Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ригевидон таб. №21 Гедеон Рихтер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 21
Белсенді зат:
Этинилэстрадиол, левоноргестрел
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған гормональді контрацептивтер
Элемент коды::
5997001358825
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- пероральді контрацепция

- көктамырлық тромбоэмболия немесе оның сыртартқыда болуы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы) қауіп факторларымен бірге немесе оларсыз

­ артериялық тромбоэмболия немесе оның сыртартқыда болуы, атап айтқанда миокард инфарктісі және ми қанайналымының бұзылуы

­ көктамырлық немесе артериялық тромбоздың күрделі немесе көптеген қауіп факторларының болуы

­ сыртартқыда тромбоз ізашарларының болуы (мысалы, ми қанайналымының өтпелі бұзылуы немесе стенокардия)

­ жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүрек, жүрек клапандарының аурулары және аритмиялар)

­ ауыр артериялық гипертензия

­ микро - немесе макроангиопатия көріністерімен қант диабеті

­ шығу тегі қантамырлық көру бұзылулары

­ сүт безі мен жыныс мүшелерінің диагностикаланған немесе күдікті гормонға тәуелді қатерлі ісіктері

­ бауырдың күрделі аурулары немесе олардың сыртартқыда болуы («бауыр» тестілерінің функционалдық көрсеткіштері қалыпқа түскенге дейін)

­ бауыр ісіктері немесе олардың сыртартқыда болуы (қатерсіз немесе қатерлі), панкреатит (немесе оның сыртартқыда болуы)

­ шығу тегі белгісіз қынаптық қан кетулер

­ ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы

­ белсенді затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

Жиі (1/100-дан <1/10 дейін)

- дене салмағының жоғарылауы

- сұйықтықтың іркілуі

- бас ауыруы, бас сақинасы, күйгелектік, депрессия, ашушаңдық, либидо өзгерістері

- жанаспалы линзаларды таққанда көздің тітіркенуі, көру бұзылулары

- жүрек айнуы

- безеу бөртпесі

- жүйелі емес қынаптық қан кетулер, аменорея, гипоменорея, сүт бездерінің ауыруы

Жиі емес (≥1/1000-дан <1/100 дейін) және Сирек (≥1/10000-дан <1/1000 дейін)

- сүт безі обыры, бауыр аденомасы, гепатоцеллюлярлық карцинома, жатыр мойны обыры

- жүйелі қызыл жегі

- гиперлипидемия

- хорея

- отосклероз

- артериялық гипертензия, көктамырлық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия

- құсу, холелитиаз, панкреатит

- түйінді эритема, мультиформалы эритема, хлоазма

- қынаптық секрет өзгерістері

БОК пайдаланатын әйелдерде, төмендегі күрделі жағымсыз құбылыстар тіркелген:

­ көктамырлық тромбоэмболия, яғни, аяқтардың терең көктамырлары мен кіші жамбас көктамырларының тромбозы, сондай-ақ өкпе артериясының эмболиясы

­ артериялық тромбоэмболия

­ жатыр мойны обыры

­ бауыр ісіктері

­ тері мен теріасты тіндер тарапынан болатын бұзылулар: хлоазма, түйінді эритема

 

­ БОК пайдаланатындар арасында сүт безі обырының анықталу жиілігі болар-болмас жоғарылаған. 40 жасқа дейінгі әйелдерде сүт безі обырының сирек кездесетіндігімен байланысты, сүт безі обырымен науқастанудың жалпы қаупіне қатысты мұндай жағдайлардың қосымша көлемі аз. БОК қолданумен себеп-салдарлық байланысы белгісіз.

Таблеткаларды пішінді ұяшықты қаптамада көрсетілген тәртіппен, күн сайын шамамен тура бір уақытта қабылдау керек.

21 күн қатарынан күн сайын бір таблеткадан қабылдау керек. Әр келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды әдетте, тоқтату қан кетуі басталатын 7 күндік үзілістен кейін бастау керек. Тоқтату қан кетуі, әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-ші немесе 3-ші күні басталады және препараттың келесі қаптамасындағы таблеткаларды бастағанға дейін жалғасуы мүмкін.

Егер препарат алғаш рет қабылданып отырса

Таблеткаларды қабылдауды етеккірдің бірінші күні бастау керек. Ригевидон® таблеткаларын қабылдауды етеккірдің 2-5 күнінен бастауға болады, бірақ бұл жағдайда препаратты қолданудың алғашқы оралымының бастапқы 7 күнінде, бір мезгілде қосымша гормональді емес (бөгеттік) контрацепция әдістерін пайдалану ұсынылады.

Егер бұрын басқа біріктірілген гормональді контрацептивтік дәрі (біріктірілген пероральді контрацептив, қынап сақинасы немесе трансдермальді бұласыр) пайдаланылса

Ригевидон® препаратын қабылдауды контрацептивтік таблеткалардың алдыңғы қаптамасындағы соңғы белсенді таблетканы қабылдағаннан кейін (немесе қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алып тастағаннан кейін) келесі күні, бірақ, бұрынғы контрацептив таблеткаларын қабылдаудағы әдеттегі үзілістен кейінгі келесі күні (немесе плацебо, немесе қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алып тастау) кешіктірмей бастау керек.

Егер бұрын прогестиндік контрацептивтік құралдар (мини-пили, инъекциялар, имплантаттар немесе жатырішілік спиральдар) пайдаланылса

Мини-пилиден Ригевидонға® көшуді кез-келген күні, имплантат немесе жатырішілік спираль пайдаланылып жүрсе – оларды алып тастаған күні және инъекция қолданылса – келесі инъекция жасалуы тиіс күні жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайлардың барлығында әйелге препаратты қабылдаудың алғашқы 7 күні бойына бір мезгілде контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін қолдану ұсынылады.

Жүктіліктің 1 триместрінде аборттан кейін

Ригевидон® таблеткаларын қабылдауды дереу бастауға болады. Бұл жағдайда қосымша контрацептивтік құралдарды қолдану қажет емес.

Босанғаннан кейін немесе жүктіліктің 2 триместрінде аборттан кейін

Ригевидон® таблеткаларын қабылдауды бала емізбейтін әйелдерге босанғаннан кейінгі 21-28 күні және жүктіліктің 2 триместріндегі аборттан кейін бастау ұсынылады (босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоэмболиялық асқынулар қаупінің жоғарылығымен байланысты). Егер Ригевидон® таблеткаларын қабылдау бұл мерзімнен кеш басталса, препаратты қолданудың алғашқы 7 күні бойы қосымша контрацепцияның бөгеттік әдістерін пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар, егер жыныстық акт орын алған болса, таблеткаларды қабылдауды бастағанға дейін жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау немесе таблеткаларды қабылдауды бастауды алғашқы етеккір басталғанға дейін кейінге қалдыру қажет.

Егер таблеткаларды қабылдау өткізіліп алған жағдайда

Егер, кезекті таблетка қабылдануы тиіс уақыттан 12 сағаттан аз өтсе, контрацептивтік қорғаныс төмендемейді. Әйел өткізіліп алынған таблетканы ол туралы есіне түскен бойда бірден қабылдауы тиіс, келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдау керек.

Егер, кезекті таблетка қабылдануы тиіс уақыттан 12 сағаттан асып кетсе, контрацептивтік қорғаныс төмендеуі мүмкін. Таблеткаларды қабылдауды өткізіп алулармен байланысты жағдайларда, екі негізгі ережені басшылыққа алу қажет:

1. таблеткаларды қабылдаудағы үзіліс ешқашан 7 күннен аспауы тиіс,

2. гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесінің талапқа сай бәсеңдеуіне жету үшін, таблеткаларды 7 күн бойы үзіліссіз қабылдау қажет.

Осылайша, күнделікті тәжірибе жағдайларында төмендегідей ұсынымдар берілуі мүмкін

1 апта

Жіберіліп алған соңғы таблетка емделуші әйел ол туралы есіне алған бойда, тіпті егер ол препараттың 2 таблеткасын бір мезгілде қабылдауы тиіс болса да, дереу қабылдануы тиіс. Ары қарай таблеткаларды қабылдау әдеттегі режимде жалғастырылады. Келесі 7 күн бойына бір мезгілде контрацепцияның бөгеттік әдістерін (мысалы, мүшеқап) пайдалану керек. Егер алдағы 7 күн ішінде жыныстық акт орын алса, жүктілікті басталу ықтималдылығын ескеру қажет. Таблеткалар саны неғұрлым көп жіберіліп алса, және ол препаратты қабылдаудағы үзіліс кезеңіне жақын болған сайын, жүктіліктің басталу қаупі соғұрлым жоғары.

2 апта

Жіберіліп алған соңғы таблетка емделуші әйел ол туралы есіне алған бойда, тіпті егер ол препараттың 2 таблеткасын бір мезгілде қабылдауы тиіс болса да, дереу қабылдануы тиіс. Ары қарай таблеткаларды қабылдау әдеттегі режимде жалғастырылады. Егер Ригевидон® таблеткалары келесі 7 күн бойы дұрыс қабылданса, қосымша контрацептивтік құралдарды қолдану қажет емес. Алайда, егер олай болмаса немесе 1 таблеткадан көп қабылдау өткізіліп алынған болса, препаратты қабылдаудың алдағы 7 күні бойына контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану ұсынылады.

3 апта

Препаратты қабылдаудағы алдағы үзіліске байланысты, контрацепциялық қорғаныстың қатты төмендеу қаупі болмай тұрмайды. Алайда контрацепциялық әсердің төмендеуін таблеткаларды қабылдау режимін өзгерту арқылы болдырмауға болады. Осыған байланысты, препаратты қабылдаудың ұсынылған екі режимінің біреуін басшылыққа алсақ, таблетканы бірінші жіберіп алғаннан кейінгі 7 күн бойы препараттың барлық дозалары дұрыс қабылданған жағдайда, қосымша контрацепция құралдарын қолдану қажет емес. Егер бұлай болмаса, емделуші әйелге ұсынылған баламаларының біріншісін басшылыққа алу ұсынылады.

Бұдан өзге, келесі 7 күн бойы бір мезгілде контрацепцияның басқа әдісі қатар пайдаланылуы тиіс.

1. Жіберіліп алынған соңғы таблетка, емделуші әйел бұл туралы есіне алған бойда, тіпті егер препараттың 2 таблеткасы бір мезгілде қабылдануы тиіс болса да дереу қабылдануы тиіс. Ары қарай таблеткаларды қабылдау әдеттегі режимде жалғаса береді. Келесі қаптамадағы таблеткаларды емделуші әйел қолындағы пішінді ұяшықты қаптамадағы соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі келесі күні, яғни препаратты қабылдаулар арасындағы үзіліссіз қабылдай бастауы тиіс. Екінші қаптама аяқталғанға дейін «тоқтату қан кетуінің» ықтималдығы аз, алайда таблеткаларды қабылдау аясында қан аралас жұғынды бөліністер байқалуы немесе лақылдап қан кету дамуы мүмкін.

2. Сондай-ақ басталған қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды тоқтату ұсынылуы мүмкін. Бұл жағдайда емделуші әйел препаратты қабылдауда таблеткаларды қабылдауды ұмытып кеткен күндерді қоса, 7 күнге дейін созылатын үзіліс жасауы, содан кейін препараттың келесі қаптамасындағы таблеткаларды қабылдауды бастауы тиіс.

Егер емделуші әйел таблеткаларды қабылдауды жіберіп алса, және содан кейін онда препаратты қабылдаудағы алғашқы үзіліс бойына «тоқтату қан кетуі» басталмаса, жүктіліктің басталу ықтималдығын ескеру қажет.

Құсу/диарея жағдайындағы ұсынымдар

Егер құсу таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағаттан бұрын орын алса, оның сіңірілуі толық болмауы мүмкін. Бұл жағдайда таблеткаларды қабылдауды өткізіп алуға қатысты жоғарыда сипатталған ұсынымдарды басшылыққа алу қажет. Диарея толық сіңірілмеуінің нәтижесінде препарат тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Егер әйел таблеткаларды қабылдаудың әдеттегі режимін өзгерткісі келмесе, ол келесі пішінді ұяшықты қаптамадағы қосымша таблетканы(ларды) қанша күн қажет болса, сонша күн қабылдауы тиіс.

Етеккірдің басталу уақытын қалай ауыстыру немесе өзгертуге болады

Етеккірдің басталу уақытын кейінге шегеру үшін, емделуші әйел Ригевидон® препаратының келесі қаптамасындағы таблеткаларды қабылдауды қолындағы қаптамадағы соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін келесі күні, олардың арасында препаратты қабылдауда үзіліс жасамай бастауы тиіс. Осылайша етеккірдің басталу уақытын екінші қаптамадағы таблеткаларды қабылдау аяқталғанға дейін кез-келген қалаған уақытқа ұзартуға болады. Осы қосымша кезең ішінде емделуші әйелде лақылдап қан кету туындауы немесе қан аралас жұғынды бөліністер байқалуы мүмкін. Әдеттегі 7 күндік үзілістен кейін Ригевидон® препаратын жүйелі қабылдауды қайта бастау керек.

 

Етеккірдің басталу уақытын аптаның келесі күніне шегеру үшін, препаратты қабылдау аясында басталған күнге қатысты, алдағы уақыттағы таблеткаларды қабылдаудағы үзілісті қажетінше күнге қысқарту ұсынылады. Препаратты қабылдаудағы үзіліс неғұрлым қысқа болса, «тоқтату қан кетуінің» болмау қаупі соғұрлым жоғары. Бұдан өзге, екінші қаптамадағы таблеткаларды қабылдау кезінде (етеккірдің басталу уақыты кейінге шегерілгендегі сияқты) лақылдап қан кету қаупі немесе қан аралас жұғынды бөліністердің пайда болуы арта түседі. Препаратты қабылдаудағы үзілісті ұзартуға болмайтындығын баса айта кетудің маңызы зор.

Әзірге Ригевидон таб. №21 Гедеон Рихтер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады