Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Викасол 1% 1мл №10амп Дарница

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Менадион
Фармакологиялық топ:
Гемостатиктер
Элемент коды::
4823006404049
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- қанауда және сарғаюға негізделген гипопротромбинемия аясында, жедел гепатиттерде, қылтамырлар және паренхиматозды қан кетулер кезінде

- хирургиялық араласулар мен жараланудан кейін

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы кезіндегі қан кетуде

- жедел сәуле ауруының айқын симптомдарынде

- ұзаққа созылған мұрын және геморроидалдық қан кетуде

- шала туған балалардағы геморрагиялық құбылыстарда

- жатырдан климакс алдында және ювенильді қан кетуде

- өздігінен қанағыштықта

- операцияға дайындық, операциядан кейінгі кезеңде қан кету қаупі болса, сепсистік ауру-лар аясындағы геморрагиялық құбылыстар кезінде

- қан кетуде және фенилин, неодикумарин, басқа да антикоагулянттар – К витамині антаго-нистерінің артық дозалануына негізделген гипопротромбинемияда

- препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- гиперкоагуляция, тромбоэмболия

- жаңа туған нәрестелердегі гемолитикалық ауру

- глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- ауыр бауыр жеткіліксіздігі.

- бет гиперемиясы, тері бөртпесі (соның ішінде эритематозды түрі, есекжем), терінің қышуы, бронхтың түйілуі

- гемолитикалық анемия, іштен туа біткен глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы бар жаңа туған балаларда немесе Е витамині жеткіліксіз пациенттерде гемолиз, тромбоэмболия

- артериялық қысымның транзиторлы төмендеуі, тахикардия, тамырдың соғу ырғағының әлсіз білінуі

енгізілген жердегі реакциялар: енгізілген жердің ауыруы мен ісінуі, белгілі бір жерге инъекцияны қайталағанда тері түсінің дақ түрінде өзгеруі. Викасол жергілікті склеродер-мияны туындатуы мүмкін

басқалары: гипербилирубинемия, сарғаю (соның ішінде емшектегі балалардағы ядролық сарғаю), бас айналу, ағыл-тегіл тер, тахикардия, дәм сезінудің өзгеруі, ыстықтау сезімі

Препаратты бұлшықет ішіне енгізеді.

Ересектерге бір реттік доза –10мг, ең жоғары бір реттік доза –15мг, ең жоғары тәуліктік доза – 30мг.

Емдеу ұзақтығы – 3-4 күн, 4 күндік үзілістен кейін қажет болғанда курсты қайталайды.

Күшті паренхиматозды қан кету болуы мүмкін хирургиялық араласымдарда операция алдын-да 2-3 күн бойы тағайындайды.

Балаларға: 1 жасқа дейін – тәулігіне 2-5мг, 1-2 жас – тәулігіне 6мг, 3-4 жас –тәулігіне 8мг, 5-9 жас – тәулігіне 10 мг, 10-18 жас – тәулігіне 15 мг. Дозаны 2 енгізуге бөледі.

Емдеу ұзақтығын дәрігер белгілейді.

Әзірге Викасол 1% 1мл №10амп Дарница пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады