Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Трамадол 50мг/мл 2мл №5амп Ланнахер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Трамадол
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
9003576000833
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- орташа және қатты қарқындылықтағы ауыру синдромы

- трамадол гидрохлоридіне немесе басқа апиындарға, препараттың қосымша компоненттеріне жоғары се-зімталдық

- тыныс алудың тарылуымен немесе орталық жүйке жүйесінің айқын бәсеңдеуімен қатарлас жүретін жай-күй (алкогольмен, тыныштандырғыш препараттармен, есірткілік анальгетиктермен, психотроптық препа-раттармен улану)

- моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі екі апталық кезең

- шығу тегі белгісіз сананың бұзылуы

- тыныс алу орталығының дисфункциясы, тыныс алу функциясының бұзылуы

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз)

- ауыр дәрежедегі бүйрек функциясының жеткіліксіздігі

- есірткілерді тоқтату синдромы

- бақыланбайтын эпилепсия

- жасанды тыныс алу жүргізілмеген, бассүйек-мидың жоғары қысымымен қатарлас жүретін жай-күй

- апиынға тәуелділік

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Өте жиі (>1/10)

- бас айналуы

- жүрек айнуы

Жиі (>1/100 - <1/10)

- бас ауыруы

- сананың тұмандануы

- ауыздың құрғауы, құсу, іш қату

- қатты тершеңдік

- қатты қажығыштық

Жиі емес (>1/1000-<1/100)

- жүрек қағуы, тахикардия, ортостаздық гипотензия, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі

- құсқысы келу, гастроинтестинальді тітіркену (мысалы, асқазандағы ауырлық сезімі, метеоризм), диа-рея

- терінің қышынуы, бөртпе, есекжем

Сирек (>1/10000- <1/1000 )

- елестеулер, сананың шатасуы

- ұйқының бұзылуы, түнгі шым-шытырық түстер

- эйфория, кейде дисфория

- белсенділіктің өзгеруі (әдетте төмендеуі, кейде жоғарылауы)

- когнитивтік және сенсорлық қабылдаудың (мысалы, шешім қабылдау үдерісі, қабылдау бұзылыстары) өзгеруі

- дәріге тәуелділік

- тәбеттің өзгеруі

- парестезия, тремор

- тыныс алудың бәсеңдеуі

- церебральді генез құрысулары (бір уақытта нейролептиктер тағайындалғанда барлығында дерлік жағдайларда байқалды)

- бұлшықеттің еріксіз жиырылуы, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы

- естен тану, брадикардия, артериялық гипертензия

- эпилепсия түріндегі ұстамалар

- көру өткірлігінің төмендеуі

- ентігу

- бұлшықет әлсіздігі

- несеп шығарудың бұзылуы (несеп бөлудегі қиналыстар, дизурия және несеп іркілуі)

- аллергиялық реакциялар (диспноэ, бронх түйілуі, қырыл, ангионевроздық ісіну), анафилаксия,

Өте сирек (<1/10 000)

- бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы 

Бірлі-жарым жағдайларда

- сұйықты жұту кезінде қиналу

Ұсынылатын дозаны елеулі жоғарылатқан жағдайда немесе орталық жүйке жүйесіне әсер ететін басқа да препараттарды бір уақытта қолданғанда тыныс алудың бәсеңдеуі байқалуы мүмкін.

Эпилепсия түріндегі ұстамалар негізінен Трамадолды жоғары дозаларда қолданғаннан кейін немесе құрысуға дайындық шегін төмендететін препараттарды бір уақытта пайдаланғанда орын алды.

Брон демікпесімен зардап шегетін науқастарда жағдайы нашарлауы мүмкін.

Алайда оның Трамадолды қолданумен себепті байланысы анықталған жоқ.

Тоқтату симптомдары апиындарды пайдаланғанда осыған ұқсас. Бұл симптомдарға мыналар кіреді: ажитация, үрейлену, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы, гиперкинезия, тремор және асқазан-ішек симп-томатикасы кіреді.

Трамадолды тоқтатқан кездегі өте сирек орын алған басқа симптомдарға мыналар жатады: үрейлі ша-буылдар, ауыр мазасыздану, елестеулер, парестезия, құлақтағы шуыл.

Трамадол Ланнахер дәрігердің тағайындауымен қолданылады, препараттың дозалау режимі ауыру син-дромының айқындығына және науқастың сезімталдығына байланысты жекелей таңдалады. Емдеу ұзақ-тығы жекелей анықталады, препаратты емдік тұрғысынан расталған мерзімнен асыра тағайындауға бол-майды. Трамадол Ланнахер вена ішіне (инфузияға арналған үйлесімді ерітіндімен сұйылтқаннан кейін ба-яу инъекция немесе инфузиялау), бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізуге арналған.

Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға вена ішіне енгізуге арналған әдеттегі бір реттік доза трама-дол гидрохлоридінің 50 мг құрайды. Қажет болғанда, тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда қайталанатын инъекцияларды 30-60 минуттан кейін 50 мг бір реттік дозада енгізуге болады.

Қатты ауырғанда жоғары доза (100 мг трамадол гидрохлориді) тағайындалуы мүмкін. Ең жоғары тәулік-тік доза 400 мг құрайды.

Трамадол инфузиясы үшін үйлесімді ерітінділер мыналар: натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісі, Рингер ерітіндісі немесе 5% глюкоза ерітіндісі.

Бұлшықет ішіне немесе тері астына енгізгенде. Инъекцияға арналған ерітінді 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттерде, сондай-ақ, бауыр және/немесе бүйрек функциясының бұзылулары бар нау-қастарда енгізулер арасындағы аралықты арттыру қажет.

Аурудың сипатына және күрделілігіне байланысты трамадолдың көмегімен ауыру синдромын ұзақ мерзім-ді емдеу қажет етілген кезде қосымша ем қажет пе және қандай дәрежеде екенін анықтау мақсатында мұ-қият және ұдайы мониторинг (қажет болғанда емдеу үзілістерімен) жүргізу керек.

Әзірге Трамадол 50мг/мл 2мл №5амп Ланнахер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады