Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Золмигрен 2,5г № 2таб Фармак

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Золмитриптан
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
4823002219104
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- аурамен жүретін (көру, есту, қимыл-қозғалыс бұзылыстары және психикалық бұзылыстар) және аурасыз бас сақинасы ұстамасын басу үшін

– препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

– орташа немесе ауыр артериялық гипертензия, сондай-ақ қысымның айқындығы әлсіз ба-қыланбайтын жоғарылауы

– жүректің ишемиялық ауруы немесе соған ұқсас симптомдар, соның ішінде, анамнездегі миокард инфарктісі

– ангиоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы)

– анамнездегі цереброваскулярлық бұзылулар және транзиторлық ишемиялық шабуыл(ТИШ)

– 15 мл/минуттан төмен креатинин клиренсі

– эрготаминді, эрготамин туындыларын (метисергидті қоса), суматриптанды, наратриптанды немесе 5НТ 1В/1D рецепторларының басқа агонистерін бір мезгілде қабылдау

– шеткері тамырлардың аурулары

– егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге қолданбау керек

– 18 жасқа дейінгі балаларға

Жағымсыз әсерлері, әдетте жеңіл сипатта болады, негізінен өтпелі, препаратты қабылда-ғаннан кейінгі 4 сағат ішінде пайда болады, оны қайта қолданғаннан кейін жиілемейді және қосымша емдеусіз өздігінен басылады.

Жиі:

– сезімталдықтың бұзылуы, бас айналуы, бас ауыруы, гиперестезия, парестезиялар, ұй-қышылдық, ысыну сезімі

– миалгия, бұлшықет әлсіздігі

– жүрек қағуын сезіну

– астения, тамақтағы, мойындағы, кеуде қуысы мен аяқ-қолдардағы ауырлық, жаншылу, ауыру немесе қысылу сезімі

– іш ауыруы, жүрекайнуы, құсу, ауыздың құрғауы

Жиі емес:

– тахикардия

– артериялық қысымның болар-болмас жоғарылауы, артериялық қысымның уақытша жо-ғарылауы

– полиурия, несеп шығару жиілігінің артуы

Сирек:

– есекжемді, Квинке ісінуі мен анафилаксиялық реакцияларды қоса, аса жоғары сезімтал-дық реакциялары

Өте сирек:

– миокард инфарктісі, стенокардия, коронароспазм

– ишемия немесе инфаркт (мысалы, интестинальді ишемия, интестинальді инфаркт, көк-бауыр инфарктісі), бұл қан аралас диарея немесе құрсақ қуысындағы ауыру түрінде көрініс беруі мүмкін

– несеп шығаруға императивтік қысылулар

Кейбір симптомдар бас сақинасының өзіне тән болуы мүмкін.

Препарат бас сақинасы ұстамасының профилактикасы мақсатында қолдануға арналмаған. Золмигрен ® препаратын бас сақинасы ұстамасы туындағаннан кейін барынша ертерек қа-былдау ұсынылады.

Ересектерге 1 таблеткадан (2,5 мг золмитриптан) тағайындайды. Әсері болмаса немесе ау-ыру қайталанса, 1 таблеткасын қайтадан қабылдауға болады. Қажет болса екінші дозасын, алғашқы дозасынан кейін кемінде 2 сағаттан соң қабылдауға болады. 2,5 мг дозасының тиімділігі жеткіліксіз болса, бір реттік дозасын 5,0 мг (жоғарғы бір реттік доза) дейін артты-руға жол беріледі. Жоғарғы тәуліктік дозасы – 10,0 мг құрайды.

Бауыр функциясының жеңіл және орташа бұзылулары бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттер үшін препараттың тәуліктік дозасы 5 мг аспауы тиіс.

Креатинин клиренсі 15 мл/минуттан артық болса, дозасын түзету керек емес.

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерге қолданбау керек.

Әзірге Золмигрен 2,5г № 2таб Фармак пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады