Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Янувия 50мг №28таб Мерк Шарп и Доум Б.В

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 28
Белсенді зат:
Ситаглиптин
Фармакологиялық топ:
Ішуге арналған қантты төмендететін препараттар.
Элемент коды::
8034077010022
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

˗ ересек емделушілердегі 2 типті қант диабетін емдеуде дәрі-дәрмектік емес әдістермен біріктірілімдер-де (ем-дәм, дене жүктемелері), сондай-ақ басқа препараттармен біріктірілімде қандағы глюкоза деңге-йін түзету.

Моноем

˗ ем-дәмге және дене жүктемелеріне талапқа сай бақылау болмағанда, сондай-ақ метформин қолдануға болмайтыны туралы көрсетілімі бар немесе қолданудың жақпайтыны туралы көрсетілімі бар емделуші-лерде.

Метформинмен біріктірілген ем

˗ метформинмен біріктірілімде гликемия бақылауын жақсарту үшін 2 типті қант диабеті бар емделуші-лерде бастапқы емде, метформинмен емде ем-дәммен және дене жүктемесімен бірге гликемияны та-лапқа сай бақылау болмағанда.

Сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген ем

˗ сульфонилмочевина препаратының ең жоғары жағымды дозасын біріктірілген емде ем-дәммен және дене жүктемесімен бірге гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда.

PPARγ агонистерімен (тиазолидиндиондармен) біріктірілген емде

˗ қолданылуында PPARγ агонистерімен көрсетілім болғанда, сондай-ақ PPARγ агонистерімен біріктіріл-ген емде ем-дәммен және дене жүктемесімен бірге гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда.

Метформинмен және сульфонилмочевина препараттарымен біріктірілген емде

˗ аталған препараттармен біріктірілген емде ем-дәммен және дене жүктемесімен бірге гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда

Метформинмен және PPARγ агонистерімен біріктірілген емде

˗ аталған препараттармен біріктірілген емде ем-дәммен және дене жүктемесімен бірге гликемияны талапқа сай бақылау болмағанда.

Инсулинмен біріктірілген емде (метформинмен немесе онсыз)

˗ инсулиннің тұрақты дозасымен біріктірілген емде ем-дәммен және дене жүктемесімен бірге гликеми-яны талапқа сай бақылау болмағанда инсулинге қосымша (метформинмен немесе онсыз).

- препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- 1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелді)

- диабеттік кетоацидоз

- 18 жасқа дейінгі балалық мен жасөспірімдік жас (клиникалық деректер болмауына байланысты)

Жағымсыз реакциялар олардың туындау жиілігі бойынша және анатомиялық-терапевтік тобына сәйкес жіктелген. Жиілігі төмендегіше анықталды: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1 000, <1/100); сирек (≥1/10 000, <1/1 000); белгісіз (постмаркетингтік кезеңде анықталған жағымсыз әсер-лер үшін жиілігін анықтау мүмкін емес).

Ситаглиптинмен моноем

Жиі

˗ жұқпалар және инвазиялар: жоғарғы тыныс жолдарының жұқпалары*, назофарингит*

˗ метаболизм және тамақтану тарапынан бұзылулар: гипогликемия 

˗ жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас ауруы

˗ қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: остеоартрит*, аяқ-қол ауыруы*

Жиі емес

˗ жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: бас айналуы,

˗ асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: іш қатуы

Белгісіз

˗ иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: анафилактикалық реакцияларды ** қоса, аса жоғары сезім-талдық реакциялары

˗ респираторлық жүйе тарапынан бұзылулар, кеуде қуысы және көкірек ортасы органдары: өкпенің интерстициальді аурулары

˗ асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар: құсу, жедел панкреатит, фатальді және фатальді емес геморрагиялық және некроздалған панкреатит **

˗ тері және тері асты шелі тарапынан бұзылулар: ангионевроздық ісіну **, бөртпе **, есекжем ** , тері васкулиті ** , терінің эксфолиативті жай-күйі, Стивенс-Джонсон синдромын қоса **

˗ қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: артралгия ** , миалгия ** , арқаның ауыруы **

˗ бүйрек және несеп шығару жүйесінің тарапынан бұзылулар: бүйрек функциясының нашарлауы ** , жедел бүйрек жеткіліксіздігі **

Янувия тамақ ішуге байланыссыз қабылдануы мүмкін.

Бастапқы ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 100 мг құрайды.

Янувияны метформинмен және/немесе PPARγ агонистерімен (тиазолидиндиондар) қолданғанда препа-раттар дозасын түзету талап етілмейді.

Янувияны сульфонилмочевина препараттарымен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданғанда гипо-гликемия қаупін азайту үшін сульфонилмочевина препараттарының немесе инсулиннің төмендеу доза-ларын қолдануды қарастыруға болады.

Янувия дозасын жіберіп алғанда, емделуші оны есіне түсірген сәтте қабылдауы керек.

Препаратты жіберіп алған күні қосарлы доза қабылдауға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер. Жеңіл бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (креатинин клиренсі ≥50мл/мин, еркектерде ≤1.7мг/дл, әйелдерде ≤1.5мг/дл плазмадағы креатинин деңгейіне сәйкес) Янувия дозасын түзету талап етілмейді.

Орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде (креатинин клиренсі ≥30 мл/мин, бірақ <50 мл/мин, шамамен плазмадағы креатинин деңгейі ≤1.7 мг/дл, бірақ еркектерде ≤3 мг/дл болатын, әйелдерде >1.5 мг/дл, бірақ ≤2.5 мг/дл сәйкес келетін) Янувия дозасы тәулігіне бір рет 50 мг құрайды.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі <30 мл/мин, шамамен плазмадағы креатинин деңгейі еркектерде >3 мг/дл, әйелдерде >2.5 мг/дл сәйкес), сондай-ақ гемодиализ немесе перито-неальді диализ талап етілетін бүйректің терминальді сатыдағы патологиясы бар емделушілер үшін Янувия дозасы тәулігіне бір рет 25мг құрайды. Янувия диализ уақытына байланыссыз қолданылуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілер. Жеңіл және орташа бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде Янувия дозасын түзету талап етілмейді. Препарат ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде зерт-телмеген.

Егде жастағы емделушілер. Егде жастағы емделушілер үшін препараттың дозасын түзету талап етіл-мейді. Янувия препаратының 75 жастан асқан емделушілерде қолданылуы зерттелмеген.

Балалық жас. Берілген жастағы топтарда қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша клиникалық зерттеулер жоқ болуына байланысты Янувияны 18 жасқа жетпеген балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.

Әзірге Янувия 50мг №28таб Мерк Шарп и Доум Б.В пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады