Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Рубуфин 20мг/мл 1мл №5 амп Русан Фарма

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Налбуфин
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
8901087676541
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

– анестезия кезінде қосымша дәрі ретінде, операция алдындағы және операциядан соң ауыруды басу үшін, акушерлік тәжірибеде босанулар кезінде ауыруды басу үшін

– қарқындылығы орташа және айқын дәрежелі ауыру синдромын басу үшін

– препаратқа немесе препараттың кез келген құрамдас бөлігіне аса жоғары сезімталдық

– тыныс алу мен ОЖЖ айқын бәсеңдеуі

– эпидуральді және жұлын анестезиясы кезінде

– бүйрек пен бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

– эпилепсиялық синдром, бассүйекішілік гипертензия; бассүйек-ми жарақаты, жедел алкогольдік жағдайлар, алкогольдік психоз; құрсақ қуысы ағзаларының жедел хирургиялық аурулары (диагноз қойылғанға дейін); гепатобилиарлық жүйеге операциялық араласулар (Одди сфинктерінің түйілуі болуы мүмкін)

– морфин тәрізді препараттарға дәрілік тәуелділік (морфин, промедол, фентанил) — тоқтату синдромы дамуы мүмкін; цефалоспориндерден, линкозаминдерден, пенициллиндерден болған жалғанжарғақшалы колит аясындағы диарея; уытты диспепсия

– сақтықпен: егде жас, кахексия, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі (соның ішінде өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларында, уремияда), мерзімінен бұрын босанулар және ұрықтың жетілмей қалу ықтималдылығы; өттас ауруы, ішектің ауыр қабыну аурулары, бронх демікпесі, аритмия, артериялық гипертензия, гипотиреоз, қуықасты безінің гиперплазиясы, несеп шығару арнасы-ның стенозы; суицидке бейімділік, эмоционалдық құбылмалылық; әлсіз науқастар.

– Препаратты хирургиялық құрсақ синдромы кезінде сәйкесінше диагностика жүргізбей қолдану ұсыныл-майды, өйткені налбуфин гидрохлориді оның көріністерін бүркемелеуі мүмкін.

Налбуфиннің жағымсыз әсерлері морфинге ұқсас.

Өте жиі – седация

Жиі – тершеңдік, ұйқышылдық, бас ауыруы; ауыздың құрғауы, бас айналуы

Жиі емес - тремор, күйгелектік, парестезиялар, жайсыздық, дисфория, көру жітілігінің нашарлауы, көзден жас ағу, құрысулар

Сирек – тыныстың тарылуы

Өте сирек – эйфория, елестеулер, сананың шатасуы, депрессия, шаршау, енжарлық; мазасыз ұйық-тау, әдеттен тыс түс көрулер, брадикардия немесе тахикардия, жүрек ырғағының бұзылуы, ортостати-калық гипотензия, артериялық қысымның жоғарылауы немесе төмендеуі, дене температурасының жо-ғарылауы, өкпенің ісінуі

- аллергиялық реакциялар (ауыр жағдайларда – анафилаксиялық шок пен Квинке ісінуіне дейін)

- өт жолдарының түйілуі, ары қарай өт энзимдері деңгейінің жоғарылауымен, анорексия, уытты мегако-лон, салданған ішек бітелісі, гепатоуыттылық (несептің күңгірттенуі, нәжістің бозаруы, аққабық пен тері жабындарының сарғаюы)

- несептің ағып шығуының бұзылуы немесе қуықасты безінің аденомасы мен уретра стенозы кезінде бұл жағдайдың ушығуы

Басқа – қатты терлеу, инъекция орнының ауыруы, дәріге тәуелділік, «тоқтату» синдромы

Қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен.

Ересектер үшін әдеттегі ұсынылатын дозасы дене салмағы 70 кг пациенттер үшін 10-нан 20 мг дейінді құрайды, бұл дене салмағына 0,1 - 0,3 мг / кг баламалы. Бұл дозасын көктамыр ішіне, бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізуге болады, әр 4-6 сағат сайын қайталап енгізуге болады.

Ересектер үшін ең жоғарғы бір реттік дозасы 20 мг (0,3 мг/кг) аспауы тиіс, ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 2.4 мг/кг. Тағайындалу ұзақтығы - 3 күннен аспайды.

Егде жастағы адамдар

Егде жастағы пациенттерге сақтықпен тағайындайды, препаратты ең төменгі тиімді дозасымен тағайын-дау керек.

Балалар

Педиатрияда қолданылуы жөніндегі мәліметтердің шектеулілігіне байланысты, препаратты 18 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Әзірге Рубуфин 20мг/мл 1мл №5 амп Русан Фарма пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады