Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Лотор 500мг №5таб п.о.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 5
Белсенді зат:
Левофлоксацин
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар.
Элемент коды::
8902319010720
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Лотор-500 келесі ауруларды емдеуге қолданылады:

 Жедел бактериялық синусит

 Созылмалы бронхиттің жедел өршуі

 Ауруханадан тыс пневмония

 Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары.

Жоғарыда аталған инфекциялар үшін 500 мг левофлоксацинді, әдетте осы инфекциялардың бастапқы емі ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді қолдану орынсыз деп саналатын жағдайда ғана қолдану керек.

 Пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

 Созылмалы бактериялық простатит

 Асқынбаған цистит

 Сібір жарасының өкпелік түрі: қатынастан кейінгі профилактика және емдеу.

Левофлоксацин 500 мг таблеткаларын вена ішіне енгізілетін левофлоксацинмен бастапқы емдеу кезінде жақсаруы байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолдануға да болады.

Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды қадағалау қажет.

Лотор-500 таблеткаларын мыналарға қолдануға болмайды:

- левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе кез келген компонентіне сезімталдығы жоға-ры пациенттер;

- эпилепсиясы бар пациенттер;

- анамнезінде фторхинолондарды қолданумен байланысты сіңірдің зақымдануы бар пациент-тер;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;

- жүктілік кезеңіндегі әйелдер;

- лактация кезеңіндегі әйелдер.

Жағымсыз әсерлердің жиілігі келесі белгілеулерді қолданумен анықталады:

Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 -<1/10), жиі емес (≥1/1000 -<1/100), сирек (≥ 1/10000 - <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректермен бағалау мүмкін емес); әрбір жиілік тобының шегінде жағымсыз әсерлер олардың күрделілігің азаю ретімен беріл-ген.

Инфекциялар және инвазиялар

Жиі емес (≥1/1000 -<1/100)

Зеңдік инфекция, Candida тудырған инфекцияны қоса, патогендердің төзімділігі

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылыстар

Жиі емес (≥1/1000 -<1/100)

Лейкопения Эозинофилия

Сирек (≥1/10000 - <1/1000)

Тромбоцитопения Нейтропения

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен бағалау мүмкін емес)

Панцитопения Агранулоцитоз Гемолиздік анемия

Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар

Сирек (≥1/10000 - <1/1000)

Ангионевроздық ісіну Жоғары сезімталдық

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректермен бағалау мүмкін емес)

Анафилаксиялық шок Анафилактоидты шок

 

Лотор-500 таблеткаларын бүтіндей жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Қажетті дозаны таңдап алу үшін, таблеткаларды олардың бетіндегі сындыру сызығы бо-йынша бөлуге болады.

Таблеткаларды тамақ ішу кезінде немесе тамақ ішу аралығындағы уақытта қабылдауға бола-ды. Левофлоксацин таблеткаларын темір тұздарын, цинк тұздарын, құрамында магний неме-се алюминий бар антацидтерді, диданозинді (тек құрамында алюминиймен немесе магний-мен буферленген заттары бар диданозин түрлерін ғана) және сукральфатты қабылдаудан кем дегенде екі сағат бұрын немесе кейін қабылдау керек, өйткені сіңірілуінің төмендеуі мүмкін.

Бауыр функциясының бұзылуы

Дозаны түзету қажет емес, өйткені левофлоксацин бауырда қандайда бір елеулі дәрежеге дейін метаболизденбейді, және ол организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады.

Егде адамдар

Егде адамдарда бүйректің тиісті функциясын ескеруден басқа жағдайларда дозаны түзету қажет емес.

Балалар

Лотор-500 препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Әзірге Лотор 500мг №5таб п.о. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады