Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Гидрокортизона ацетат сусп. 2,5% 2мл №10амп Фармстандарт-Биолек

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Инъекцияға арналған суспензия
Белсенді зат:
Гидрокортизон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
01111??297987987
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- остеоартритте

- моноартрозда

- ревматоидты артритте

- бурситте.

- әсер етуші заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық

- жұқпа жұқтырған буын

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- тромбофлебиттер және тромбоэмболиялық құбылыстар

- эпилепсия, психикалық аурулар

- артериялық гипертензияның ауыр түрлері, жүрек қызметінің қалпына келмеуі, жедел эндокардит

- остеопороз

- жүктілік және лактация кезеңі

- қант диабеті, Иценко-Кушинг синдромы

- ЖИТС, туберкулездің белсенді түрлері

- жүйелік зең аурулары

- жедел жұқпалы аурулар

- ахилл сіңірі аурулары

- бүйрек жеткіліксіздігі

- вакцинация кезеңі

- 3 жасқа дейінгі балалар

- алдында артропластиканың болуы, патологиялық қанағыштық (эндогендік немесе антикоагулянттар қолданудан туындаған)

- сүйектің буынішілік сынуы, буындағы жұқпалы (септикалық) қабыну үдерісі және периартикулярлы жұқпалар (оның ішінде сыртартқыдағы), сондай-ақ жалпы жұқпалы ауру, буын маңының айқын остео-порозы, буында қабыну белгілерінің болмауы («құрғақ» буын деп аталатын, мысалы, синовитсіз остео-артроз кезінде), сүйектің айқын деструкциясы және буын деформациясы (буын саңылауының күрт та-рылуы, анкилоз), артриттің нәтижесі ретінде буынның тұрақсыздығы, буындарды қалыптастыратын сү-йек эпифиздері асептикалық некрозы.

Стероидты препаратты буын ішіне қолданғанда ісіну немесе инъекция орнының ауыруы жағымсыз құбылыстардың бірі болып табылады. Әдетте бұл құбылыс препаратты енгізгеннен кейін бірнеше сағаттан соң өздігінен қайтады.

Гидрокортизон ацетаты суспензиясын ұзақ және бақылаусыз қолданғанда барлық кортикостероидтарға тән болып саналатын жағымсыз реакциялар (жүйелік әсері) байқалуы мүмкін.

Су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы: организмде натрий және сұйықтықтың іркілуі; гипокалие-мия, гипокалиемиялық алкалоз; жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия.

Сүйек-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар: асептикалық некроз; стероидты миопатия; остео-пороз; балалар өсуінің кідіруі.

Ас қорыту жолы тарапынан бұзылулар: тесілуі мен қан кетуі ықтимал пептикалық ойық жара; асқазаннан қан кету; панкреатит; эзофагит; тәбеттің жоғарылауы, жүрек айну, құсу.

Дерматологиялық бұзылулар: гирсутизм, гипопигментация, жара жазылуының баяулауы, тері атро-фиясы, стриялар, безеу, терінің қышуы, фолликулит, тітіркену, құрғау, терінің жұқаруы және жоғары сезімталдығы, тері қылтамырларының кеңеюі.

Метаболикалық бұзылыстар: теріс азот теңгерімі.

Неврологиялық бұзылыстар: көру жүйкесі ұшының ісінуі бар бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (іркілісті жүйке ұшы симптомы); психикалық бұзылыстар; құрысулар, бас айналу, бас ауыру, ұйқысыз-дық, қозу, эйфория, депрессия.

Эндокриндік бұзылулар: бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі, әсіресе ұзақ қолданғанда немесе үлкен дозада қолданғанда; Иценко-Кушинг синдромы; көмірсуға төзімділіктің төмендеуі және инсулин-ге немесе пероральді гипогликемиялық препараттарға қажеттіліктің жоғарылауы; балаларда жыныстық дамудың кідіруі; етеккір оралымының бұзылуы.

Офтальмологиялық бұзылулар: көзішілік қысымның жоғарылауы, глаукома; экзофтальм; мөлдір қабық ойық жарасы; балаларда катарактаның даму ықтималдығы артады.

Басқалар: оппортунистік жұқпалар, латентті туберкулездің өршуі, лейкоцитоз, аса жоғары сезімтал-дық, тромбоэмболия, өзін нашар сезіну; жекелеген жағдайларда аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Тоқтату синдромы: дене температурасының жоғарылауы, миалгия, артралгия, бүйрек үсті безі қыртысы функциясының бәсеңдеуі.

Егде жаста кортикостероидты емнің жағымсыз әсерлері қарқынды байқалуы мүмкін.

Қолданар алдында ампуланың ішіндегісін гомогенді суспензия түзілгенше сілкиді.

Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға: бір реттік дозасы буынның өлшеміне және аурудың ауыр-лығына қарай – буын ішіне және периартикулярлы 5-50мг гидрокортизон.

24 сағат ішінде ересектерге үш буыннан көп жерге инъекция салуға болмайды.

3 жастан бастап балаларға: гидрокортизонның бір реттік дозасы буынның өлшеміне және аурудың ау-ырлығына қарай – буын ішіне және периартикулярлы 5-30 мг.

Препаратты буын ішіне енгізген кездегі емдік әсері 6-24 сағат ішінде басталады және бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін сақталады. Препаратты 3 апта өткен соң қайталап енгізуге болады.

Препаратты тікелей сіңірлерге енгізуге болмайды, сондықтан тендинитте препаратты сіңір қынабына енгі-зу керек.

Препаратты жүйелі кортикостероидтық ем үшін қолдануға болмайды.

Әзірге Гидрокортизона ацетат сусп. 2,5% 2мл №10амп Фармстандарт-Биолек пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады