Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Димедрол 50мг №10таб Химфарм

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Дифенгидрамин
Фармакологиялық топ:
Жүйелік әсер ететін басқа да антигистаминдік препараттар.
Элемент коды::
4870114008812
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Антигистаминді препарат ретінде:

- тағам аллергиясы аясындағы аллергиялық конъюнктивитте,

- есекжем және ангионевротикалық ісіну кезінде болатын терінің жеңіл, асқынбаған аллергиялық реак-цияларында,

- қандағы немесе сарысудағы аллергиялық реакциялар қарқынын азайту үшін

- дерматографизмде

- анафилактикалық реакцияларды емдеу үшін эпинефоринмен және жедел жағдайды басудан кейінгі басқа шаралармен кешенді емде.

Әуе және теңіз ауруы кезінде алдын алатын және емдік дәрі ретінде.

Паркинсонға қарсы дәрі ретінде.

Күшті әсер ететін препараттар қолдану мүмкіндігі жоқ егде жастағы адамдарда паркинсонизмді (соның ішінде дәрі-дәрмектік); басқа жас топтарында паркинсонизмнің жеңіл ағымын (соның ішінде дәрі-дәрмек-тік), паркинсонизмді орталықтан әсер ететін холиноблокаторлармен біріктіріп (соның ішінде дәрі-дәрмек-тік) емдеу үшін.

Ұйқының уақытша бұзылуларын симптоматикалық емдеу үшін.

- препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жабық бұрышты глаукома

- қуық асты безінің гипертрофиясы

- асқазан мен он екі елі ішектің стеноздаушы ойық жарасы

- қуықтың мойын стенозы

- бронх демікпесі

- эпилепсия

- жүктілік және лактация кезеңі

- 6 жасқа дейінгі балаларға

Жиі (>1/100-ден <1/10-ға дейін)

- жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, зейіннің нашарлауы, жүріс-тұрыс орнықсыздығы

- ауыздың кеберсуі

Белгісіз

- тері бөртпесі, есекжем, анафилактикалық шок ангионевротикалық ісіну

- сананың шатасуы, парадоксты қозу (мысалы, мазасыздық, күйгелектену), әсіресе, егде жастағы ем-делушілерде

- құрысулар, парестезиялар, дискинезиялар

- бас ауыру

- анық көрмеу

- құлақтың шуылдауы

- тахикардия

- бронх сөлінің қоюлануы, мұрынның бітелуі, кеуде қуысының тарылуы

- жүрек айну, құсу, анорексия, іш қату сияқты асқазан-ішек бұзылыстары

- қиналыспен, жиі несеп шығару, несептің іркілісті бөлінуі

- агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия

- тершеңдік, қалтырау, фотосенсибилизация

Дәрігер тағайындауы бойынша препарат ішке қолданылады.

Ересектерге: тәулігіне 3-4 рет 25-50 мг (½ - 1 таблетка).

Ұйқының уақытша бұзылуында (ұйқысыздық) ересектер мен 16 жастан асқан балаларға: ұйықтар алдында 20 минут бұрын 50 мг (1 таблетка).

Шайқалудан жүрек айнудың алдын алу үшін әуелі сапарға шыққанша 30 минут бұрын ½ - 1 таблет-ка, артынан дәл осындай дозаны тамақ ішер алдында және сапар аяқталар алдында қабылдайды.

Ересектер үшін ең жоғары дозалары: бір реттік - 100 мг, тәуліктік - 250 мг.

6 жастан асқан балаларға: күніне 3-4 рет қабылдауға 12.5-25 мг (1/4 – ½ таблетка).

Ең жоғары тәуліктік дозасы 300 мг-ден аспауы тиіс.

12 жасқа дейінгі балаларға ұйықтататын дәрі ретінде қолдануға болмайды!

Емдеу курсы: 3-5 күн, ұзақ уақыт емдеу мәселесін емдеуші дәрігер шешеді.

Әзірге Димедрол 50мг №10таб Химфарм пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады