Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Дексаметазон 4мг/мл 2мл №10амп Белмедпрепараты

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Дексаметазон
Фармакологиялық топ:
Глюкокортикостероидтар.
Элемент коды::
4810133008677
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- препаратты пероральді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда

- жылдам әсер ететін глюкокортикостероидты енгізуді талап ететін аурулар

- буынның айқын қабынуында (инфекциядан басқа), әдеттегі ем тиімсіз болса, сондай-ақ синовитпен және жалқықпен (синовиальді сұйықтықтың аспирациясынан кейін) басқа жағдайларда – шокта (күйіктік, жарақаттық, операциялық, уыттық)

-фиброзды-тығыздалған фолликулитте, сақина тәрізді гранулемада, саркоидозда

- мидың ісінуінде

- аллергиялық реакцияларда

-эметогенді химиотерапия жүргізу кезінде лоқсудың және құсудың профилактикасында

- жаңа туған балалардың респираторлық дистресс-синдромында

- бүйрек үсті безі қыртысының жедел жеткіліксіздігінде

- бронх демікпесінде

- тиреотоксикоздық кризде

- жедел гепатитте

- бауыр комасында

 

 

- өмірлік көрсеткіштер бойынша қысқа уақытта қолдану үшін жалғыз қарсы көрсетілімі аса жоғары сезім-талдық болып табылады.

- буын ішіне енгізу үшін: бұдан бұрынғы артропластикада, патологиялық қан кетуде (эндогенді немесе антикоагулянттар қолданғандықтан), сүйектің буынішілік сынығында, буынның инфекциялық (сепсистік) қабыну үдерісінде және периартикулярлық инфекцияларда (соның ішінде сыртартқысында), сондай-ақ жалпы инфекциялық ауруларда, айқындалған буын маңайы остеопорозында, буында қабыну белгілерінің болмауында, ("құрғақ" буын деп аталады, мысалы, синовитсіз остеоартроз кезінде), сүйектің айқын деструкциясында және буынның деформациясында (буын саңылауының кенеттен тарылуы, анки-лоз), артриттің нәтижесі ретінде буынның тұрақсыздығында, сүйектер эпифиздері буындарында қалып-тасқан асептикалық некрозында

 

 

Жағымсыз әсерлердің даму жиілігі және айқындығы қолдану ұзақтығына, қолданылатын дозаның көлеміне және тағайындалған циркадты ырғақты сақтау мүмкіндігіне байланысты.

- глюкозаға төзімділіктің кемуі, "стероидты" қант диабеті немесе латентті қант диабетінің манифестациясы, бүйрек безі функциясын бәсеңдету, Иценко-Кушинг синдромы (ай тәрізді бет әлпеті, гипофизарлық түрдегі семіру, гирсутизм, артериялық қысымның жоғарылауы, дисменорея, аменорея, миастения, стриялар), балалардың жыныстық дамуының кідіруі

- тәбеттің жоғарылауы немесе төмендеуі, метеоризм, ықылық ату, жүрек айнуы, құсу, панкреатит, асқазанның және 12-елі ішектің "стероидты" ойық жарасы, эрозивті эзофагит, асқазан-ішек жолынан қан кетуі және оның тесілуі. Сирек жағдайларда - "бауырдың" трансаминазаларының және сілтілі фосфатазасы белсенділігінің артуы

- аритмия, брадикардия (жүректің тоқтап қалуына дейін);

созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің айқындылығының дамуы (бейім пациенттерде) немесе күшеюі, ги-покалиемияға тән электрокардиограммадағы өзгерістер, артерияық қысымның жоғарылауы, гиперко-агуляция, тромбоздар. Жедел және жай өрбитін миокард инфарктымен ауыратындарда - некроз оша-ғының таралуы, тыртық тінінің қалыптасуының баяулауы, бұл жүрек бұлшықетінің жыртылуына әкелуі мүмкін.

- делирий, бағдардан жаңылу, эйфория, елестеулер, маниакальді-депрессивті психоз, депрессия, пара-нойя, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, күйгелектік немесе мазасыздық, ұйқысыздық, бас айна-лу, вертиго, мишықтың жалған ісігі, бас ауыруы, құрысу

- көзбен көру қабілетін кенеттен жоғалту (басқа, мойынға, мұрынға, бастың терісіне парентеральді енгізу кезінде көздің қан тамырларында препарат кристалдарының жиналып қалуы мүмкін), артқы субкапсулярлы катаракта, көру жүйкесінің зақымдану мүмкіндігімен көзішілік қысымның жоғарылауы, көздің салдарлы бактериялық, зеңдік немесе вирусты инфекциялардың дамуына бейімділік, мөлдір қабықтың трофикалық өзгерістері, экзофтальм

- Ca 2+ көп бөлінуі, гипокальциемия, дене салмағының артуы, теріс азотты теңгерім (ақуыздардың көптеп ыдырауы), қатты тершеңдік.

Минералокортикостероидты белсенділікпен шартталған – сұйықтықтың және Na + іркілуі (шеткергі ісінулер), гипернатриемия, гипокалиемиялық синдром (гипокалиемия, аритмия, миалгия немесе бұлшықеттің түйілуі, әдеттегіден тыс әлсіздік және қажығыштық)

- балаларда өсуінің және сүйектену үдерісінің баяулауы (өсудің эпифизарлық аумағының уақытынан бұрын жабылып қалуы), остеопороз (өте сирек – сүйектің патологиялық сынықтары, иық және жамбас сүйектері басының асептикалық некрозы), бұлшықет сіңірлерінің үзілуі, "стероидты" миопатия, бұлшы-қет массасының азаюы (атрофия)

- жараның баяу жазылуы, петехиялар, экхимоздар, терінің жұқаруы, гипер-немесе гипопигментация, стероидты секпіл, стриялар, пиодермияның және кандидоздың дамуына бейімділік

- аллергиялық реакциялар: жайылған (тері бөртпесі, терінің қышуы, анафилактикалық шок), жергілікті аллергиялық реакциялар

- инфекциялардың дамуы немесе күшеюі (мұндай жағымсыз әсердің пайда болуына иммунодепрес-санттар мен вакцинацияны бірге жасау әсер етеді), лейкоцитурия, "тоқтату" синдромы

- парентеральді енгізу кезіндегі жергілікті реакциялар: күйдіру, ұйып қалу, ауыру, енгізу орнындағы парестезиялар және инфекциялар, сирек –айналадағы тіндердің некрозы, инъекция орнында тыртық пайда болу; б/і ішіне енгізу кезінде терінің және тері асты шелінің атрофиясы (әсіресе дельта тәрізді бұлшықетке енгізу қауіпті). К/і енгізу кезінде: аритмия, қанның бетке "тебуі", құрысу. Интракраниальді енгізу кезінде – мұрыннан қан кету. Буын ішіне енгізу кезінде – буында ауырудың күшеюі

 

 

Көктамыр ішіне (к/і), бұлшықет ішіне (б/і), буын ішіне, периартикулярлы.

Ересектерге жедел және шұғыл жағдайларда к/і ақырын, сорғалатып немесе тамшылатып немесе бұлшықет ішіне 4-20 мг дозада тәулігіне 3-4рет енгізеді. Ең жоғарғы бір реттік дозасы – 80 мг. Демеуші дозасы –тәулігіне 0,2-9 мг. Емдеу курсы 3-4 күн, содан кейін дексаметазонды пероральді қолдануға көшеді.

Балаларға – б/і, 0,02776-0,16665 мг/кг дозада, 12-24 сағат сайын.

Буын ішіне енгізгенде ұсынылған доза бір рет, 0.4 мг-ден 4 мг-ге дейін.

Буынішілік инъекцияларды 3-4 айдан соң қайталауға болады; препаратты бір жыл бойы сол буынға ең көбі 3-4 рет енгізу керек; препаратты 2 буынға бір мезгілде енгізуге болады. Тым жиі қолдану буын шеміршегінің зақымдануына әкеледі. Препараттың дозасы зақымдалған буынның көлеміне байланысты. Әдетте үлкен буындарға 2-4 мг, ал кіші буындарға 0.8-1 мг дексаметазон енгізіледі. Синовиальді қапқа енгізілетін дексаметазонның дозалары 2-3 мг құрайды; сіңірдің қынабына енгізілетін дозалар 0.4-1 мг құрайды; сіңірге енгізілетін дозалар 1-2 мг құрайды.

Зақымданған жерге енгізілетін дексаметазонның дозасы буын ішіне енгізілетін дозаға тең. Препаратты ең көбі 2 зақымданған жерге бір мезгілде енгізуге болады.

Буынның айналасындағы жұмсақ тіндерге енгізу үшін 2-ден 6 мг-ге дейін дозаларды қолдану ұсыныла-ды.

Шокта (ересектерге) – к/і бір рет 20 мг, содан кейін 24 сағат ішінде 3мг/кг үздіксіз инфузия түрінде немесе к/і бір рет 2-6 мг/кг, не к/і әрбір 2-6 сағат сайын 40 мг, к/і бір рет 1 мг/кг енгізуге де болады. Әдетте ұзақтығы кемінде 2-3 тәулік болатын шокты емдеу пациенттің хал-жағдайы тұрақталған жағ-дайда тоқтатылады.

Мидың ісінуі кезінде (ересектерге) – к/і 10 мг, содан кейін симптомдары жойылғанға дейін б/і әрбір 6 сағат сайын 4 мг; 2-4 тәуліктен кейін дозаны азайтады және біртіндеп – 5-7 тәулік ішінде – емдеуді тоқтатады.

Аллергиялық аурулар – б/і бірінші инъекцияны 4-8 мг. Бұдан әрі емдеу пероральді дәрілік түрмен жүргізіледі.

Жүрек айнуы және құсу кезінде химиотерапия жүргізу кезінде – химиотерапия сеансына дейін 5-15 минутта к/і 8-20 мг. Бұдан әрі химиотерапия пероральді дәрілік түрді қолданумен жүргізілуі тиіс.

Нәрестелердің респираторлық дистресс-синдромын емдеу кезінде - б/і әрбір 12 сағат сайын 5 мг-ден 4 рет енгізу керек, келесісі жетінші күннен бастап 24 сағат сайын. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы - 80 мг.

Дексаметазонды қолдану ұзақтығы патологиялық үдерістің сипатына және емнің тиімділігіне тәуелді және бірнеше күннен бірнеше айға дейінді және одан көпті құрайды.

Бүйрек безі қыртысының жедел жеткіліксіздігі кезінде (балаларға) б/і тәулігіне 0,0233 мг/кг (0,67 мг/м 2 ) әрбір үшінші тәулікте 3 инъекциядан, немесе күн сайын тәулігіне 0,00776-0,01165 мг/кг (0,233-0,335 мг/м 2 ).

Препаратты кенеттен тоқтатқанда, әсіресе жоғары дозаларды қолданған жағдайда, глюкокортико-стероидтарды тоқтату синдромы дамуы мүмкін:

анорексия, жүрек айнуы, мәңгіру, жайылған бұлшықет-қаңқа ауыруы, жалпы әлсіздік. Ұзақ емнен кейін дозаны өте тез төмендету бүйрек асты безінің жедел жеткіліксіздігіне, артериялық гипотензияға, өлім жағдайына алып келуі мүмкін. Препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойына салыстырмалы бүйрек үсті безі қыртысының жеткіліксіздігі сақталуы мүмкін. Егер бұл кезеңде күйзеліс жағдайлары туындаса, уақытша глюкокортикоидтар, ал қажет болғанда – минералокортикоидтарды тағайындайды.

 

Әзірге Дексаметазон 4мг/мл 2мл №10амп Белмедпрепараты пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады