- дерматофиттер мен ашытқылық немесе зеңдік саңырауқұлақтар әсерінен туындаған дерматомикоздарда, онихомикоздарда
- зеңдік кератитте
жүйелік микоздарда: кандидозда, криптококкозда (криптококктық менингитті қоса есеп-тегенде), гистоплазмозда, споротрихозда, паракокцидиоидомикозда, бластомикозда тері мен шырышты қабықтардың зақымданулары бар микоздарда (соның ішінде вульвагинальді кан-дидозда)
- кебек тәрізді теміреткіде
итраконазолға немесе қандай да болсын қосымша заттарына жоғары сезімталдық Микогал ® препаратымен емдеу кезінде келесі дәрілік препараттарды қолдануға болмайды («Дәрі-лермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз):
CYP3A4-пен метаболизденетін, QT аралығын ұзарта алатын препараттарды, мысалы, асте-мизолды, бепридилді, цизапридті, дофетилидті, левацетилметадолды (левометадилді), ми-золастинді, пимозидті, хинидинді, сертиндолды және терфенадинді.
Оларды бір мезгілде қабылдау осы дәрілік заттардың плазмадағы концентрацияларын жоғарылатуы мүмкін, бұл QT аралығын ұзартады, ал сирек жағдайларда - пируэтті- қа-рыншалық тахикардияны туындатады.
CYP3A4 метаболизденетін, ловастатин және симвастатин сияқты ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін
триазоламды және мидазоламның пероральді дәрілік түрлерін
қастауыш алкалоидтарын, дигидроэрготамин, эргометрин (эргоновин), эрготамин және
метилэргометрин (метилэргоновин) сияқты
нисолдипинді
Микогал ® капсулалары қарыншалық функциясының бұзылу белгілері бар, мысалы, жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі (СЖЖ) немесе сыртартқысында СЖЖ бар емделушілерге, өмірге қауіп төндіретін немесе басқа да ауыр жұқпаларды емдеу жағ-дайларынан басқасында, тағайындалмауы тиіс. «Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз.
жүктілік және лактация кезеңі
18 жасқа дейінгі балалар
Микогал ® қабылдап жүрген, бала көтере алатын жастағы әйелдер контрацепцияның тиісті әдістерін пайдалануы тиіс. Тиімді контрацепция Микогал ® препаратымен емдеуді аяқтағаннан кейін алғашқы етеккір кезеңінде де жалғастырылуы тиіс.
Өте сирек (<1/10 000), жекелеген мәлімдемелерді қоса есептегенде.
- лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения
- сарысулық ауру, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық, анафилактоидтық және аллергиялық реакциялар
- гипертриглицеридемия, гипокалиемия
- шеткергі нейропатия, парестезия, гипестезия, бас ауыру, бас айналу
- көрудің бұлдырауы және көмескіленуі, диплопия
- құлақтың шуылы/шыңылдауы, естуден өткінші немесе біржолата айырылу
- жүрек қызметінің іркілген жеткліксіздігі
- ентігу, өкпелердің ісінуі
- панкреатит, іштің ауыруы, құсу, диспепсия, жүректің айнуы, диарея, іш қату, тәбеттің нашарлауы, дәмнің бұзылуы
- бауыр ферменттерінің қайтымды жоғарылауы, гепатит, бауырдың ауыр уытты зақымы, соның ішінде өліммен аяқталған бауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі жағдайлары
- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, денеге жайылған жедел эк-зантематозды пустулез, көп пішінді эритема, эксфолиативті дерматит, лейкоцитокласты васкулит, есекжем, алопеция, фотосезімталдық, бөртпе, қышыну
- миалгия, артралгия
- поллакиурия, несепті ұстай алмау
- етеккір оралымының бұзылулары, эректильді функциясының бұзылуы
- ісіну, қызба
Микогал ® препаратын тамақтанудан кейін ішке қабылдаған жөн.
Көрсетілімдеріне қарай ұсынылатын дозалары
Қолданылуы Дозасы Емдеу ұзақтығы
Вульвовагинальді кандидоз 200 мг тәул. 2 рет 1 күн
200 мг тәул. 1 рет 3 күн
Кебек тәрізді теміреткі 200 мг тәул. 1 рет 7 күн 15 күн
Тегіс терінің дерматомикоздары 200 мг тәул. 1 рет 7 күн
100 мг тәул. 1 рет 15 күн
Зеңдік кератит 200 мг тәул. 1 рет 21 күн
Қол ұштары, табан тері жабындарының зақымданулары 15 күн бойы тәулігіне 100 мг до-зада қосымша емдеуді талап етеді
Оральді кандидоз 100 мг тәул. 1 рет 15 күн
Жүйелік микоздарда микогалды дозалау режимі:
Аспергиллез 200 мг тәул. 1 рет 2-5 ай
Кандидоз 100 мг-200мг тәул. 1 рет 3 аптадан 7 айға дейін
Криптококкоз 200 мг тәул. 1 рет 2 айдан 1 жылға дейін
Криптококктік менингит 200 мг тәул. 2 рет 2 айдан 1 жылға дейін
Гистоплазмоз 200 мг-нан бастап 8 ай тәул. 1 рет
200 мг-ға дейін тәул. 2 рет
Споротрихоз 100 мг тәул. 1 рет 3 ай
Паракокцидиомикоз 100 мг тәул. 1 рет 6 ай
Хромомикоз 100 мг-200мг тәул. 1рет 6 ай
Бластомикоз 100 мг тәул. 1 рет 6 ай
200мг тәул. 2 рет
Онихомикоздарда пульс-терапияны мына сызба бойынша жүргізеді:
Онихомикоздар- 1-ші 2-ші, 3-ші, 5-ші 6-шы, 7-ші, 9-шы дың орналасуы апта 4-ші апта апта 8-ші апта апта
Табан тырнақ 200 мг Микогалды 200 мг Микогалды 200 мг пластиналарының тәулігі- қабылдау- тәулігі- қабылдау- тәулігі- зақымданулары қол не 1 рет дан бос не 2 рет дан бос не 2 рет ұштары тырнақ апталар апталар пластиналарының зақымдануымен немесе зақымдануынсыз
Қол ұшы тырнақ 200 мг Микогалды 200 мг - - пластинкаларының тәулігі- қабылдау- тәулігі- зақымдануыне 2 рет дан бос не 2 рет апталар
Онихомикоздарда үздіксіз емдеу курсын тәулігіне 1 рет 200 мг-нан 3 ай бойы немесе тәулігіне 2 рет 200 мг-нан 1 апта бойы емдеу курсына жүргізуге болады.