Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

ДуоТрав 2,5мл капли гл. Alcon-Couvreur

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көз тамшысы
Белсенді зат:
Травопрост, тимолол
Фармакологиялық топ:
Глаукомаға қарсы препараттар және миотиктер
Элемент коды::
5413895025389
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- бета-блокаторлардың немесе простагландиндер аналогтарының жергілікті әсеріне жауап бермейтін, глаукоманың ашық бұрышты түрі бар емделушілердегі көзішілік қысымның жоғарлауында

 

- этиологиясы әртүрлі көз гипертензиясында

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • бронх демікпесі

  • өкпенің жеңіл немесе ауыр дәрежедегі созылмалы обструктивті ауруы

  • синустық брадикардия

  • II және III дәрежедегі атриовентрикулярлы бөгет

  • кардиогендік шок

  • жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі

  • ауыр дәрежедегі аллергиялық ринит

  • бронхтың аса жоғары белсенділігі

  • мөлдір қабықтың дистрофиясы

  • өзге β–блокаторларға жоғары сезімталдық

Жергілікті:

Өте жиі

  • көзде жайсыздық

  • гиперемия

Жиі

  • нүктелік кератит

  • көздің ауыруы, алдыңғы камерадағы қабыну

  • көз қарығу

  • көздің ісінуі, көздің жасаурауы

  • көз гиперемиясы, коньюнктиваның қанағыштығы, қабақ эритемасы, блефарит

  • көрудің бұзылулары, көру жітілігінің төмендеуі, көздің анық көрмеуі

  • көздің құрғауы, көздің қышуы, аллергиялық конъюнктивит,

  • астенопия

  • кірпіктің өсуі

Жиі емес

  • конъюнктивит

  • кератиттер, мөлдір қабық эрозиясы

  • мейбомианит

  • қабақтың шетінде қабыршақтардың пайда болуы

Сирек

  • ириттер

Жиілігі белгісіз

  • макулярлы оэдема

  • қабақ птозы

  • мөлдір қабықтың бұзылуы

Жүйелік:

Жиі

  • ашушаңдық

  • бас айналу, бас ауыру

  • жүрек ырғағының бұзылуы, брадикардия

  • артериялық қысымның жоғарылауы, артериялық қысымның төмендеуі

  • бронхтың түйілуі

  • уртикария

  • көз айналасы терісінің гиперпигментациясы

  • аяқ-қолдың ауруы

Жиі емес

  • аритмия

  • шаршау, шөлдеу

  • ентігу, жөтел, орофарингеальді ауыру, тамақтың тітіркенуі, мұрын жайсыздығы, мұрын-жұтқыншақ бөліністері

 

  • аса жоғары сезімталдық

  • аланин аминотрансферазасының жоғарлауы, аспартат аминотрансферазасының жоғарылауы

  • хроматоурия

  • шаштың қалыпты өспеуі

ДуоТрав* көз тамшысын зақымданған көз(дер)дің коньюнктивальді қабына ертеңгісін немесе кешкісін, белгілі бір уақытта, күніне 1 рет 1 тамшыдан тамызады.

Әсер еткеннен кейін мұрын-көзжасы каналын қысып немесе қабақты абайлап жұму керек. Бұл дәрілік препараттың жүйелік сіңуін төмендетеді және жағымсыз жүйелік реакциялардың дамуының алдын алуға қызмет етеді.

Егер дозаны қабылдауды өткізіп алса, онда ем кесте бойынша келесі дозамен жалғастырылуы тиіс. Зақымданған көз(дер)ге доза күніне 1 тамшыдан аспауы керек.

Глаукомаға қарсы өзге препаратты ДуоТрав* көз тамшысымен ауыстыру кезінде алмастыратын препаратты қабылдауды тоқтатып, келесі күні ДуоТрав* көз тамшысын қабылдауды бастау қажет. Жергілікті қолданылатын бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданғанда тамызу арасындағы, ең кемінде, 5 минут аралықты сақтау керек.

 

Құтының ішіндегісін ластамау үшін көзге немесе кез келген өзге нәрсенің бетіне тамшуырдың ұшын тигізуге болмайды.

Әзірге ДуоТрав 2,5мл капли гл. Alcon-Couvreur пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады