Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ацикловир-АКОС 200мг №20таб Синтез

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 20
Белсенді зат:
Ацикловир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
765ё348?098097
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- терінің және шырышты қабықтың жай герпесінде (алғашқы және қайталама)

- генитальді герпесте (алғашқы және қайталама)

- белдемелі теміреткіде (белдемелі герпесте)

- желшешекте (әдеттегідей бөртпе пайда болғаннан кейінгі алғашқы 24 сағатта)

- айқын иммунитет тапшылығы бар науқастарда (оның ішінде трансплантациядан кейін, им-мунодепрессивтік дәрілік заттар қабылдағанда, химиятерапия аясындағы АИТВ-жұқтырған пациенттерде)

Ацикловирге, валацикловирге жоғары сезімталдығы бар пациенттерге Ацикловир-АКОС дә-рілік затын тағайындауға болмайды.

Өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), жиі емес (>1/1,000, <1/100), сирек (>1/10,000, <1/1,000), өте сирек (<1/10,000). Осы жағымсыз құбылыстар әсіресе бүйрек жеткіліксіз-дігі бар пациенттерде айқындалған.

Жиі

- бас ауыруы, бас айналу,

- жүрек айну, құсу, диарея, іштің ауыруы

- қышыну, бөртпе, оның ішінде фото сенсибилизация

- тез шаршау, температураның жоғарылуы

Жиі емес

- есекжем, жылдам диффузиялық шаш түсу (Ацикловирді қабылдаумен байланыстылығы дәлелденбеген, көбіне ауру ағымының көптеген түрленуімен және препараттарды көп мөлшерде қабылдаумен астасады)

Сирек

- ентігу

- ангионевроздық ісіну

- билирубин деңгейінің және бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды жоғарылауы

- қандағы мочевина және креатинин концентрациясының жоғарылауы

- анафилаксия

Өте сирек

- анемия, лейкопения және тромбоцитопения

- гепатит, сарғаю

- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, бүйректік ауырулар

- үрей, абыржушылық, тремор, атаксия, дизартрия, елестеулер, психоздық симптомдар, конвульсия, ұйқышылдық, энцефалопатия, кома (бұл симптомдар қайтымды болып келеді және әдетте бүйрек жеткілікісіздігі бар немесе басқа да бейімдейтін факторлармен паци-енттерде байқалады).

Препарат ішке, таблетканы судың жеткілікті мөлшерімен іше отырып қабылданады.

Ересектерге дозалануы

Қарапайым герпес (Herpes simplex virus) вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу

Препаратты 5 күн бойы түнгі үзіліспен әрбір 4 сағат сайын тәулігіне бес рет 200 мг дозада қабылдау керек. Ауыр жағдайда емдеуді ұзартады.

Иммунитеті төмен (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялағаннан кейін) немесе асқазан ішек жолынан сіңудің бұзылыстарымен пациенттерге дозаны 400 мг-ге дейін арттыруға болады (препаратты вена ішіне енгізуді де қарастыруға болады). Диагнозды анықтаған-нан кейін емді барынша ертерек бастау керек. Инфекция қайталанған кезде әсіресе емді продромальді кезеңде немесе теріде алғашқы өзгеріс байқалғаннан кейін дереу бастаған маңызды.

Иммунитеті бұзылмаған пациенттерде қарапайым герпесті (Herpes simplex virus) супрес-сивті емдеу

Дәрілік препаратты әрбір 6 сағат сайын тәулігіне төрт рет 200 мг-ден тағайындайды.

Пациенттердің көбінде әрбір 12 сағат сайын тәулігіне екі рет 400 мг-ден препаратты қабылдау тиімді немесе ыңғайлы болуы мүмкін.

Әрбір 8 сағат сайын тәулігіне үш рет 200 мг-ге дейін дозаны біртіндеп төмендету немесе тіпті әрбір 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет те тиімді болуы мүмкін.

Кейбір пациенттерде препаратты қабылдауға реакция 800 мг құрайтын дәрілік өнімнің жалпы тәуліктік дозасын тағайындағаннан кейін байқалады.

Препаратпен емдеуде ауру ағымында өзгерістің болу ықтималдығын анықтау мақсатында 6-дан 12 айға дейін үзіліс жасалуы мүмкін.

Иммунитеті бұзылмаған пациенттерде қарапайым герпестің (Herpes simplex virus) профи-лактикасы

Дәрілік препаратты әрбір 6 сағат сайын тәулігіне төрт рет 200 мг-ден тағайындайды.

Иммунитеті төмендеген пациенттерге (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан соң) немесе асқазан-ішек жолынан сіңуі бұзылуында дозаны 400 мг-ге дейін арттыруға бола-ды.

Профилактикалық емдеу ұзақтығы қауіп кезеңінің ұзақтығымен анықталады.

Желшешек және белдемелі теміреткі (Varicella-Zoster virus) вирустары туындатқан инфек-цияны емдеу

Дәрілік препаратты түнгі үзіліспен әрбір 4 сағат сайын тәулігіне бес рет 800 мг-ден таға-йындайды. Емдеу ұзақтығы 7 күн.

Иммунитеті төмендеген пациенттерге (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан соң) немесе асқазан-ішек жолынан сіңуі бұзылуында препаратты вена ішіне енгізуге болу мүмкіндігін қарастыру керек.

Емдеуді инфекция симптомдары көрініс бергеннен кейін жедел бастау керек. Желшешекте де және белдемелі теміреткі жағдайында да бөртпенің пайда болу сәтінен бастап препа-ратты қабылдағаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде емдеудің жақсы нәтиже бергені байқалды.

Балаларға дозалануы

Иммунитеті бұзылмаған пациенттерде қарапайым герпес (Herpes simplex virus) вирусы туындатқан инфекцияны емдеу 2 жастағы және одан үлкен балалар дозаны ересек пациенттердегідей алулары тиіс. Екі жасқа дейінгі балаларға ересектерге арналған дозаның жартысын тағайындайды.

Желшешек вирусы туындатқан инфекцияны емдеу

- 6 жастағы және одан үлкен балаларға: тәулігіне 800 мг төрт рет,

- 2-ден 5 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 400 мг төрт рет.

- 2 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 200 мг төрт рет.

Дозаны дене салмағының 20 мг/кг есебінен (ең жоғарғы дозаға дейін – 800мг) тәулігіне төрт рет нақты анықтауға болады. Емдеу ұзақтығын 5 күнге жалғастыру керек.

Иммунитет тапшылығы бар балаларда қарапайым герпес немесе шелшешек вирусы туын-датқан инфекцияны суппрессивті емдеуде ерекшелігі жөнінде деректер жоқ.

Егде пациенттерде дозалау

Егде жастағы пациенттерде бүйрек функциясының бұзылу қаупін ескеру және тиісінше препараттың дозасын таңдау керек (бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозалануын қара).

Бұл пациеттерде сұйықтықтың орны толуын қадағалау керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде ацикловирді қолданғанда сақтық таны-ту ұсынылады. Бұл пациеттерде сұйықтықтың орны толуын қадағалау керек.

Орташа және ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияны емдеуде немесе вирустық инфекцияны профилактика-лауда ұсынылатын пероральді дозада қолдану препаратты вена ішіне енгізу кезінде қаупсіз деп танылғанға қарағанда жоғары концентрацияда организмде ацикловирдің жинақталуына әкелмейді. Алайда бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз) пациенттерге әрбір 12 сағат сайын тәулігіне екі рет 200 мг-ге едйін дозаны азайту ұсынылады.

Желшешек және белдемелі теміреткі вирусы туындатқан инфекцияны емдеу кезінде ор-таша бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 10-25мл/мин) пациенттерде әрбір 8 сағат сайын тәулігіне үш рет 800 мг-ге дейін дозаны азайту ұсынылады, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 10 мл/мин) пациенттерде әрбір 12 сағат сайын тәулігіне екі рет 800 мг-ге дейін дозаны азайту ұсынылады

Әзірге Ацикловир-АКОС 200мг №20таб Синтез пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады