Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Лидокаин 1% 5мл №10амп БЗМП

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 10 ампула
Белсенді зат:
Лидокаин
Фармакологиялық топ:
Анестетиктер
Элемент коды::
4810201008530
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- хирургия, офтальмология, стоматология, отоларингологиядағы жергілікті анестезияда (терминальді, ин-фильтрациялық, өткізгіштік)

- шеткері жүйкелердің және жүйке түйіндерінің блокадасында

 

 

- дәрілік заттың кез келген компоненттеріне немесе анамнезінде басқа да амидті жергілікті жансыздан-дыратын дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық

- синустық түйін әлсіздігі синдромы (әсіресе егде жастағы науқастарда), сол жақ қарынша қызметінің айтарлықтай төмендеуі

- Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы;

- жүрек блокадасы: II - III дәрежедегі атриовентрикулярлық (қарыншаларды стимуляциялайтын зонд орнатылған жағдайлардан басқа) қарыншаішілік; синусты-жүрекшелік

- қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы;

- кардиогенді шок;

- ретробульбарлы енгізу (әсіресе глаукомамен науқастарға)

- порфирия

- Моргань-Адамс-Стокс синдромы

- акушерлік тәжірибеде анестезия жүргізгенде – ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы, фетопла-центарлық жеткіліксіздік, күні жетпей туылуы, күнінен асып кету, гестоз

- эпидуральді анестезияда – ауыр гипотензия, кардиогендік шок және гиповолемиялық шок, невроло-гиялық аурулар, септицемия, омыртқаның деформациясына байланысты пункция жасауға мүмкіндік болмауы.

- субарахноидальді анестезияда – арқаның ауыруы, мидың жұқпасы, мидың қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдері, шығу тегі әртүрлі коагулопатия, бас сақинасы, субарахноидальді қан құйылу, артериялық гипертензия және гипотензия, парестезиялар, психоз, истерия, қарым қатынасқа түспейтін науқастар, омыртқаның деформациясына байланысты пункция жасауға мүмкіндік болмауы

- Лидокаинді (анамнезінде) бұрын қолданғанда эпилептиформалы құрысулар

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде

Сақтықпен: жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, ауыр бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде, әлсіреген науқастарда, гиповолемияда, AV блокадада, синусты брадикардияда, артериялық гипотен-зияда, ауыр миастенияда, жүктілік және лактация кезеңінде.

 

 

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылыстар:

жиі - парестезиялар, бас айналуы;

жиі емес - нейроуыттылық белгілері (құрысулар, ауыз айналасының парестезиясы, тілдің жансызда-нуы, діріл, сандырақтау, ұйқышылдық, дизартрия, естен тану),

сирек - нейропатия, шеткері жүйкелердің зақымдануы, арахноидит.

Көру ағзалары тарапынан бұзылыстар:

сирек - диплопия (қосарланып көру)

Жүрек тарапынан бұзылыстар:

жиі - брадикардия;

сирек - аритмия, жүректің тоқтап қалуы.

Қантамырлар тарапынан бұзылыстар:

өте жиі - гипотензия;

жиі - гипертензия.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылыстар:

сирек - тыныс алу жеткіліксіздігі, тыныс алудың бәсеңдеуі және тоқтап қалуы.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылыстар:

сирек - аллергиялық реакциялар (есекжем, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, ауырлау жағдайларда - анафилаксиялық шок).

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар:

өте жиі - жүрек айнуы;

жиі - құсу.

 

 

Лидокаинді қолданар алдында инъекция орнының ісінуі және қызаруымен білінетін препаратқа жоғары жекелей сезімталдыққа тері сынамасын міндетті түрде жүргізу керек.

Анестезия жүргізу үшін дәрілік заттың мөлшері мен жалпы дозасы анестезия түрі мен операциялық араласым сипатына байланысты.

Инфильтрациялық анестезияда 10 мг/мл (1 %) концентрациясымен 30 мл ерітіндіге дейін қолданыла-ды.

Өткізгіштік анестезияда 10 мг/мл (1 %) және 20 мг/мл (2 %) концентрациясымен ерітінділер қолданы-лады; ең жоғары жалпы доза - 400мг дейін (40 мл 1 % ерітінді және 20 мл 2 % лидокаин ерітіндісі).

Стоматологиялық тәжірибеде 1 - 5 мл (20 - 100 мг) 2 % ерітінді қолданылады; қабырға аралық жүйке-лердің блокадасында – 3-5 мл 1 % ерітінді (30-50 мг); парацервикальді анестезияда - 10 мл (100 мг), 1 % ерітінді әрбір жағына (1,5 сағаттан ерте емес қайталап енгізуге болады);

Оберст-Лукашевич бойынша блокадада – 2 - 3 мл 2 % ерітінді.

Вагосимпатикалық блокадада: мойын бөлімінде - 5 мл (50 мг) 1 % ерітінді, бел тұсында– 5 - 10 мл (50 - 100 мг) 1 % ерітінді.

Эпидуральді анестезияда –200 - 300 мг (10-15 мл) 2 % лидокаин ерітіндісі қолданылады. Анестетикті катетер арқылы үздіксіз енгізу ұсынылмайды; ең жоғары дозаны енгізу 90 минут аралықтан жиі қайта-ланбауы керек.

Шырышты қабаттың анестезиясы үшін (трахеяның интубациясы, бронхоэзофагоскопия, фиброгастро-дуоденоскопия, полиптерді алып тастау, гаймор қойнауын тесу және басқалары) 20 мл-ден аспайтын көлемде 2 % ерітінді қолданады. Анестезия ұзақтығы 15-30 минут.

Офтальмологияда: тікелей хирургиялық араласым немесе тексеру алдында 2 тамшы 2 % ерітіндіні конъюнктивальді қапқа 2 - 3 рет 30 - 60 секунд аралықпен тамызады.

Ересектерге арналған ең жоғары дозасы - 4,5 мг/кг немесе 300мг аспайды.

Лидокаинның әсерін ұзарту үшін ex tempore 0,1 % адреналиннің ерітіндісін (5 - 10 мл лидокаиннің ері-тіндісіне 1 тамшы, бірақ 5 тамшыдан асырмай) қосуға болады. Бұл кезде лидокаиннің рұқсат етілген дозасын 500 мг дейін жоғарылатады.

Ескерту: вена ішіне енгізгеннен кейін лидокаиннің әсер ету ұзақтығы қысқа (15-20 минут ұзақтықпен). Егер тамшылатып инфузиялау жолымен венаішілік құю қол жетімді болмаса, бастапқы дереу венаішілік енгізгеннен кейін 10 минуттан кем емес аралықпен қажет болғанда бір немесе екі рет 50-100 мг қайта-лауға болады.

Инфузиялық ерітінді дайындау үшін, 1 г немесе 2 г лидокаин ерітіндісін инъекцияға арналған 1 л 5 % декстроза ерітіндісіне қосу керек және лидокаиннің 1 мг/мл немесе 2 мг/мл концентрациядағы ерітіндісі алынады.

Егде жастағы пациенттерде, әсіресе ұзақ уақыт венаішілік инфузияда дозаны азайту ұсынылады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр ауруларында (цирроз, гепа-тит) және бауыр қанағымы төмендеген пациенттерде (мысалы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі аясын-да) доза 40-50 %-ға төмендетілуі керек.

Назар аударыңыз!

Вена ішіне жылдам енгізгенде артериялық қысымның дереу төмендеуі және коллапс дамуы мүмкін. Бұл жағдайларда фенилэфрин, эфедрин және басқа да қантамырларын тарылтатын дәрілер қолданылады.

Лидокаиннің 1 % ерітіндісін b-лактамды антибиотиктер тобының цефалоспориндерін бұлшықет ішіне енгізу үшін ішінде 1,0 г антибиотик бар құтыға 3 мл лидокаин есебімен инъекциялық ерітінді дайындау үшін еріткіш ретінде қолданады.

 

Әзірге Лидокаин 1% 5мл №10амп БЗМП пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады