Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Мидиана 3мг/0,03мг №21 табл

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 21
Белсенді зат:
Дроспиренон, этинилэстрадиол
Фармакологиялық топ:
Жыныстық гормондар
Элемент коды::
5997001362747
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- ішу арқылы қолданылатын контрацепция

 

Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын тағайындау туралы шешімді әрбір әйелдегі әсіресе көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) қауіп факторын, сондай-ақ Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қолдану аясында КТЭ даму қаупін басқа да біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) қолданумен салыстыру бойынша бағалауды ескере отырып, қабылдау керек.

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық

- жер жаңғаққа немесе сояға аса жоғары сезімталдық

- көктамырлық тромбоэмболия (КТЭ) қаупі болуы

- қазіргі уақытта көктамырлық тромбоэмболия (антикоагулянттар қолдану) немесе сыртартқысында (мысалы, терең көктамырлар тромбозы [ТКТ] немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы [ӨАТЭ]) болуы

- көктамырлар тромбоэмболиясы, мысалы белсендірілген С протеиніне резистенттілігі (Лейден V факторын қоса), антитромбин III жеткіліксіздігі, C протеині жеткіліксіздігі, S протеині жеткіліксіздігі дамуына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділігі

- ұзақ иммобилизациясымен ауқымды хирургиялық араласымдар

- қауіптің көптеген факторлары болуы салдарынан көктамырлық тромбоэмболия дамуының жоғары қаупі

- артериялық тромбоэмболия (АТЭ) болу қаупі, қазіргі уақыттағы артериялық тромбоэмболия, сыртартқысында (мысалы, миокард инфарктісі) немесе алдындағы ауырулар (мысалы, стенокардия)

- цереброваскулярлық аурулар: ағымдағы кезеңдегі инсульт, сыртартқысында немесе бұрын болған жай-күйлер (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл [ТИШ])

- артериялық тромбоэмболия, мысалы гипергомоцистеинемия және антифосфолипидті антидене (антикардиолипинді антидене, қызыл жегілік антикоагулянт) болуы дамуына анықталған тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділігі

- сыртартқысында ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы

- келесі күрделі қауіп факторларының бірі немесе көптеген қауіп факторлары салдарынан артериялық тромбоэмболияның жоғары қаупі болуы: тамырлық асқынулары бар қант диабеті, ауыр артериялық гипертензия, айқын дислипопротеинемия

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы ауыр бауыр аурулары («бауыр» сынамалары қалпына келгенге дейін)

- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі

- қазіргі уақыттағы немесе сыртартқысындағы бауыр ісігі (қатерсіз немесе қатерлі)

- диагностикаланған гормонға тәуелді жыныс жүйесінің қатерлі аурулары (жыныс мүшелерінің немесе сүт безінің) немесе оған күдік болуы

 

- диагностикаланбаған қынаптық қан кетулер.

Жиі (>1/100 - <1/10 дейін)

- бас ауыруы, бас сақинасы

- депрессия жай-күйі, көңіл-күйдің түсуі, эмоциональді лабильдік

- жүрек айнуы

- етеккір айналымының бұзылулары, етеккіраралық қан кетулер, іштің ауыруы, кеуде тұсындағы ауырулар

- қынаптық бөліністер, қынап кандидозы

- сүт бездерінің аурушаңдығы мен кернеуі

Жиі емес (>1/1 000 - <1/100 дейін)

- акне, экзема, тері қышынуы

- құсу, диарея

- гипертензия, гипотензия

- есекжем

- организмдегі сұйықтықтың кідірісі

- дене салмағының артуы

- либидоның төмендеуі

- алопеция

Сирек (>1/10 000 - <1/1 000 дейін)

- салмақтың азаюы

- бронх демікпесі

- естудің кемуі

- сүт бездерінің сөлінісі

- либидоның артуы

- тромбоэмболия, көктамырлық тромбоздар/тромбоэмболиялар, артериялық тромбоздар/тромбоэмболиялар

- артериялық гипертензия

- бауыр ісіктері

- Крон ауруы, спецификалық емес ойық жаралы колит

- эпилепсия

- эндометриоз, жатыр миомасы

- порфирия

- жүйелі қызыл жегі

- жүктілер герпесі

- Сиденгам хореясы

- гемолитикалық уремиялық синдром

- холестаздық сары ауру

- хлоазма

- ангионевроздық ісіну

- түйінді эритема, мультиформалы эритема

 

- жанаспалы линзалар көтерімсіздігі

Таблеткаларды қаптамада көрсетілген бірізділікпен, қажет болса, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен жұта отырып, күн сайын белгіленген бір уақытта қабылдау керек. Қатарынан 21 күн бойына күніне бір таблеткадан қабылдау қажет. Әр келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдау 7-күндік аралықтан кейін басталуға тиіс, осы аралықта әдетте етеккір тәріздес қан кету болады. Ол әдетте соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3 күн өткенде басталады және келесі қаптаманың басталу сәтінде аяқталмауы да мүмкін.

Егер бұрын гормональдік контрацептивтер пайдаланылмаса (соңғы айда)

Мидиананың® қабылдануы әйелдің табиғи етеккір айналымының алғашқы күні (яғни етеккірлік қан кетудің бірінші күні) басталады.

Басқа біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) (біріктірілген ішу арқылы қабылданатын контрацептивтерді (БІК), қынаптық сақинаны немесе трансдермальді бұласырды) алмастырған жағдайда:

Әйелге Мидиананы® қабылдауды алдыңғы БІК-тің соңғы белсенді таблеткасын қабылдағаннан кейін келесі күні бастау ұтымдырақ; мұндай жағдайларда Мидиананы® қабылдау таблеткалар қабылдаудағы әдеттегі үзілістен немесе алдыңғы БІК-тің белсенді емес таблеткаларын қабылдағаннан кейінгі келесі күннен кеш басталмауға тиіс. Қынап сақинасын немесе трансдермальді бұласырды алмастырғанда Мидиананы® қабылдауды алдыңғы құралды алып тастаған күні бастаған дұрыс; мұндай жағдайларда Мидиананы® қабылдау алмастыру шарасы белгіленген күннен кешікпей басталуға тиіс.

Әдісті тек прогестиндерді (мини-пили, инъекциялық түрлер, имплантаттар) немесе прогестин босатылатын жатырішілік жүйені (ЖІЖ) қолданумен ауыстырған жағдайда

Әйел құрамында тек прогестин бар мини-пилиден кез келген күні (имплантаттан немесе ЖІЖ-ден – оны алып тастаған күні, инъекциялық түрден - келесі инъекция жасалуға тиіс күннен бастап) көше алады.

Алайда бұл жағдайлардың бәрінде таблеткалар қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша кедергілік әдісін пайдаланған дұрыс.

Бірінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін

Әйелдің қабылдауды дереу бастауына болады. Бұл шарт қадағаланса, контрацепцияның қосалқы шараларының қажеттілігі жоқ.

Босанудан соң немесе екінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін

Әйелдің Мидиананы® қабылдауды босанудан соң немесе үшінші триместрдегі жүктілікті тоқтатқаннан кейін 21-28 күні бастағаны жөн. Егер қабылдау кеш басталса, таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның бөгегіш әдісін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдай бастағанға дейін жыныстық байланыс болған жағдайда жүктіліктің болмағанына көз жеткізу немесе алғашқы етеккірді күту керек.

Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау

Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан кем болса, контрацептивтік қорғаныс кемімейді. Әйел таблетканы барынша тезірек қабылдауы қажет, келесі таблеткалар әдепкі уақытта қабылданады.

Егер таблеткалар қабылдаудағы кешігу 12 сағаттан асып кетсе, контрацептивтік қорғаныс кемиді. Өткізіп алынған таблеткаларды реттегенде келесі екі қарапайым ережені жетекшілікке алған жөн:

 

  • Таблеткалар қабылдауды 7 күннен артық кешіктіруге болмайды;

  • Гипоталамустық-гипофизарлық-аналық бездік жүйенің талапқа сай бәсеңдеуіне қол жеткізу үшін таблеткаларды 7 күн үздіксіз қабылдау қажет.

    Күнделікті тәжірибеде тиісінше келесі кеңестерді беруге болады:

    1 апта

    Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Қосымша бөгегіш контрацепция әдісі келесі 7 күн бойына пайдаланылуға тиіс. Егер таблетканы өткізу алдындағы 7 күн ішінде жыныстық қатынас болса, жүкті болу ықтималдығы ескерілуі қажет. Неғұрлым көп таблеткалар өткізіп алынса, әрі бұл өткізу препарат қабылдаудағы 7-күндік үзіліске жақын болса, соғұрлым жүктілік қаупі жоғары.

    2 апта

    Өткізіп алынған соңғы таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Егер әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткаларды дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы әдістерін пайдаланудың қажеті жоқ. Алайда, егер ол 1 таблеткадан да көбірек өткізіп алса, келесі 7 күнде қосымша сақтану шараларын пайдалану қажет.

    3 апта

    Контрацепциялық әсердің таблеткалар қабылдаудағы алдағы 7-күндік үзіліс салдарынан төмендеу ықтималдығы айтарлықтай. Алайда, таблеткалар қабылдау сызбасын реттей отырып, контрацепциялық қорғаныстың кемуін болғызбауға болады. Егер келесі екі кеңестің кез келгені қадағаланса, әрі әйел алдыңғы 7 күн бойына таблеткалардың бәрін дұрыс қабылдаса, контрацепцияның қосалқы тәсілдері керек болмайды. Егер бұлай болмаса, ол екі тәсілдің біріншісіне сүйенуге, сондай-ақ келесі 7 күн бойына қосымша сақтану шараларын пайдалануға тиіс.

    1. Соңғы өткізіп алған таблетканы, тіпті екі таблетканың бір мезгілде қабылдануына тура келіп қалса да, барынша дереу қабылдау керек. Келесі таблетканы әдепкі уақытта қабылдайды. Жаңа қаптамадан таблеткалар қабылдау ағымдағы қаптама біткен бойда, яғни екі қаптаманы қабылдау арасындағы үзіліссіз басталуға тиіс. Қан кету білінуінің, екінші қаптамадан таблеткалар біткенге дейін «тоқтату» қан кетпеуінің ықтималдығы аса зор, бірақ таблеткаларды қабылдау күндерінде жағынды қанды бөліністер немесе лақылдаған жатырішілік қан кету байқалуы мүмкін.

    2. Әйелге осы қаптамадан таблеткалар қабылдауды тоқтатуды ұсынуға болады. Ізінше, таблеткалар қабылдауды ұмытқан күндерін қоса, оның таблеткалар қабылдауда 7 күндік үзілісі болады, сонан соң жаңа қаптаманы бастау қажет. Таблеткалар қабылдауды өткізіп алған және препарат қабылдаудан бос бірінші аралығында «тоқтату» қан кетуінің болмауы жағдайында жүктіліктің бар-жоғын анықтау қажет.

    Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылу туындаған жағдайдағы ұсыныстар

    Асқазан-ішек жолы жағынан болатын ауыр сипатты реакциялар жағдайында (құсу немесе диарея сияқты) сіңу толық болмауы мүмкін, демек контрацепцияның қосалқы шараларын қолдану қажет.

    Таблетка қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат шегінде құсқан жағдайда барынша дереу жаңа ауыспалы таблетканы қабылдау керек. Жаңа таблетканы, мүмкіндігінше, қабылдаудың әдепкі уақытынан кейін 12 сағат ішінде қабылдау қажет. Егер 12 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе, мүмкіндігінше, «Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау» бөлімінде көрсетілген препаратты қабылдау ережелерін қадағалау керек. Егер әйел препаратты қабылдаудың қалыпты тәртібін өзгерткісі келмесе, ол басқа қаптамадан қосымша таблетка (немесе бірнеше таблетка) қабылдауға тиіс.

    «Тоқтату» қан кетуін қалай кейін шегеруге болады

    Етеккірдің басталатын күнін кейін шегеру үшін қабылдаудағы үзіліссіз жаңа қаптамадан Мидиананы® қабылдауды жалғастыру қажет. Екінші қаптамадағы таблеткалар біткенше кейін шегерілу мүмкіндігі бар.

    Айналым ұзартылған кезде қынаптан жағынды қанды бөліністер немесе жатырішілік лақылдаған қан кетулер болуы ықтимал. Жаңа қорапшадан Мидиананы® қабылдауды әдепкі 7-күндік үзілістен соң жаңғыртқан жөн. Етеккірдің басталу күнін әдепкі кесте аптасының басқа күніне ауыстыру үшін таблеткалар қабылдаудағы жақын үзілісті қанша қажет болса, сонша күнге қысқартуға болады. Аралық неғұрлым қысқа болса, «тоқтату» қан кетуінің болмау қаупі соғұрлым жоғары, ал келесі қаптамадан қабылдаған кезде лақылдап қан кетулер және жағынды қанды бөліністер (етеккір басталуын кейінге шегерген жағдайдағы сияқты) болады.

    Пациенттердің жеке-дара санаттары

    Балалар және жасөспірімдер

    Бірінші етеккір оралымынан кейін Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын қабылдау көрсетілген. Доза өзгерту қажеттігі туралы деректер алынбаған.

    Егде пациент әйелдер

    Қолданылмайды. Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары менопауза басталғаннан кейін көрсетілмеген.

    Бауыр функциясы бұзылуы бар пациент әйелдер

    Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын бауыр функциясы бұзылуы бар әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

    Бүйрек функциясы бұзылуы бар пациент әйелдер

    Мидиана® препаратының үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар әйелдерде қолдануға қарсы көрсетілімде.

Әзірге Мидиана 3мг/0,03мг №21 табл пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады