Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Декапептил Депо 3,75мг №1шпр лиоф.д/приг.сусп. д/в/м и п/к

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№ 1 шприцтер
Белсенді зат:
Трипторелин
Фармакологиялық топ:
Ісікке қарсы гормональді препараттар
Элемент коды::
7640128542346
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

Еркектерді емдеу үшін:

- қуықасты безінің гормонға тәуелді үдемелі немесе метастаздық обырын емдеуде

Әйелдерді емдеу үшін:

- хирургиялық араласу кезінде қан кетуді және ауыруды азайту мақсатында, операция алдында миома өлшемін азайтуға

- эндометриозды симптоматикалық емдеуде

- (ҚРТ) қосымша репродуктивті технология қолдану кезінде бақыланатын аналық бездер стимуляциясын өтіп жатқан әйелдерде лютеиндеуші гормонның (ЛГ) мезгілінен бұрын жоғарылауының алдын алуға және даун-регуляцияда

Балаларды емдеу үшін:

 

  • балаларда шығу тегі орталықтық, мезгілінен бұрын жыныстық жетілуде (қыз балалар 9 жасқа дейін, ұл балалар 10 жасқа дейін)

- трипторелинге, гликол және сүт қышқылының полимеріне, декстранға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- гонадотропин-рилизинг гормонына (ГнРГ) немесе ГнРГ аналогының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- остеопороздың клиникалық білінуі немесе даму қаупі

 

- қуықасты безінің гормонға тәуелді емес карциномасы немесе алдында болған хирургиялық кастрация

Гормонға тәуелді қуықасты безі карциномасын емдеу кезінде

Өте жі (≥1/10)

- либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, несеп бөлінуінің бұзылысы

- қан тебулер

- сүйектердің ауыруы

Жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін)

  • аса жоғары сезімталдық

  • көңіл-күйдің құбылуы, ұйқының бұзылуы, депрессия

  • бас ауыруы, жүрек айнуы

  • гипергидроз

  • миалгия, артралгия

  • гинекомастия

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

- анафилактикалық реакция

- тәбеттің төмендеуі

- артериялық гипертензия, эмболия

- бронхиальді демікпенің өршуі

- ауыздың құрғауы, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы

- гипотрихоз

- аталық без атрофиясы

- қанда лактатдегидрогеназа, гамма-глютамилтрансфераза, аспартат-аминотрансфераза, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

- дене салмағының артуы немесе азаюы

Жиілігі белгісіз

- тәбеттің артуы, подагра, қант диабеті

- ұйқысыздық, депрессия, көңіл-күйдің құбылуы, сананың шатасуы, дімкәстік, эйфория, үрейлену сезімі, либидоның төмендеуі

- бас айналуы, парестезия, жадының бұзылуы, дәмнің бұзылуы, ұйқышылдық, тұла бойды тік ұстап тұру қиындығы, көрудің бұзылуы, құлақтың шыңылдауы

- артериялық гипотония, гипертензия

- ентігу, ортопноэ, мұрыннан қан кету

- іштің ауыруы, құсу, іштің кебуі, іш қатуы, диарея

- бөртпе, қышыну, Квинке ауруы, есекжем, геморрагиялар

- қаңқа-бұлшықет ауыруы, сіресулер, остеоартрит

- кеуде бездерінің ауыруы, аталық бездің ауыруы, ұрық шығарудың бұзылысы

- инъекция орнының ауыруы, қабынуы

- қалтырау, астения, кеуде қуысының ауыруы, тұмауға ұқсас аурулар, ринофарингит, дене температурасының жоғарылауы

- қандағы креатинин, мочевина, сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Эндометриозды және жатыр миомасын емдеу кезінде

Өте жиі (≥1/10)

- либидо төмендеуі, көңіл-күйдің құбылуы, ұйқының бұзылуы, астения

- бас ауыруы, қан тебулер

- іштің ауыруы

- гипергидроз

- сүйектердің ауыруы

- қынаптық қан кетулер, вульвагинальды құрғау, диспареуния, дисменорея, аналық бездер гиперстимуляциясы синдромы, аналық бездердің үлкеюі

Жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін)

  • аса жоғары сезімталдық

  • жүрек айнуы

  • миалгия, артралгия

  • қажығыштық

  • инъекция орнындағы реакция, ауыру

Жиі емес (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

- анафилактикалық реакция

- көңіл-күйдің құбылуы, депрессия

- парестезия, көрудің бұзылуы

- арқаның ауыруы

- қандағы лактатдегидрогеназа, гамма-глютамилтрансфераза, аспартат-аминотрансфераза, аланин-аминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

- дене салмағының артуы немесе азаюы

Жиілігі белгісіз

- үрей, депрессия, сананың шатасуы

- бас айналуы, көрудің бұзылуы

- ентігу

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- бөртпе, қышыну, Квинке ауруы, есекжем

- қаңқа-бұлшықетінің ауыруы, түйілулер, әлсіздік

- кеуде бездерінің ауыруы, меноррагия, метроррагия, аменорея

- инъекция орнының ауыруы, қабынуы

- дене температурасының көтерілуі, дімкәстік

ҚРТ қолдану кезінде әйелдерде лютеиндеуші гормонның (ЛГ) мезгілінен бұрын жоғарылауының алдын алу және даун-регуляцияда

Таралмаған (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

- аналық бездер гиперстимуляциясы синдромы

Сирек ( ≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін)

- қан тебулер

- инъекция орнының қызаруы

Жиілігі белгісіз

- аса жоғары сезімталдық

- инъекция орнының қызаруы

- либидо төмендеуі, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің құбылуы, депрессия, үрей сезімі, сананың шатасуы

- бас ауыруы, бас айналуы

- артериялық гипертензия

- ентігу

- жүрек айнуы, іштің ауыруы, іштің кебуі, диарея, құсу

- бөртпе, есекжем, Квинке ауруы, гипергидроз

- буындардың ауыруы, бұлшықеттердің түйілуі, миалгия, бұлшықеттердің әлсіздігі

- диспареуния, дисменорея, аменорея, қынаптық қан кетулер, меноррагия, метроррагия, вульвовагинальді құрғау, аналық бездердің үлкеюі, сүт бездерінің ауыруы

- инъекция орнының ауыруы, қабынуы

- дене температурасының көтерілуі, дімкәстік

- дене салмағының артуы

Балаларда шығу тегі орталықтық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуді емдеуде

Таралмаған (≥1/1000-нан <1/100-ге дейін)

- анафилактикалық реакция

- көңіл-күйдің құбылуы, депрессия

- жүрек айнуы, құсу

- қынаптан қан кетулер, қыз балалардағы бөліністер

Жиілігі белгісіз

- аса жоғары сезімталдық

- аффективті тұрақсыздық, күйгелектік

- бас ауыруы, көрудің бұзылуы, артериялық гипертензия

- қан тебу, мұрыннан қан кету

- жайсыздық, іштің ауыруы

- бөртпе, Квинке ауруы, есекжем, гипотрихоз

- миалгия, ортан жілік басының эпифизеолизі

- қынаптық қан кетулер

- инъекция орнының ауыруы, қабынуы

 

- дене салмағының артуы

Препаратты қатаң түрде нұсқаулық бойынша, міндетті түрде тиісті маманның қадағалауымен емнің тиімділігін ұдайы бақылап отыру үшін қажетті жабдығы бар мекемеде қабылдау керек.

Балаларды емдеу эндокринологтың немесе генезі орталықтық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуде тәжірибесі бар педиатрдің қадағалауымен жүргізілуі тиіс.

Бір еккіштің ішіндегісі бір реттік дозаға - 3,75 мг трипторелинге сәйкес келеді, тері астына (іш, бөксе немесе сан аумағына) енгізеді, немесе бұлшықет ішіне терең етіп, әр 28 күн сайын енгізеді. Препараттың енгізу орнын әр қолдану сайын ауыстырып отыру керек.

Қуықасты безінің гормонға тәуелді карциномасы

3,75 мг трипторелинге сәйкес келетін бір еккішпен инъекция, төрт аптада бір рет жасалады. Тестостеронның деңгейін ұзақ уақытқа басу үшін 4-апталық емдеу курсын ұстану қажет. Декапептил Депо – мен емдеу әдетте ұзаққа созылады.

Жатыр миомасы және эндометриоз

3,75 мг трипторелинге сәйкес келетін бір еккішпен инъекция, төрт аптада бір рет жасалады. Емді оралымның алғашқы 5 күнінде бастау керек. Емдеу ұзақтығы эндометриоздың бастапқы ауырлығына және оның клиникалық белгілерінің дамуына (функциональдық және анатомиялық), сондай-ақ емдеу кезінде ультрадыбыстық зондтаумен анықталатын жатыр миомасының үлкендігіне байланысты. Әдетте ең жоғарғы нәтижеге 3-4 инъекциядан кейін қол жетеді.

Сүйектің тығыздығына әсер ету мүмкіндігіне байланысты Декапептил Депо – мен емдеу ұзақтығы бүркеулік емді қолданбағанда 6 айдан аспауы тиіс.

(ҚРТ) қосымша репродуктивті технология қолдану кезінде бақыланатын аналық бездер стимуляциясын өтіп жатқан әйелдерде лютеиндеуші гормонның (ЛГ) мезгілінен бұрын жоғарылауының алдын алуға және даун-регуляция

Оралымның 2-ші немесе 3-ші күндері (фолликулярлық фаза) немесе оралымның 22-ші күні (лютеиндік фаза) бір инъекция.

Шығу тегі орталықтық мезгілінен бұрын жыныстық жетілуде (ЖЖМБ)

0, 14 және 28-ші күні 3,75 мг Декапептил Депо инъекциясы жасалады. Кейіннен әр 4 аптада бір инъекциядан жасалады. Тиімділігі жеткіліксіз болса инъекцияны әр 3 аптада бір жасауға болады. Егер қыз балаларда 12 жастан бастап және ұл балаларда 13 жастан бастап сүйек матурациясы жүрсе, емдеуді тоқтату керек.

Емделушілердің жеке топтарына арналған ескертулер:

– егде жастағы адамдар үшін дозасын өзгертудің қажеті жоқ

– қолда бар деректерге сәйкес, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге дозасын азайту немесе дәрінің енгізу аралықтарын ұзарту міндетті түрде емес.

Келесі нұсқаулықтарды орындау керек:

- ұнтағы бар еккіштен қалпақшасын шешіңіз;

- ішінен шығармай, дәнекер элементі бар қаптаманы ашыңыз;

- ұнтағы бар еккішті дәнекер элементке бұрап кіргізіңіз және оны қаптамадан шығарыңыз (сурет. 1);

- еріткіші бар еккішті дәнекер элементтің бос шетіне бұрап кіргізіңіз және дәнекер элементпен еккіштердің тығыз жалғанғанына көз жеткізіңіз;

- еріткіші бар еккіштің поршенін басып, ұнтағы бар еккішке еріткішті кіргізіңіз, сосын осы қимылдарды кері бағытты қайталаңыз (сурет. 2);

 

- қоспаны екі еккіштің арасында абайлап, біртекті сүт тәрізді суспензия алынғанша араластырыңыз (сурет. 3). Алғашқы 2-3 араластыруды сұйықтық бір еккіштен екіншісіне толық ауысқанша жасамау керек.

Әзірге Декапептил Депо 3,75мг №1шпр лиоф.д/приг.сусп. д/в/м и п/к пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады