Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Солу-Медрол 250мг №1фл лиоф.д/приг.р-ра д/инъек.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Шөлмек
Белсенді зат:
Метилпреднизолон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
4034541003066
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Эндокриндік ауруларда

 бүйрек үсті бездерінің алғашқы және салдарлы жеткіліксіздігі (қажет болса, минерало-кортикоидтармен бірге)

 бүйрек үсті бездерінің жедел жеткіліксіздігі (қажет болса, минералокортикоидтармен бірге)

 бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі салдарынан болатын шок, немесе бүйрек үсті без-дері жеткіліксіздігінің болуы мүмкін кездерде әдеттегі әдістермен жасалатын ем дарымай-тын шок (минералокортикоидтар белсенділігі қажет емес кезде)

 бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі анықталған немесе күдік тудырған науқастарда операция алдындағы кезеңде, ауыр жарақат немесе қатты ауру жағдайында

 бүйрек үсті бездерінің туа біткен гиперплазиясы

 жеделге жуық тиреоидит

 онкологиялық ауру аясындағы гиперкальциемия

Қысқа мерзімді қосымша емдеу түрінде өршу кезіндегі ревматизм ауруларында

 жарақаттанудан кейінгі остеоартрит

 остеоартроз кезіндегі синовит

 ревматоидты артрит, Стилл-Шоффар ауруы

 жедел және жеделге жуық бурсит

 эпикондилит

 жедел спецификалық емес тендосиновит

 жедел подагралық артрит

 псориаздық артрит

 шорбуынданатын спондилоартрит

Дәнекер тіннің диффузиялық аурулары (коллагеноздар) және иммундық кешендер ауру-лары (өршу кезінде немесе демеуші ем ретінде)

 жүйелі қызыл жегі және жегілі нефрит

 жедел ревмокардит

 дерматомиозит (полимиозит)

 нодозды периартериит

 Гудпасчер синдромы

Дерматологиялық аурулар

 пемфигус (күлбіреуік)

 ауыр мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы)

 эксфолиативті дерматит

 ауыр псориаз

 герпес тәрізді буллезді дерматит

 ауыр себореялық дерматит

 зең тәрізді микоз

Аллергиялық аурулар (ауыр немесе мүгедектікке ұшырататын аллергиялық жай- күйлерді бақылау мақсатында, аллергияға қарсы дәстүрлі ем тиімсіз болғанда)

 бронх демікпесі

 жанаспалы дерматит

 атопиялық дерматит

 сарысу құю ауруы

 маусымдық немесе жыл бойғы аллергиялық ринит

 дәрілік препараттарға аса жоғары сезімталдық

 қан құюдан кейінгі есекжем

 көмейдің жедел жұқпалы емес ісінуі

Көз аурулары (соның ішінде ауыр сипаттағы жедел және созылмалы аллергиялық/қабыну үдерістері)

 көздің Herpes zoster түрі (көздің белдемелі ұшығы)

 ирит, иридоциклит

 хориоретинит

 диффуздық артқы увеит және хориоидит

 көру жүйкесінің невриті

 симпатикалық офтальмия

 алдыңғы сегмент қабынуы

 аллергиялық конъюнктивит

 мөлдір қабықтың аллергиялық шеткі ойық жарасы

 кератит

Асқазан-ішек жолының аурулары (аурудың қатерлі шектегі кезеңдерін бақылау мақсатын-да)

 спецификалық емес ойық жаралы колит

 жергілікті энтерит

Респираторлық аурулар

 симптоматикалық саркоидоз

 бериллиоз

 фульминантты немесе диссеминацияланған туберкулез (туберкулезге қарсы химиялық еммен біріктіріп)

 басқа әдістермен емдеуге келмейтін Леффлер синдромы

 аспирациялық пневмонит

 АИВ жұқтырған емделушілердегі орташа немесе ауыр дәрежелі пневмоцистік пневмония (Pneumocystis jiroveci) (алғашқы 72 сағатта негізгі пневмонияға қарсы емдеуге қосымша ем ретінде)

 өкпенің созылмалы тарылу ауруларының өршуі (ӨСТА)

Қан аурулары

 жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолитикалық анемия

 ересектердегі идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура (тек к/і енгізу; б/і енгізу қарсы көрсетілімді)

 ересектердегі салдарлы тромбоцитопения

 эритробластопения (эритроцитарлы анемия)

 тұқым қуалайтын (эритроидты) гипопластикалық анемия

Неопластикалық аурулар (паллиативті ем)

 ересектердегі лейкоздар мен лимфомалар

 балалардағы жедел лейкоз

 обырдың терминалдық сатысындағы науқастарда өмір сүру сапасын жақсарту

Ісіну синдромы

 уремиясыз нефротикалық синдромы бар науқастарда диурезді көтермелеу және протеи-нурия ремиссиясына жету

Жүйке жүйесінің аурулары

 алғашқы немесе метастаздық ісіктен болатын немесе хирургиялық әлде сәулелі еммен байланысты ми ісінуі

 жайылған склероз өршуі

 жедел жұлын жарақаты: емдеу жарақат алғаннан кейін алғашқы 8 сағат ішінде басталу керек

 субарахноидты бөгеті бар немесе бөгет қатер төндіретін туберкулез менингиті (туберку-лезге қарсы тиісті химиялық еммен үйлестіріп)

Басқа да көрсетілімдер

 жүйке жүйесі немесе миокард зақымдалатын трихинеллез

 ағзалар трансплантациясы

 онкологиялық ауруларға орай жасалған химиялық еммен байланысты болатын жүрек айну мен құсудың алдын алу

 

 

- метилпреднизолонға немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- жүйелі зеңді жұқпалар

- жедел және жеделге жуық миокард инфарктісі

- 3 жасқа дейінгі сәбилер (осы препарат құрамында шала жаңа туған нәрестелерде

- өліммен аяқталатын «тұншығу синдромын», 3 жасқа дейінгі сәбилерде уытты және аллер-гиялық реакциялар туындататын бензил спирті бар)

- интратекальді (қабықішілік) қолдану

- эпидуральді енгізу жолы

- тірі немесе әлсіретілген вакциналарды және кортикостероидтардың

- иммуносупрессорлық дозаларын бір мезгілде қолдану

 

 

Төменде аталған препарат енгізудің қарсы көрсетілімді жолдарын пайдалану кезінде мы-надай қолайсыз реакциялар туралы хабарламалар алынған: интратекальді немесе эпиду-ральді енгізу: арахноидит, асқазан-ішек жолы тарапынан функционалдық бұзылу/қуық дисфункциясы, бас ауыру, менингит, парапарез/параплегия, құрысулар және сенсорлы бұзылулар. Осы қолайсыз реакциялардың пайда болу жиілігі белгісіз.

- жұқпалар, оппортунистік жұқпаларды қоса

- лейкоцитоз

- дәрілерге аса жоғары сезімталдық, анафилактоидтық және анафилактикалық реакция-ларды қоса

- кушингоид, гипопитуитаризм және препарат қолдануды тоқтатқан кездегі асқынулар

– «стероидты синдром»

- глюкозаға төзімділіктің төмендеуі, дислипидемия, гипокалиемиялық алкалоз, диабетпен науқастарда инсулинге немесе ішуге арналған қант төмендететін препараттарға қажет-ті-ліктің артуы, организмдегі натрий мен сұйықтық іркілісі, теріс азоттық теңгерім (ақуыздық катаболизммен байланысты), қанда мочевинаның көбеюі, тәбет арту (салмақ қосуға ұла-сатын), липоматоз

- аффектілі психикалық бұзылыстар (аффектілі құбылу, депрессиялық көңіл-күй, эйфо-рия, дәріге тәуелділік, суицидтік ойларды қоса), психоздар (мания, сандырақтау, елес-теулер, шизофренияны қоса, сананың тұмандануы, ментальді бұзылыстар, үрейлену, тұлғалық өзгеру, эмоциялық құбылу, қалыпсыз мінез-құлық, ұйқысыздық, ашушаңдық)

- бассүйекішілік қысымның көтерілуі (көру жүйкесі дискісінің ісінуімен, қатерсіз бассүйе-кішілік гипертензия), құрысулар, амнезия, когнитивті бұзылыстар, бас айналу, бас ауыру, эпидуральді липоматоз

- экзофтальм, глаукома, катаракта, көзішілік қысымның көтерілуі, орталық серозды хори-оретинопатия

- вертиго (тепе-теңдік сезімінің бұзылуы)

- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі (қауіп тобы емделушілерінде), аритмия

- гипертония, гипотония

- ықылықтау

- асқазаннан қан кету, ішектің тесілуі, пептидтік ойық жара (пептидтік ойық жараның тесілу мүмкіндігімен және қан кетумен), панкреатит, перитонит, эрозиялы эзофагит, эзофагит, іштің ауырулары, іштің керуі, диарея, диспепсия, жүрек айну

- ангионевротикалық ісіну, шеткергі ісіну, экхимоз, геморрагиялар, тері атрофиясы, тері стриялары, терінің гипопигментациясы, гирсутизм, бөртпе, эритема, қышыну, есекжем, безеу, гипергидроз

- остеонекроз, патологиялық сыну, бой өсу кідірісі, бұлшықеттер атрофиясы, миопатия, остеопороз, нейропатиялық артропатия, артралгия, миалгия, бұлшықет әлсіздігі, сіңірлер-дің жарылуы, омыртқаның компрессиялық сынуы

- етеккір оралымының бұзылуы

- жаралардың баяу жазылуы, препарат енгізген жердегі реакциялар

- шаршау, дімкәстану

- аланинаминотрансаминазаның, аспартатаминотрансаминазаның жоғарылауы, қанда сіл-тілік фосфатазаның ұлғаюы, көзішілік қысымның көтерілуі, карбогидраттарға төзімділіктің төмендеуі, қанда калийдің кемуі, несепте кальций мөлшерінің көбеюі, теріге жасалатын тестілерде баяулаған реакциялар

 

 

СОЛУ-МЕДРОЛДЫ  көктамырішілік (к/і), бұлшықетішілік (б/і) инъекция түрінде немесе к/і инфузия түрінде енгізуге болады. Кейін шегеруге болмайтын жай-күйлерде препаратты көктамыр ішіне енгізу ұсынылады. Ұсынылған дозалау жөніндегі деректер

1 кестеде көрсетілген.

Балаларға тәулігіне 0,5 мг/кг-ден аспайтын өте төмен дозалар, яғни әр 24 сағат сайын енгізген жөн, алайда дозаны таңдағанда алғашқы кезекте науқастың жасы мен дене салмағын емес, ахуал ауырлығын және емге жауап беру реакциясын есепке алады.

Ерітінділер әзірлеу

Парентеральді енгізуге арналған препараттарды, мүмкіндігінше, түсінің өзгеруі немесе бөлшектерінің пайда болуы тұрғысынан көзбен қарап тексеру керек. 

Құтылардың екі типін пайдалану жөнінде нұсқау (біріншісі – препараттың өзін және сұйылтқышын бөлек сақтауға арналған екі жеке бөлікті құты; екіншісі – оған тікелей ине және онымен бірге сұйылтқыш салынады):

а) Екі ыдысты Act-O-Vial  құтысы

1. Қорғағыш қалпақшасын алып, жүріс шектегішін тоқсан градусқа бұрыңыз да, қысыңыз. Әріқарай сұйықтық құтының төменгі бөлігіне ағады.

2. Құтыны ішіндегі ұнтақ ерігенше абайлап шайқаңыз.

3. Тығынның ортасын жауып тұрған пластик дискіні алып тастаңыз.

4. Тығынның бетін тиісті антисептикпен өңдеңіз.

5. Инемен тығынның ортасын иненің ұшы көрініп тұратындай етіп тесіңіз.

Құтыны айналдырып, ерітіндінің қажетті мөлшерін еккішпен тартып алыңыз.

б) Құты

Асептиканы сақтаумен, лиофилизаты бар құтыға еріткіш енгізіңіз. Арнайы еріткішті ғана пайдаланыңыз.

в) Көктамырішілік инфузияға арналған ерітінділер дайындау

Ерітіндіні жоғарыда көрсетілгендей етіп әзірлеңіз. Препаратты, сондай-ақ, препараттың бастапқы ерітіндісін 5  сулы декстроза ерітіндісімен, физиологиялық ерітіндімен, 0,45

 немесе 0,9  натрий хлориді ерітіндісіндегі 5 декстроза ерітіндісімен араластыру арқылы алынған сұйылтылған ерітінділер түрінде енгізуге де болады. Дайындалған ерітінділер 48 сағат бойы физикалық және химиялық тұрғыдан тұрақты.

Метилпреднизолонның басқа дәрілік заттармен үйлесімсіздігіне жол бермеу, сондай-ақ, оның тұрақтылығын сақтау үшін, мүмкіндігінше препаратты бөлек пайдалану ұсынылады. К/і енгізуге арналған пакетті немесе к/і енгізуге арналған «пегги-бэк» типіндегі пакетті орналастыру үшін жеке бөлік қажет болады.

 

Әзірге Солу-Медрол 250мг №1фл лиоф.д/приг.р-ра д/инъек. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады