе бұлшықет ішіне әрбір 6 сағат сайын 250-500мг енгізеді; ағымы ауыр болғанда–әрбір 3-4 сағат сайын 1000-2000 мг.

Листериоз – әрбір 6 сағат сайын 50 мг/кг.

Сүзектік қызба – әрбір 6 сағат сайын 25 мг/кг.

Создық уретритте – бір рет 3.5 г.

Ең жоғары тәуліктік доза - тәулігіне 14 г.

Бүйрек функциясы бұзылған кезде шумақтық сүзіліс жылдамдығына байланысты дозаны түзету қажет етіледі:

- креатинин клиренсі минутына 20-30мл болғанда – әдеттегі дозаның 2/3-і

- креатинин клиренсі минутына 20мл-ден төмен болғанда – әдеттегі дозаның 1/3-і.

Бүйрек функциясының бұзылуы айқын болғанда ампициллиннің дозасы 8 сағат ішінде 1 г аспауы тиіс.

Балаларға (менингитте): дене салмағы 2 кг дейінгі жаңа туған нәрестелерге

– өмірінің алғашқы аптасында әрбір 12 сағат сайын б/і 25-50мг/кг дозадан, содан кейін әрбір 8 сағат сайын 50 мг/кг дозадан; дене салмағы 2кг және одан жоғары жаңа туған нәрестелер – өмірінің алғаш-қы аптасында әрбір 8 сағат сайын – 50мг/кг, содан кейін әрбір 6 сағат сайын 50мг/кг.

Басқа көрсетілімдерде дене салмағы 20 кг дейінгі балаларға б/і – әрбір 6 сағат сайын 12.5-25 мг/кг.

Емдеу ұзақтығы аурудың ауырлығына байланысты (5-10 күннен 2-3 аптаға дейін, ал созылмалы үде-рістерде – 1 айдан 3 айға дейін).

Бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітіндіні құтының ішіндегі затқа инъекцияға арналған мынадай мөл-шердегі суды қоса отырып, дайындайды:2мл – құтыда 500мг;4 мл–құтыда 1000мг және 6мл–құтыда 2г.

Вена ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік (2 г аспайтын) дозасын инъекцияға арналған 5-10мл суда немесе 0.9% натрий хлоридінің ерітіндісінде ерітеді және 3-5 минут бойы баяу енгізеді. 2 г асатын бір реттік дозада, препаратты вена ішіне тек тамшылатып енгізеді.

Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін препараттың бір реттік (2-4 г) дозасын инъекцияға арналған судың аздаған мөлшерімен (тиісінше 7.5-15 мл) ерітеді, содан кейін антибиотиктің алынған ерітіндісін 125-250 мл 0.9% натрий хлориді ерітіндісіне немесе 5-10% декстроза ерітіндісіне қосады да, минутына 60-80 тамшы жылдамдықпен енгізеді.

Балаларға тамшылатып енгізген кезде еріткіш ретінде 5-10% декстроза ерітіндісін пайдаланады (жасына қарай 30-50 мл).

Ерітіндіні дайындап болысымен бірден пайдаланады.

Ампициллинді тағайындар алдында ауру қоздырғышының препаратқа сезімталдығын анықтап алған жөн.

Әзірге Ампициллин 1,0г №50 фл пор Синтез (не выше 20°С) пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады