Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Пирацетам 800мг №30таб Оболенское

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Пирацетам
Фармакологиялық топ:
Психостимуляторлар және ноотроптар
Элемент коды::
4605077007875
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- атап айтқанда, егде адамдардағы жадының төмендеуімен, бас айналуымен, назар шоғырландырудың және жалпы белсенделіктің төмендеуімен, көңіл-күйдің өзгеруімен, мінез-құлықтың бұзылуымен, жүріс-тұрыстың бұзылуымен қатар жүретін психоорганикалық синдромда, сондай-ақ Альцгеймер ауруы мен Альцгеймер түріндегі сенильді деменциясы бар емделушілерде (симптоматикалық ем)

- сөйлеудің бұзылуы, эмоционалдық сфераның, қозғалыстық және психикалық белсенділіктің бұзылуы сияқты ишемиялық инсульттің салдарында

- созылмалы алкоголизмде – психоорганикалық және абстиненттік синдромдарда

- мидың жарақаттардан және уланудан кейін қалпына келу кезеңінде

- бас айналуларын, вазомоторлық және психикалық тектегі бас айналуларын қоспағанда, соған байла-нысты тепе теңдіктің бұзылуында

– кортикальді миоклонияда (моно-немесе жиынтық ем ретінде)

– орақ жасушалы анемияны кешенді емдегенде.

- пирацетамға немесе пирролидон туындыларына, сондай-ақ препараттың басқа да компоненттеріне асқын сезімталдықта

- препарат тағайындаған уақыттағы психомоторлық қозу

- ми қан айналымының жедел бұзылуы (геморрагиялық инсульт)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 20 мл/мин азырақ)

- ажитацияланған депрессия

- Хантингтон ауруы

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жаста

- жүктілік және лактация кезеңі.

- гиперкинездер, тремор, ұйқышылдық, тітіркенгіштік, депрессия, астения

- дене салмағының артуы

- жүрек айнуы, құсу, диарея, тәбет төмендеуі, іш қатуы, іштің ауыруы

- бас айналуы, бас ауыруы, атаксия, тепе теңдік бұзылуы, эпилепсия барысының өршуі, ұйқысыздық

- шатасу, қозу, үрей, елестеулер, жыныстық құштарлықтың артуы

- дерматит, қышыма, бөртпе, ісіну

- артериялық қысымның артуы немесе төмендеуі

- коронарлық жеткіліксіздіктің өршуі (егде емделушілерде).

Ішке тамақ уақытында немесе ашқарынға сұйықтықпен ішіп (су немесе шырын) қабылдауға тағайын-далады. Тәуліктік доза - 30-160 мг/кг, қабылдау ұзақтығы – тәулігіне 2- 4 рет.

Созылмалы психоорганикалық синдромды симптоматикалық емдегенде белгілерінің айқындығына қа-рай 1.2-2.4 г, ал бірінші апта бойына күніне - 4.8 г тағайындайды.

Инсульт салдарын емдегенде тәулігіне 4.8 г тағайындайды. Алкогольдік абстинентті синдромда - 12 г/тәулік. Демеуші доза тәулігіне 2.4 г.

Бас айналуды және соған байланысты тепе-теңдік бұзылыстарын емдеуге күніне 2.4-4.8 г.

Кортикалды миоклонияны емдеу 7.2г/тәуліктен басталады, әрбір 3-4күн сайын доза 4.8г/тәуліктен 24 г/тәулік - ең жоғарғы дозасына дейін ұлғайтылады.

Емдеу ауырудың барлық кезеңі бойына жалғасады. Әрбір 6 айда дозаны азайтуға немесе препаратты тоқтатуға әр 2 күн сайын 1.2 г дозадан біртіндеп қысқарта отырып, әрекет жасалады. Тиімділік болма-ғанда немесе емдік әсері шамалы болғанда емді тоқтатады.

Орақжасушалы анемияда тәуліктік алдын алушы доза дене салмағының әр келісіне 160мг, тең төртке бөлінген дозаны құрайды.

Бүйрек қызметі бұзылулары бар науқастарды дозалау. Пирацетам ағзадан бүйрек арқылы шығарыла-тын болғандықтан бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарды емдегенде дозалаудың берілген сызбасына сай сақтық жасаған дұрыс.

              Бүйрек                                     Креатинин клиренсі                         Дозалау                 жеткіліксіздігі (мл/мин)

               Норма                                                  >80                                    Әдеттегі доза

               Жеңіл                                                  50-79                     2/3 әдеттегі доза 2-3рет алуға

              Орташа                                                 30-49                     1/3 әдеттегі доза 2 рет алуға

                Ауыр                                                   30-20                     1/6 әдеттегі доза, бір рет

      Терминалды сатысы                                        <20                             Қолдануға болмайды

Егде науқастарда бүйрек жеткіліксіздігі болғанда доза түзетіледі және ұзақ уақыт емдегенде бүйректің функционалдық жай-күйіне бақылау қажет.

Әзірге Пирацетам 800мг №30таб Оболенское пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады