Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Диферелин р-р 3,75мг №1 Ипсен

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Трипторелин
Фармакологиялық топ:
Ісікке қарсы гормональді препараттар
Элемент коды::
2700000205730
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
46 065 ₸
Бонустарды сатып алу: 460.65
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- қуық асты безінің обырында

- менопаузалық жастағы әйелдердегі сүт безінің обырында

- мезгілінен бұрын жыныстық жетілуде (8 жасқа дейінгі қыздарда және 10 жасқа дейінгі ұлдарда)

- генитальді және экстрагенитальді эндометриозда

- жатыр фибромиомасында (хирургиялық араласымдар алдында)

 

- әйел бедеулігінде (экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасында)

Препаратты тек бұлшықет ішіне енгізеді.

Қуықасты бездерінің обыры

Диферелин® әрбір 4 апта сайын 3,75 мг дозада ұзақ уақыт енгізіледі. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер әрбір пациент үшін жеке анықтайды.

Сүт бездерінің обыры

Диферелин® әрбір 4 апта сайын 3,75 мг дозада ұзақ уақыт енгізіледі. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер әрбір пациент үшін жекелей белгілейді.

Мезгілінен бұрын жыныстық жетілу

- дене салмағы 20 кг аз балаларға: әрбір 4 апта сайын (28 күн) бұлшықет ішіне дозаның жартысы (1/2), яғни қалпына келтірілген суспензия көлемінің жартысын енгізу.

- дене салмағы 20-дан 30 кг дейінгі балаларға: әрбір 4 апта сайын (28 күн) бұлшықет ішіне дозаның үштен екісін (2/3), яғни қалпына келтірілген суспензия көлемінің үштен екісін енгізу.

- дене салмағы 30 кг-ден жоғары балаларға: әрбір 4 апта сайын (28 күн) бұлшықет ішіне бір доза, яғни қалпына келтірілген суспензия көлемінің барлығын енгізу.

Эндометриоз

Диферелин® әрбір 4 апта сайын 3,75 мг дозада енгізіледі. Емді етеккір оралымының бастапқы бес күнінде бастау қажет. Емнің ұзақтығы эндометриоздың ауырлық дәрежесіне және ем кезінде байқалатын клиникалық өзгерістерге (функционалдық және анатомиялық) байланысты. Емдеу курсы ең аз дегенде 4 ай жүргізілуі тиіс, бірақ 6 айдан артық болмау керек. Трипторелинмен немесе басқа да гонадотропин-рилизинг гормонының аналогтарымен екінші емдеу курсын қолдану ұсынылмайды.

Жатыр фибромиомасында (хирургиялық араласымдар алдында) - Диферелин® әрбір 4 апта сайын 3,75 мг дозада енгізіледі. Ем етеккір оралымының бастапқы бес күнінде басталуы тиіс. Емдеу курсының ұзақтығы 3 айдан аспауы керек.

Әйел бедеулігі

Диферелин® әдетте оралымның екінші күні 3,75 мг дозада енгізіледі. Гонадотропинмен біріктіру гипофиздің десенситизациясынан кейін (қан плазмасындағы эстрогендер концентрациясы 50 пг/мл-ден төмен), әдетте Диферелин® 3,75 мг препаратының инъекциясынан кейін 15-ші күні жүргізіледі.

Препаратты енгізу жөніндегі нұсқаулық

Препараттың бір қаптамасында бұлшықетішілік енгізуге және бір пациентке бір реттік инъекция жүргізуге арналған бір доза бар.

Ұнтақтың суспензиясы тура енгізер алдында, оның жанына қоса салынған еріткіште құтының ішіндегіні біртекті қоспа алғанша сақтықпен араластыру арқылы, дайындалуы тиіс.

Әдетте инъекциядан кейін шприцте суспензияның көп мөлшерде қалып қойып, толық жасалмаған инъекция жағдайларының орын алғанын мәлімдеп отыру қажет.

Енгізу нұсқаулыққа қатаң сәйкес түрде жүзеге асырылуы тиіс.

1 – ПАЦИЕНТТІ ДАЙЫНДАУ

- Пациент етпетінен жатуы керек, бөксе терісі залалсыздандырылуы тиіс.

2 –ИНЪЕКЦИЯНЫ ДАЙЫНДАУ

- Лиофилизат бетінде көпіршіктің болуы препараттың сыртқы қалыпты түрі болып табылады.

 

 

- Ампуланың мойнын сындырыңыз (нүктесі алдыңғы жағында).

- Инесі бар шприцке еріткішті түгел құйып алыңыз.

 

- Құты қақпағындағы жасыл қалпақшаны алып тастаңыз.

- Еріткішті лиофилизаты бар құтыға құйыңыз.

 

- Инені сұйықтықтың деңгейінен жоғары ұстаңыз. Инені құтыдан шығармаңыз.

 

- Құтыны төңкермей, біртекті қоспа алғанша араластырыңыз.

- Суспензияны құйып алар алдында ішінде түйіртпектің жоқтығына көз жеткізіңіз (түйіртпек болған жағдайда ол толық біртектіленгенше араластыруды жалғастырыңыз).

Әзірге Диферелин р-р 3,75мг №1 Ипсен пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
46065 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
46065 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады