Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Реополиглюкин 400мл Белмедпрепараты

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ерітінді
Белсенді зат:
Декстран
Фармакологиялық топ:
Қан плазмасының препараттары және плазма алмастырғыш препараттар
Элемент коды::
4810133002200
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- жарақаттық, операциялық, кардиогендік, күйіктік шоктың алдын алуда және емдеуде

- артериялық және көктамырлық қан айналымы бұзылуын алдын алуда және емдеуде (тромбоз, тромбо-флебит, эндартерииттер, Рейно ауруы)

- жергілікті қан айналымын жақсарту және трансплантаттағы тромбоздарға тенденцияны азайту үшін

- жасанды қан айналымының аппаратын қолданып, жүрекке операция жасауда (перфузиялық сұйықтық-қа қосу үшін)

- бүйректердің сақталынған фильтрациялық қызметімен бүйрек және бүйрек-бауыр жетіспеушілігінде

- үйлеспейтін қанды құюдан туындаған трансфузиядан кейінгі асқынуларда

- күйік, перитонит, панкреатит кезінде дезинтоксикация үшін

- тор қабықтың және көру жүйкесінің ауруы (асқынған миопия, тор қабықтың дистрофиясы және т.б.)

- мөлдір қабықтың және көздің тамырлы қабығының қабыну үдерістерінде.

Егер қанды немесе оның компоненттерін енгізу қажет болса, онда препаратты енгізу гемотрансфузияны ауыстыра алмайды.

 

 

- асқын сезімталдық

- қалпына келмейтін жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігі

- фруктоза-1,6-дифосфатазаның тапшылығы

- гиперкалиемия

- бассүйек іші қысымының жоғарылауымен бассүйек-ми жарақаттары

- геморрагиялық инсульт

- өкпенің ісінуі

- ұзаққа созылған ішкі қан кетулер, гипокоагуляция, тромбоцитопения

- олиго- және ануриямен бірге жүретін бүйректер функциясының айқын бұзылуы

- айқын емес этиологиядағы ауыр аллергиялық жағдайлар

- гиперволемия, гипергидратация және сұйықтықтың ауқымды дозаларын енгізуге болмайтын басқа да жағдайлар

- қабақ терісінің мацерациясы, офтальмологияда электрофорез жүргізген кезде шырышты-іріңді бөлінді-нің құйылуы.

Натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен реополиглюкинді бүйректерінің фильтрациялық қабілеті төмендеген емделушшілерге енгізуге болмайды.

 

 

- аллергиялық реакциялар (терінің гиперемиясы, тері бөртпесі, қышыма, есекжем, ангионевроздық ісіну, анафилактикалық шок)

- жүрек айнуы

- қызба

Инфузия уақытында анафилактикалық түрдегі реакциялар (терінің қызаруы және тері жамылғысының қышымасы, Квинке ісінуі және т.б.) туындаған жағдайда препаратты енгізуді тез арада тоқтатып, көктамырдан инені суырмай тұрып, трансфузиялық реакцияларды жою үшін барлық көзделген тиісті нұсқаулармен терапевтік іс- шараларды жүргізуге кірісу қажет (антигистаминді және жүрек-қан тамырлары дәрілері, глюкокортикостероид және т.б.)

 

 

Препаратты көктамыр ішіне тамшылатып енгізеді. Препараттың дозасы клиникалық жағдайға және науқастың күйіне байланысты жеке тағайындалады. Тікелей препаратты қолданар алдында, ургенттік жағдайдан басқа кезде терілік сынама жүргізіледі. Ол үшін егетін жерді антисептикпен өңдегеннен кейін білектің ішкі бетінің ортаңғы бөлігіне тері ішіне «лимон қабығы» пайда болуымен 0,05 мл препарат енгізіледі.

Еккеннен кейін 10-15 минуттан соң егілген жерде қызару, папула пайда болса немесе жүрегі айну, басы айналу тәрізді және басқа түрде ағзаның жалпы реакциясының симптомдары білінсе, ол препа-ратқа науқастың асқын сезімталдығы (қауіп тобы) туралы куәландырады. Препаратты қолдану кезінде биосынама жүргізу міндетті:

препараттың алғашқы 5 тамшысын баяу енгізгеннен кейін қан құю 3 минутқа тоқтайды, содан кейін тағы 30 тамшы енгізіледі және тағы қан құюды 3 минутқа тоқтатады. Реакция болмаған кезде препа-ратты енгізу жалғастырылады.

Биосынаманың нәтижелері ауру тарихында міндетті түрде тіркеледі.

Капиллярлық қан ағымы бұзылған кезде (жарақаттық, операциялық және күйіктік шокқа байланысты) реополиглюкинді көктамыр ішіне тамшылатып препаратты 400-ден 1000 мл-ға дейін 30-60 мин ішінде енгізеді. Жүрекке және тамырларға оперативті кірісу кезінде операцияға дейін – 10 мл/кг, операция уақытында – 400-500 мл және операциядан кейін 5-6 күн ішінде 10 мл/кг енгізеді. Жасанды қан айна-лымының аппаратын қолданып операция жасау кезінде препаратты қанға 10-20 мл/кг есебінен қосады. Дезинтоксикация үшін көктамыр ішіне 400-1000 мл-дан тамшылатып енгізеді, қажет болған кезде сол күні қосымша 400-500 мл енгізуге болады. Келесі 5 күнде 400 мл -ден күніне тағайындайды.

Балаларға шоктың әр түрінде 1 кг массаға 5-10 мл-дан (15 мл/кг-ға дейін) енгізеді.

Балаларға жүрек-қан тамырлары операциясы кезінде 2-3 жасқа дейін тәулігіне 1 рет 10мл/кг-дан (60 минут ішінде), 8 жасқа дейін – 7-10 мл/кг-дан (тәулігіне 1-2 рет), 13 жасқа дейін – 5-7 мл/кг-дан (тәулігіне 1-2 рет), 14 жастан жоғары – ересектерге арналған дозаны енгізеді. Дезинтоксикация үшін 60-90 минут ішінде 5-10 мл/кг енгізеді. Офтальмологиялық практикада электрофорез жолымен қолданады. Ем-шараны күніне бір рет жүргізеді.

10 мл-ден қолданады (оң немесе теріс полюспен; токтың тығыздығы 1,5 мА/см 2 -ге дейін). Ем-шара-ның ұзақтығы 15-20 мин (бір курсы 5-10 процедурадан тұрады).

Препаратпен бірге кристаллоидты ерітінділерді (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісін, декстрозаның 5% ерітіндісін) сұйықтықтық және электролиттік балансты толтыруға және демеуге болатындай көлемде енгізу мақсатқа сай. Бұл әсіресе сусызданған науқастарды емдеу кезінде және хирургиялық операция-лардан кейін маңызды.

Препарат диурездің артуын тудырады. Дегенмен, егер реополиглюкинмен емдеу кезінде тұтқыр сироп тәрізді несептің бөлінуімен диурездің азаюы байқалады, онда бұл науқас ағзасының сусыздануын көр-сетеді. Мұндай жағдайда сұйықтық электролиттік балансты толтыру және демеу үшін кристаллоидты ерітінділерді (натрий хлоридының 0,9% ерітіндісін, декстрозаның 5% ерітіндісін) көктамырға енгізу қажет.

 

Әзірге Реополиглюкин 400мл Белмедпрепараты пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады