Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Наропин 7,5мг/мл 10мл №5амп

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Неомицин, полимиксин В, дексаметазон, фенилэфрин
Фармакологиялық топ:
Анестетиктер
Элемент коды::
2900000002036
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Хирур­гиялық араласулар кезіндегі жансыздандыру:

- хирур­гиялық араласулар, соның ішінде кесарь тілігі кезіндегі эпи­ду­ральді блокада

- ірі жүйкелерді және жүйке өрімдерінің блокадасы

- жекелеген жүйкелердің блокадасы және инфильтрациялық жанс­ыздандыру

Жедел ауыру синдромын басу:

- ұзартылған эпи­ду­ральді инфу­зия немесе мерзім сайын болюсті енгізу, мысалы, опе­ра­циядан кейінгі ауырсынуды жою немесе босану кезіндегі ауыруды басу үшін

- жекелеген жүйкелердің блокадасы және инфильтрация

- шеткергі жүйкелердің ұзартылған блокадасы

- буынішілік инъекция

Педиатриядағы жедел ауыру синдромын басу:

- 12 жасқа дейінгі балаларды қоса, жаңа туған нәрестелердегі каудальді эпидуральді блокада

- 1-ден 12 жас аралығындағыларды қоса, балалардағы шеткергі жүйкелер блокадасы

 

- 12 жасқа дейінгі балаларды қоса, жаңа туған нәрестелерде ұзартылған эпидуральді инфузия

 

 

- амид типті жергілікті анес­те­ти­ктерге белгілі жоғары сезімталдық.

 

 

Өте жиі (>1/10)

- гипотензия

- жүрек айну

Жиі (>1/100)

- паре­сте­зия, бас айналу, бас ауыру

- бра­ди­кар­дия, тахи­кардия

- гипертония

- құсу

- несеп шығарудың іркілуі

- енгізген жердегі реакциялар (дене тем­пе­ра­ту­расының көтерілуі, қалтырау, арқаның ауыруы)

Жиі емес (>1/1000):

- мазасыздық

- ОЖЖ тарапынан болатын уыттану белгілері (конвульсиялар, ауқымды эпилепсиялық ұстама, құрысулар, жеңіл бас айналу, периоральді парестезия, тілдің ұйып қалуы, гиперакузия, құлақтағы шуыл, көрудің нашарлауы, дизартрия, бұлшықеттің тартылуы, тремор), гипестезия

- синкопе

- ентігу

- жалпы сипаттағы асқынулар және енгізген жердегі реакциялар (гипотермия)

Сирек (<1/10000):

- жүрек тоқтап қалу, аритмия

- аллергиялық реакциялар (ана­фи­лак­ти­калық шок, ангионевротикалық ісіну және есекжем)

 

Наропин препаратты кездейсоқ тамыр ішіне енгізген немесе онымен артық дозаланған кезде жоғары дозаларды пайдаланғанда немесе қандағы препарат концентрациясы жылдам жоғарылағанда жедел жүйелі уыттану реакцияларын туындатуы мүмкін.

 

 

Наропинді аумақтық жансыздандыру жүргізуде жеткілікті тәжірибесі бар мамандар ғана пайдалануы тиіс.

Ересектер мен 12 жастан үлкен балалар

Тұтас алғанда, хирургиялық араласулар кезіндегі жансыздандыру үшін (мысалы, эпидуральді енгізу кезінде) препараттың жоғарырақ дозалары және көбірек концентрацияланған ерітінділері қажет болады. Ауыруды басуда (мысалы, ауыру синдромын басуға арналған эпидуральді енгізу) препараттың төмендеу дозалары мен концентрациялары ұсынылады.

Ересектер үшін Наропин препаратын дозалауға арналған ұсынымдар:

Препарат концентрациясы

(мг/мл)

Ерітіндінің мөлшері

(мл)

Дозасы

(мг)

Әсер ете бастауы

(мин)

Әсер ету ұзақтығы

(с)

Хирургиялық араласулар кезіндегі жансыздандыру:

Бел деңгейінде эпи­ду­ральді жансы­здандыру

Хирургиялық

араласулар

7.5

15 - 25

113 - 188

10 - 20

3 - 5

10.0

15 - 20

150 - 200

10 - 20

4 - 6

Кесарь тілігі

7.5

15 - 20

113 - 150

10 - 20

3 - 5

Кеуде деңгейінде эпи­ду­ральді жансы­здандыру

Операциядан кейінгі ауыруды басатын блокада

7.5

5 - 15

38 - 113

10 - 20

-

Ірі жүйке өрімдерінің блокадасы

Мысалы, иық өрімінің блокадасы

7.5

10 - 40

75 - 300

10 - 25

6 – 10

Өткізгіштік және инфильтрациялық жансыздандыру

7.5

1 - 30

7,5 - 225

1 - 15

2 - 6

Жедел ауыру синдро­мын басу:

Бел деңгейінде эпи­ду­ральді енгізу:

Болюс

2.0

10 - 20

20 - 40

10 - 15

0,5 – 1,.5

Ауық-ауық енгізу

(мысалы, босану кезіндегі ауыруды басқанда)

2.0

10-15

(ең аз аралық -30 минут)

20 - 30

   

Ұзартылған инфузия:

- босану кезіндегі ауыруды басу үшін

2.0

6 - 10 мл/сағ

12 – 20 мг/сағ

-

-

- операциядан кейінгі ауыруды басу үшін

2.0

6 - 14 мл/ сағ

12 – 28 мг/ сағ

-

-

Шеткергі жүйке блокадасы

Ортан жілік жүйкесі блокадасы (инфузиялар немесе инъекциялар)

2,0

5 - 10 мл/ сағ

10– 20

мг/ сағ

-

-

Кеуде деңгейінде эпи­ду­ралді енгізу

Ұзақ инфузия

(мысалы, операциядан кейінгі ауыруды басу үшін)

2.0

6 - 14 мл/ сағ

12 – 28 мг/ сағ

-

-

Өткізгіштік блокада және инфильтрация

2.0

1 - 100

2 - 200

1 - 5

2 - 6

Буын ішіне енгізу

Тізе буынының артро-

скопиясы кезіндегі бір реттік инъекция

7.5

20

150

-

2-6

Кестеде көрсетілген дозалар сенімді блокада үшін қажетті болып саналады және ересектерде қолдануға арналған нұсқау ретінде қарастырылады. Әсер етуінің басталуы мен ұзақтығының әркімде жекеше ауытқитыны байқалады. Сандар күтілетін дозалаулардың орташа ауқымын бейнелейді. Емделушілердің нақты топтарына қойылатын талаптар мен жекелеген бөгелістерді орындау әдістеріне әсер ететін факторлар жөніндегі анықтамалар үшін стандартты нұсқауларды пайдалану керек.

Айрықша нұсқаулар

Егер Наропин жансыздандырудың басқа түрлері үшін қосымша пайдаланылған болса, ең жоғары доза 225 мг-ден аспауы тиіс.

Анес­тетиктің тамырға түсіп кетуін болдырмау үшін препаратты енгізуге дейін және енгізу үдерісінде міндетті түрде аспирациялық сынама жүргізген жөн. Егер препаратты жоғары дозада пайдалану межеленсе, адреналин қосылған 3-5 мл лидокаин тест дозасын енгізу ұсынылады. Тамыр ішіне кездейсоқ енгізу, жүректің жиырылу жиілігінің уақытша ұлғаюына қарай, ал кездейсоқ интратекальді енгізу арқалық бөгеліс белгілері бойынша танылады.

Наропинді енгізуге дейін және енгізу кезінде (оны баяу немесе 25-50 мг/мин жылдамдықпен бірізді енгізілген препарат дозаларын арттыру арқылы жүргізген жөн) емделушінің өмірлік маңызды қызметтерін мұқият бақылап, онымен вербальді қатынас ұстау қажет. Хирургиялық араласу жүргізу үшін эпидуральді блокада кезінде Наропинді 250 мг дейінгі дозада бір рет енгізуді, әдетте, емделушілер жақсы көтерді. Уыттану белгілері пайда болғанда препаратты енгізуді дереу тоқтату керек. Ұзартылған инфузия немесе қайталамалы болюсті енгізу арқылы блокаданы ұзақ уақыт жүргізгенде қанда анес­те­ти­ктің уытты кон­центра­циялары түзіліп, жүйкенің жергілікті зақымдануы мүмкін екенін ескеру керек. Наропинді 24 сағат ішінде 800 мг дозаға дейінгі жиынтықпен хирургиялық араласулар кезінде және операциядан кейін ауыруды басу үшін енгізуді, сондай-ақ операциядан кейінгі 72 сағат бойы 28 мг/сағ. жылдамдықпен ұзартылатын эпи­ду­ральді инфу­зияны ересек емделушілер жақсы көтерген.

Опе­ра­циядан кейінгі ауыруды басу үшін препаратты қолданудың мынадай сызбасы ұсынылады: егер операциялық араласу кезінде эпи­ду­ральді катетер орнатылмаса, оны орнатқаннан кейін Наро­пи­нмен (7,5 мг/мл) эпидуральді блокада орындалады. Анал­ьге­зия Наро­пи­н (2 мг/мл) инфу­зиясы арқылы сақталып тұрады. Көптеген жағдайларда операциядан кейінгі орташадан айқынға дейін болатын ауыруларды басуға арналған 6-14 мл/сағ. (12-28 мг/сағ.) жылдамдықтағы инфу­зия үдемейтін қимыл бөгелісі ең аз талапқа сай аналь­ге­зияны қамтамасыз етеді (осы әдістемені пайдаланғанда апиынды аналь­ге­ти­ктер қажеттілігінің едәуір төмендеуі байқалды). Операциядан кейінгі ауыруды басу үшін Наро­пи­нді (2 мг/мл) 72 сағат бойы фентанилсіз немесе онымен қосып эпи­ду­раль­ді инфу­зия түрінде (1- 4 мкг/мл) үздіксіз енгізуге болады. Наропинді 2 мг/мл (6-14 мл/сағ.) қолданғанда көптеген емделушілерде ауырудың талапқа сай бәсеңдеуі қамтамасыз етілген. Наропинді кесарь тілігінде 7.5 мг/мл-ден жоғары концентрацияда пайдалану зерттелмеген.

Үздіксіз инфузия көмегімен немесе қайталанатын инъекциялар арқылы шеткергі блокада ұзаққа созылғанда плазмадағы препараттың уытты концентрацияға жету, сондай-ақ жүйкенің жергілікті зақымдану қаупін ескеру керек.

12 жасқа дейінгі балалар үшін Наропин препаратын дозалау бойынша ұсынымдар:

Препарат концентрациясы

(мг/мл)

Ерітінді

көлемі

(мл/кг)

Дозасы

(мг/кг)

Жедел ауыру синдро­мын басу (операция алдында және операциядан кейін):

Каудальді эпи­ду­ральді енгізу:

Дене салмағы 25 кг дейінгі балалардағы Т12 төмен аумақтағы блокада.

2,0

1

2

1-12жас аралығындағыларда қоса, балалардағы шеткергі жүйкелер блокадасы:

(мысалы, мықын-шап жүйкесін блокадасы үшін)

5,0

0,6

3

Дене салмағы 25 кг дейінгі балалардағы ұзартылған эпидуральді инфузия

0-ден 6 айға дейінгі жас

     

Болюс*

2,0

0,5 - 1

1 - 2

72 сағатқа дейін созылатын инфузия

2,0

0,1мл/кг/сағ

0,2мл/кг/сағ

6-дан 12 айға дейінгі жас

     

Болюс*

2,0

0,5 - 1

1 - 2

72 сағатқа дейін созылатын инфузия

2,0

0,2мл/кг/ сағ

0,4мл/кг/ сағ

Жас ерекшелігі 1-12 жас аралығындағыларды қоса

     

Болюс**

2,0

1

2

72 сағатқа дейін созылатын инфузия

2,0

0,2мл/кг/ сағ

0,4мл/кг/ сағ

* Ұсынылған аралықтағы кіші дозалар кеуде деңгейінде эпи­ду­ральді енгізу үшін ұсынылады, дәл осы тұста үлкен дозалар бел немесе каудальді деңгейлерде эпидуральді енгізуге ұсынылған.

** Бел деңгейлерінде эпидуральді енгізу үшін ұсынылады. Кеуде деңгейіндегі эпидуральді анальгезия үшін болюсті төмендету негізді болып саналады.

Кестеде көрсетілген дозалар сенімді блокадаға жету үшін жеткілікті деп саналады және педиатриялық тәжірибеде препаратты пайдалануға нұсқау болып табылады. Сонымен бірге бөгелістің даму жылдамдығының және оның ұзақтығының жекеше құбылуы болады.

Дене салмағы шамадан артық балаларда препараттың дозасын біртіндеп төмендету жиі талап етіледі; бұл орайда емделушінің «таза» салмағын нысанаға алу қажет. Бөлек блокадаларды орындау әдістеріне әсер ететін факторлар туралы және емделушілердің нақты топтарына қойылатын талаптар туралы анықтамалар үшін стандартты нұсқауларды пайдалану керек. Каудальді эпи­ду­ральді енгізуге арналған ерітінді көлемі және эпидуральді енгізуге арналған болюстің көлемі кез келген емделуші үшін 25 мл-ден аспауы тиіс.

Анестетиктің тамыр ішіне алдын ала межеленбей енгізілуін болдырмау үшін препаратты енгізуге дейін және енгізу үдерісінде аспирациялық сынаманы тиянақты жүргізген жөн. Препаратты енгізу кезінде емделушінің өмірлік маңызды қызметтерін мұқият бақылау қажет. Уыттану белгілері пайда болғанда препаратты енгізуді дереу тоқтату керек.

Операциядан кейінгі каудальді аналгезияға арналған 2 мг/мл дозадағы ропивакаинді бір рет енгізу (2 мг/кг есебімен, ерітіндінің көлемі 1 мл/кг) көптеген емделушілерде Т12 деңгейінен төмен ауыруды талапқа сай басуды қамтамасыз етеді. 4 жастан үлкен балалар 3 мг/кг дозаға дейін жақсы көтереді. Каудальді деңгейде эпидуральді енгізу үшін енгізілген ерітіндінің көлемін, стандартты нұсқауларда сипатталғандай, сенсорлы бөгелістің әртүрлі таралуына жету мақсатында өзгертуге болады.

Жансыздандыру типіне қарамастан, препараттың есептелген дозасын дозалап енгізу ұсынады.

5 мг/мл-ден жоғары концентрациядағы препаратты қолдану, сондай-ақ балаларда Наропинді интратекальді қолдану зерттелмеген. Наропинді шала туған нәрестелерде қолдану зерттелмеген.

 

Әзірге Наропин 7,5мг/мл 10мл №5амп пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады