Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Викейра Пак табл. Abbvie

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Дасабувир; Омбитасвир+Паритапревир+Ритонавир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
01111??2?64654
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

1 генотипті C созылмалы гепатитінде, бауырдың компенсацияланған циррозымен пациенттерді қоса, ри-бавиринмен біріктіріп немесе онсыз (емді алғашқы бастауда немесе интерферонмен емдегеннен кейін).

 

 

 Препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

 Ритонавирге (мысалы, уытты эпидермальді некролиз немесе Стивенс-Джонсон синдромы) белгілі аса жоғары сезімталдық.

 Викейра Пак препараты потенциалды уыттылық даму қаупіне байланысты бауыр функциясының орташа және ауыр (Чайлд-Пью В және

С) бұзылуы бар пациенттерге қарсы көрсетілімде.

 Рибавиринді қолдануға қарсы көрсетілім (Викейра Пак препараты мен рибавиринді бірге қолданған-да). Рибавиринді қолдануға қарсы көрсетілім туралы хабар алу үшін оны қолдану жөніндегі нұсқаулық-пен танысу керек.

 Рибавиринді жүктілік кезінде әйелдерде, сондай-ақ, жұптастары жүкті немесе жүктілікті жоспарлаған ерлерде қолдану.

 Қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы елеулі жағымсыз реакцияларға әкелуі мүмкін және клиренсі CYP3A изоферменті арқылы жүретін метаболизмге тәуелді препараттарды бір мезгілде қолдану.

 CYP2C8 күшті тежегіші болып табылатын (өйткені бұл қан плазмасында дасабувир концентрациясы-ның айтарлықтай жоғарылауына және QT аралығының ұзару қаупіне әкелуі мүмкін ) препараттарды бір мезгілде қолдану.

 CYP3A изоферментінің күшті индукторлары (паритапревир, омбитасвир және дасабувирдің қан плаз-масындағы концентрациясын айтарлықтай төмендетуі мүмкін) болып табылатын препараттарды бір мезгілде қолдану.

 CYP2C8 изоферментінің күшті индукторлары (өйткені бұл дасабувирдің қан плазмасындағы концен-трациясының айтарлықтай төмендеуіне әкелуі мүмкін) болып табылатын препараттарды бір мезгілде қолдану.

 Төмендегі препараттармен бір мезгілде қолдану:

‒ алфузозин;

‒ ранолазин;

‒ дронедарон

‒ астемизол, терфенадин;

‒ аторвастатин, ловастатин, симвастатин;

‒ блонансерин;

‒ карбамазепин, фенитоин, фенобарбитал;

‒ цизапирд;

‒ колхицин (бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде);

- эфавиренз;

‒ фузидий қышқылы;

‒ қастауыш алкалоидтары (эрготамин, дигидроэрготамин, эргометрин, метилэргометрин);

‒ гемфиброзил;

‒ мидазолам және триазолам (ішке қабылдауға арналған дәрілік түрінде);

‒ луразидон;

‒ пимозид;

‒ рифампицин;

‒ сальметерол;

‒ шайқурай препараттары (шілтер жапырақты шайқурай, Hypericum perforatum);

‒ силденафил (өкпенің артериялық гипертензиясын емдеу үшін қолданғанда);

‒ рилпивирин;

‒ лопинавир/ритонавир;

‒ дарунавир/ритонавир;

‒ құрамында этинилэстрадиол бар препараттар (мысалы, біріктірілген пероральді контрацептивтер);

‒ бекітілген біріктірілімдегі атазанавир/ритонавир

 18 жасқа дейінгі балаларға.

Лактаза тапшылығы, галактоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.

 

 

Викейра Пак препаратын рибавирмен біріктірілімде қабылдайтын пациенттерде, жиірек бақыланатын жағымсыз реакциялар (20 % аса пациенттерде) шаршағыштық және жүректің айнуы болды. Жағымсыз реакцияларға байланысты емді толық тоқтатқан пациенттер саны 1,2 % (25/2044) құрады. 1,3 % (27/2044) пациенттер емді жағымсыз әсерлеріне байланысты тоқтатты (кейіннен жаңғырту мүмкінді-гімен). 7,7 % (158/2044) пациенттерге жағымсыз реакциялардың пайда болуы салдарынан рибавириннің дозасын төмендету қажет болды.

Викейра Пак препараты мен рибавириннің қауіпсіздік бейіні циррозбен пациенттерде циррозсыз пациенттердегідей болады.

Викейра Пак препаратын рибавиринсіз қолдану

Викейра Пак препаратын рибавиринсіз қабылдаған пациенттердегі клиникалық зерттеулерде жалғыз анықталған жағымсыз реакция қышыну болды. Жағымсыз реакциялар салдарынан емді толық тоқтатқан пациенттер саны 0,3 % (2/588) құрады. 0,5 % (3/588) пациенттер жағымсыз реакциялар салдарынан емде үзіліс жасады.

 

 

Ішке. Викейра Пак препаратын тағамның майлылығы немесе калориялығына қарамай аспен бірге қабыл-дау керек.

Викейра Пак препаратының ұсынылған дозасы күніне бір рет (ертеңгісін) 12,5/75/50 мг омбитасвир/пари-тапревир/ритонавирдің екі таблеткасын және күніне екі рет (ертеңгісін және кешке) 250 мг дасабувирдің бір таблеткасын қамтиды. Пациенттердің кейбір тобында Викейра Пак препараты рибавиринмен бірікті-рілімде қолданылады (1 кестені қара).

1 кестеде емді алғашқы бастайтын немесе интерферонмен емдегеннен кейінгі пациенттер тобына қарай емдеудің ұсынылған сызбасы және емдеу ұзақтығы берілген

 

Әзірге Викейра Пак табл. Abbvie пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады