Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Момат Рино спрей 50мкг/доза 120доз Гленмарк Индия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Мұрынға арналған
Белсенді зат:
Мометазон
Фармакологиялық топ:
Деконгестант
Элемент коды::
2000994075976
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
3 385 ₸
Бонустарды сатып алу: 67.70
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ересектер мен 6 жастан асқан балалардағы маусымдық немесе жыл бойына созылатын аллергиялық ринитте

- орташа және ауыр ағымды аллергиялық риниттің алдын алуда (гүлдеу маусымы басталуы болжамдалғаннан 2 - 4 апта бұрын ұсынылады)

- мұрын полиптері және мұрын бітелуі мен иіс сезудің жоғалуын қоса, олармен байланысты симптомдарда, 18 жастан асқан емделушілерде

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.

- мұрын спрейі мұрын шырышты қабығының емделмеген жергілікті жұқпасы болғанда пай-даланылмауы тиіс

- стероидтардың жаралар жазылуын тежейтін әсері болғандықтан, таяуда мұрын операция-сын немесе жарақатын өткерген емделушілер жедел кезеңінде мұрын спрейін пайдаланбау-лары тиіс

Жиі

- қолданған орынның тітіркенуі, күйдіру, қышыну, түшкіру, мұрыннан қан кету

- мұрын шырышты қабығының ойық жаралы өзгерістері

- бас ауыру

- фарингит

Сирек

- ентігу, бронх түйілуі

Өте сирек

- иіс, дәм сезудің бұзылуы

- анафилактикалық реакциялар, ангионевроздық ісіну

- мұрын қалқасының тесілуі

Мұрынға қолдануға араналған.

Момат Рино, мұрын спрейін алғаш қолданар алдында дозалағыш құрылымды 10 рет басу арқылы оның “калибрленуін” жүргізу қажет.

"Калибрлеуден" кейін дәрілік заттың стереотипті берілуі белгіленеді, бұл ретте әрбір ба-суда құрамында 50 мкг мометазон фуроаты (бір доза) болатын шамамен 100 мг суспензия шығарылады. Егер мұрын спрейі 14 күн бойы немесе одан ұзақ пайдаланылмаған болса, қайталап «калибрлеу» қажет.

Әрбір пайдаланудың алдында спрей құтысын қаттырақ сілку қажет.

Маусымдық немесе жыл бойына созылатын аллергиялық ринит

Ересектер (егде емделушілерді қоса) және 12 жастағы және одан асқан балалар: әдеттегі ұсынылатын доза әрбір танауға күніне бір рет екі бүркуді құрайды (50 микрограмм / доза) (жалпы доза 200 мкг). Емдік әсерге қол жеткізгеннен кейін демеуші ем үшін тәулігіне 1 рет әр танауға бір бүркуге дейін төмендеткен дұрыс (жалпы доза 100 мкг).

Препаратты ұсынылатын емдік дозада қолданумен ауру симптомдарын азайту мүмкін бол-маса, тәуліктік дозаны әрбір танауға тәулігіне 1 рет көп дегенде 4 бүркуге дейін арттыру-ға болады (жалпы тәуліктік дозасы 400мкг). Ауру симптомдары азайғаннан кейін дозаны төмендету керек.

6-дан 11 жасқа дейінгі балалар: ұсынылатын доза әрбір танауға тәулігіне 1 рет (жалпы тәуліктік доза 100 мкг) 1 бүркуді (50 мкг) құрайды.

Клиникалық әсерінің басталуы препаратты алғаш қолданудан кейін 12 сағат ішінде бай-қалады.

Мұрын полиптері және мұрын бітелуі мен иіс сезудің жоғалуын қоса, олармен байланысты симптомдар

18 жастағы емделушілерден бастап (оның ішінде егде жастағы емделушілер үшін) – ұсы-нылатын доза әрбір танауға тәулігіне 2 рет 2 бүркуді (50 мкг) құрайды (жалпы тәуліктік доза - 400 мкг). Клиникалық әсеріне қол жеткізгеннен кейін әрбір танауға тәулігіне 1 рет 2 бүркуге дейін дозаны азайту ұсынылады (жалпы тәуліктік доза - 200 мкг).

Әзірге Момат Рино спрей 50мкг/доза 120доз Гленмарк Индия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
3385 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
3385 ₸  
3
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
3385 ₸  
7
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
3385 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
3385 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
3385 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
3385 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
3385 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады