Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Беландж 2,5мг №30таб REPLEK FARM

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
бисопролола фумарат
Фармакологиялық топ:
Селективті Бета-адреноблокаторлар.
Элемент коды::
5310090008646
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- артериялық гипертензияда

- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)

- препараттың белсенді затына немесе басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- жедел жүрек жеткіліксіздігі

- көктамыр ішіне инотроптық ем жүргізуді талап ететін жүрек қызметінің декомпенсациясы

- кардиогендік шок

- II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада (кардиостимуляторсыз)

- синустық түйіннің әлсіздік синдромы

- синоатриалды блокада

- ем басталғанға дейінгі айқын брадикардия (ЖЖЖ 50 соғуы/мин. аз)

- айқын артериялық гипотензия (систолалық АҚ 100 мм сын. бағ. төмен)

- ауыр бронх демікпесі немесе өкпенің ауыр созылмалы обструктивті ауру

- шеткері артериялар ауруының ауыр түрі

- Рейно синдромының ауыр түрі

- емделмеген феохромоцитома

- метаболизмдік ацидоз

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған)

- жүктілік және лактация кезеңі

- флоктафенинмен және сультопридпен біріктірілген ем.

Өте жиі (≥ 1/10)

- брадикардия (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде)

Жиі (≥1/100 ≤ 1/10 дейін)

- бас айналуы, бас ауыруы (емдеу курсының басында)

- жүрек жеткіліксіздігі белгілерінің күшеюі (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде), артериялық гипотензия (әсіресе жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде)

- аяқ - қолдың мұздауын немесе ұюын сезіну, мезгіл-мезгіл ақсаңдау симптомдарының күшеюі және Рейно ауруы

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қатуы, іштің ауыруы, ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы

- астения (созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде), шаршағыштық (емдеу курсының басында)

Жиі емес (≥1/1000 - ≤ 1/100 дейін)

- депрессия, ұйқының бұзылуы, мазасыздық, сананың шатасуы немесе есте сақтаудың қысқа мерзімді жойылуы, астения (гипертониясы немесе стенокардиясы бар пациенттерде)

- жүрекше-қарыншалық өткізгіштігінің бұзылуы, бұрыннан бар жүрек жеткіліксіздігінің нашарлауы (артериялық гипертензиясы немесе стенокардиясы бар науқастарда), брадикардия (гипертониясы немесе стенокардиясы бар пациенттерде), AV блокадасы (толық көлденең блокада дамығанға және жүрек тоқтағанға дейін болатын), аритмия, миокард жиырылуының әлсіреуі, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ушығуы (жіліншік, табан ісінуі, ентігу), кеуде ауыруы

- жоғары дозалар тағайындалғанда және/немесе бейімі бар пациенттердегі ларингоспазм және бронхоспазм кезінде тыныс алудың қиындауы (селективтікті жоғалту), бронх демікпесімен немесе тыныс жолдары обструктивті аурулары анамнезімен пациенттердегі бронх түйілуі

- бұлшықет әлсіздігі және құрысулар, артропатия

- ортостатикалық гипотензия

Сирек (≥1/10000 ≤ 1/1000 дейін)

- түнгі қорқыныштар, елестеулер

- естен тану

- көз жасы бөлінуінің азаюы (жанаспалы линза қолданғанда ескеру керек)

- естудің бұзылуы

- бүйрек функциясының бұзылуы (несеп күңгірттігі, ақ қабықтың немесе терінің сарғаюы, холестаз), дәм сезу бұрмалануы, гепатит

- тері қышынуы және бөртпесі, терінің қызаруы, аллергиялық ринит сияқты аллергиялық реакциялар

- қатты тершеңдік, тері гиперемиясы

- гипергликемия (инсулинге тәуелді емес қант диабеті бар науқастарда), гипогликемия (инсулин қабылдайтын науқастарда), гипотиреоз

- потенция бұзылуы

- қандағы триглицеридтер концентрациясының жоғарылауы, қандағы бауыр ферменттері деңгейінің артуы (АЛТ, АСТ), гипербилирубинемия

- ем аяқталғанда жойылатын дәрілік жегінің өтпелі синдромы (антинуклеарлық антидене пайда болуында)

- арқаның ауыруы, "тоқтату" синдромы (стенокардия ұстамаларының күшеюі, АҚ жоғарылауы)

Өте сирек

- конъюнктивит, көрудің бұзылыстары

- алопеция

- бұрыннан бар псориаз, псориазға ұқсас тері реакцияларына түрткі болу немесе өршуі

- шаранаға әсері (жатыр ішіндегі өсудің іркілуі, гипогликемия, брадикардия).

Беландж препаратының таблеткаларын таңертең қабылдау керек, тамақпен бірге қабыл-дауға болады. Препаратты сұйықтың аздаған мөлшерімен, шайнамай қабылдау керек.

Дозалануы

Емдеу негізінен біртіндеп, аз дозадан басталу керек, артынан арттырыла береді. Барлық жағдайларда пульс жиілігін және емдік әсерді ескере отырып, доза жекелей таңдалады.

Артериялық гипертензияны емдеу

Беландж препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.

Гипертонияның жеңіл түрі кезінде (диастолалық артериялық қысым 105 мм сын.бағ.), 2,5 мг дозамен емдеу күніне бір рет жеткілікті болуы мүмкін.

Қажет болған кезде дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады.

Дозаны ары қарай арттыру айрықша жағдайларда негізделуі және жүргізілуі керек.

Беландж препаратының ең жоғарғы ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.

Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия)

Беландж препаратының ұсынылатын дозасы күніне бір рет 5 мг құрайды.

Қажет болған кезде дозаны күніне бір рет 10 мг-ге дейін арттыруға болады.

Дозаны ары қарай арттыру айрықша жағдайларда негізделуі және жүргізілуі керек.

Беланджтың ең жоғарғы ұсынылатын дозасы күніне бір рет 20 мг құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда (креатинин клиренсі <20 мл / мин) дозалау күніне 10 мг аспауы тиіс. Дозалау екі рет қабылдауға бөлінуі мүмкін.

Бауырдың ауыр бұзылуы бар пациенттер

Доза түзету талап етілмейді, алайда мұқият мониторинг ұсынылады.

Егде жастағылар

Әдетте доза түзету талап етілмейді. Ең аз рұқсат етілетін дозамен ем бастау ұсынылады.

Балалар

Препаратты балаларда қолданудың тәжірибесі жоқ, сондықтан Беландж препараты балаларға тағайындалмайды.

Емді тоқтату

Емді біртіндеп тоқтату керек. Дозалауды баяу азайту керек, біртіндеп - дозаны апта сайын екі рет азайту керек.

Әзірге Беландж 2,5мг №30таб REPLEK FARM пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады