Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кеналог 40мг 1мл №5амп Бристол-Майерс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Триамцинолон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
00987875652?
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

 Буын ішіне қолдану: буындардың ауыруын жеңілдету, ревматоидты артритпен және остеоартритпен, қабыну компонентімен байланысты ісіну мен буынның қимыл шектелісін азайту үшін; сонымен бірге бурсит, эпикондилит, тендовагинитте.

Бұлшықет ішіне қолдану: жүйелі кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдеу қажет болғанда: аллергиялық жай-күйлер, мысалы, бронх демікпесі, маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит. Маусымдық аллергияда дәстүрлі емге жауап бермейтін пациенттер бұлшықет ішіне бір реттік инъекция алған бүкіл кезең ішінде симптомдар ремиссиясына жете алады Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз); эндокринді бұзылыстар, мысалы, бастапқы немесе салдарлы адренокортикальді жеткіліксіздік. Коллагеноздар, мысалы, демеуші еммен ЖҚЖ жекелеген жағдайларының немесе жедел ревмокардиттің өршу кезеңінде; дерматологиялық аурулар, мысалы, сулы бөртпе, ауыр дерматит және Стивенс-Джонсон синдромы; ревматизмдік, асқазан-ішектік немесе тыныс алу бұзылыстарықысқа мерзімді қосымша ем ретінде; гематологиялық бұзылулар, мысалы, жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолиздік анемия; ісік аурулары, мысалы, лейкоз және лимфомаларды паллиативті бақылау; бүйрек аурулары, жедел интерстициальді нефрит, аздаған өзгерістері бар нефроздық синдром немесе жегілік нефрит сияқты.

 

 

 

 -         препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық 

-         жүйелі инфекциялар, егер инфекцияға қарсы нақтылы ем пайдаланылмаса

-          вена ішіне, қабық астына, эпидуральді немесе көз ішіне инъекция арқылы енгізу

-         6 жасқа дейінгі балаларға 

 

 

 

 

Төменде ағзалар жүйесі кластары және жиілігі бойынша жағымсыз әсерлер тізімі берілген: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін); жиі емес (≥1/1000-нан 6 <1/100 дейін); сирек (≥1/10,000-нан <1/1000) дейін; өте сирек (≥1/10,000); белгісіз (қолжетімді деректер бойынша бағалауға болмайды).

Ағзалар жүйелерінің класы

Жиілігі

MedDRA терминдері

 

Жиі

 

Инфекциялық және паразиттік аурулар

 

инфекция

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

 

бас ауыру

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

 

буындардың ауыруы

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар

 

препаратты енгізген жердегі реакция

 

Жиі емес

 

Инфекциялық және паразиттік аурулар

 

инъекция орнындағы стерильді абсцесс,

жасырын инфекция,

туберкулез,

кандидоз,

вирустық көз инфекциясы,

вирустық зеңді инфекция,

ринит

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

 

анафилактоидтық реакция,

анафилаксиялық реакция,

анафилактоидтық шок

Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар

 

кушингоид

адренальді супрессия,

салдарлы адренокортикальді жеткіліксіздік,

гипофиз гипофункциясы

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

 

натрий іркілісі,

сұйықтық іркілуі,

гипокалиемиялық алкалоз,

гипергликемия,

қант диабетін жеткіліксіз бақылау,

кальций тапшылығы,

тәбеттің артуы

Психика бұзылулары

 

психиатриялық симптом,

депрессия,

эйфориялық

көңіл-күй,

көңіл-күйдің

түсіп кетуі,

психоздық бұзылыс,

тұлға өзгерісі.

ұйқысыздық,

дәріге тәуелділік,

психиатриялық бұзылыс,

эпилепсия,

ашушаңдық,

суицидтік ойлар,

психоздық бұзылыс,

үрейлену,

когнитивті бұзылыс,

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

 

құрысулар,

синкопе,

қатерсіз бассүйекішілік гипертензия,

неврит,

парестезия,

бассүйекішілік жоғары қысым,

бас айналу,

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

 

соқырлық,

катаракта,

глаукома,

экзофтальм,

мөлдір қабықтың тесілуі, көру жүйкесі дискісінің ісінуі

Есту мүшесі және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

 

вертиго

Жүрек тарапынан бұзылулар

 

іркілісті жүрек жеткіліксіздігі,

аритмия

Тамырлар тарапынан бұзылулар

 

гипертония,

эмболизм,

тромбофлебит,

некроздаушы васкулит,

гипотензия,

қызару

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

 

пептидті ойық жара,

пептидті ойық жараның тесілуі,

пептидті ойық жарадан қан кету,

панкреатит,

іштің кебуі,

ойық жаралы эзофагит,

диспепсия

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

 

 

есекжем,

бөрту,

терінің гиперпигментациясы,

терінің гипопигментациясы,

тері атрофиясы,

терінің құрғауы,

петехиялар,

экхимоз,

эритема,

гипергидроз,

пурпура,

терінің тартылуы,

гирсутизм,

акне тәрізді дерматит,

терінің қызыл жегісі,

Квинке ауруы,

қышыну

Сүйек-бұлшықет жүйесі және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

 

остеопороз,

остеонекроз,

патологиялық сыну,

сыну консолидациясының баяулауы,

сүйек-бұлшықеттің жайсыздануы,

миастения,

миопатия,

бұлшықет атрофиясы,

бой өспей қалу,

нейрогенді артропатия,

миалгия

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

 

глюкозурия

Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар

 

жүйесіз етеккірлер,

менопаузадан кейінгі қан кету

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі бұзылулар

 

синовит,

ауыру,

инъекция орнының тітіркенуі,

инъекция салған жердегі жайсыздық,

әлсіздік,

жазылудың баяулауы,

гипертермия

Зертханалық және аспаптық деректер

 

қанда калий мөлшерінің төмендеуі,

ЭКГ өзгерістері,

көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі,

теріс азотты теңгерім,

көзішілік қысымның көтерілуі,

зертханалық сынақтар ықпалы,

дене салмағының азаюы,

қандағы кальцийдің аномальді мөлшері,

жалпы ақуыздың аномальді мөлшері

Жарақаттар және уланулар

 

омыртқа бағанының компрессиялық сынуы

 Күдік тудыратын жағымсыз реакциялар бойынша есептілік

Дәрілік затты тіркеуден кейін болжанатын жағымсыз реакциялар бойынша есеп беру маңызды рөл атқарады. Есептілік дәрілік заттың пайда және қауіп арақатынасы мониторингін жалғастыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлерден осы нұсқаулық соңында көрсетілген байланыс деректері бойынша «сары» карта сызбасы арқылы кез келген болжанатын жағымсыз реакциялар жөнінде хабарлау өтініледі.

 

 

 

 

 Кеналог® 40 препараты ТЕК буынішілік/бұлшықетішілік инъекцияларға арналған. Басқа енгізу жолдарының қауіпсіздігі мен тиімділігін әлі анықтауға тура келеді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз). Қатаң түрде асептикалық сақтану шараларын қадағалау керек. Әсер ету ұзақтығы ауыспалы шама болып табылатындықтан, келесі дозаларын белгіленген уақыт аралықтары өткенде емес, симптомдар басылғанда енгізу керек.

Буынішілік инъекция: буын ішіне енгізгенде немесе қынап сіңірлеріне және сіңір қалталарына инъекция жасағанда, Кеналог® 40 дозасы аурудың  нозологиялық түріне қарай, шағын буындар үшін 5 мг-ден 10 мг (0,125-0,25 мл) дейін және ірі буындар үшін 40 мг (1,0 мл) дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Бірнеше буын патологияларында бірнеше бөлікке салынатын бір реттік инъекциялар (80 мг дейін) спецификалық емес реакциялар туғызбайды.

Бұлшықетішілік инъекция: тері астындағы май атрофиясы қаупіне жол бермеу үшін тура бөксе бұлшықетіне бұлшықетішілік инъекцияны терең енгізу маңызды. Осы мақсатқа дельта тәрізді бұлшықетті пайдалануға болмайды. Келесі инъекциялар үшін баламалы орындарды пайдалануға болады.

Ересектер және 12 жастан асқан балалар

Бөксе бұлшықетінің сыртқы жоғарғы шаршысына енгізуге ұсынылатын бастапқы доза 40 мг (1,0 мл) құрайды. Келесі дозалануы пациент реакциясына және симптомдардың жеңілдеу кезеңіне байланысты. Дәстүрлі емге жауап бермейтін пішен қызбасымен немесе тозаңдық демікпемен науқастарда бір реттік 40-100 мг дозадан соң, аллергия  симптомдары білінген уақыт есебімен, бүкіл тозаңды маусым кезеңі бойына симптомдар ремиссиясы болуы мүмкін Айрықша нұсқаулар және сақтану шаралары» бөлімін қараңыз).

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерді емдеуді, әсіресе, ұзақ мерзімді ем кезінде кәрілік жастағы кортикостероидтардан болатын жиі жағымсыз әсерлерінің едәуір күрделі зардаптарын, әсіресе, остеопороз, қант диабетін, гипертония,  инфекцияға сезімталдық және терінің жұқаруын ескерумен жоспарлау керек. Өмірге қауіпті реакциялардан сақтану үшін клиникалық бақылау қажет.

 

 

6-12 жастағы балалар

Ұсынылатын бастапқы 40 мг доза (симптомдар ауырлығымен, баланың жасы және салмағымен өлшей отырып, 1,0 мл бөксе бұлшықетіне терең енгізіледі). Кеналог® 40 алты жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды. Кортикостероидтармен ұзақ уақыт емдегенде балалардың өсуі мен дамуын мұқият бақылап отыру керек. Балаларда желшешек, қызылша немесе басқа  инфекциялық аурулар болғанда сақ болу керек Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз)

Триамцинолонды тоқтату

Кеналог® 40 препаратын физиологиялық мөлшерлерінен артық (үш апта ішінде бір инъекциядан көп) қабылдаған пациенттерде препарат күрт тоқтатылмауы тиіс. Дозаны азайтып, ал қабылдаулар арасындағы үзілісті ол кем дегенде үш аптаға жеткізілгенше 40 мг-ден аспайтын дозаға дейін арттыру керек, өйткені жүйелі кортикостероид дозасы төмендейді. Ауру белсенділігін клиникалық бағалау керек болуы мүмкін.

Егер қайталану ықтималдығы аз деп саналса, жүйелі кортикостероидпен қысқа мерзімді емдеуді күрт тоқтату мақсатқа сай. Үш апта ішінде қайталанбайтын бір реттік дозасының пациенттердің көпшілігінде гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездері жүйесінің клиникалық мәнді бәсеңдеуіне әкелуі екіталай. Дегенмен де, жүйелі кортикостероидтармен емдеуді біртіндеп тоқтату пациенттердің келесі топтарында ескерілу керек:

-         жүйелі кортикостероидтардың қайталанатын курстарынан өткен пациенттер

-         Кеналог® 40 курсы ұзаққа созылатын (айларға немесе жылдарға) емді тоқтатудан кейін бір жыл ішінде тағайындалғанда

-         кортикостероидтармен экзогенді емнен өзгешеленетін адренокортикальді жеткілік-сіздікке себептері болуы мүмкін пациенттер.

 

 

Әзірге Кеналог 40мг 1мл №5амп Бристол-Майерс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады