Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Ациклостад таб. 400мг №35 Штада

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Ацикловир
Фармакологиялық топ:
Вирусқа қарсы препараттар
Элемент коды::
401154800237
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
7 200 ₸
Бонустарды сатып алу: 72.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

  • Неrреs Zoster (белдеме теміреткісі)

  • жұқпалану қаупі жоғары жағдайдағы, мысалы, органдарды трансплантациялағаннан кейінгі күрт айқындалған иммуносуппресиялы ересек емделушілердегі қарапайым герпес вирустарынан туындаған ауыр жұқпалардың алдын алуда.

 

 

  • ацикловирге немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне өте жоғары сезімталдықта

  • препаратты бүйрек қызметі бұзылуы немесе ануриясы бар емделушілерде алдын алу үшін қолдану

  • лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балалық жас

 

 

Жиі ( ≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)

  • аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпесі, фотосенсибилизация, есекжем, қышыма, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық реакциялар, диспноэ)

  • неврологиялық білінулер, негізінен бас айналуы, сана шатасуы, көбіне препаратты тоқтатқаннан кейін басатын және бүйрек қызметі бұзылуы бар немесе осыған ұқсас жағымсыз әсерлерге бейімдейтін басқа да жай-күйлер жиі бақыланатын емделушілердегі елестеулер және қалғып кетулер

  • жүрек айнуы, құсу, диарея және абдоминальді ауырулар

  • шаш түсуі (диффузды алопеция)

Жиі емес ( ≥ 1/1000-ден < 1/1000 дейін)

  • ұйқысыздық, бас ауыруы, шаршағыштық, транзиторлы эпилептикалық ұстамалар, әсіресе аурудың асқынып үдеуі барысында ацикловирді көктамыр ішіне инфузия жүргізу кезінде, кейде комаға дейін үдейтін сана бұзылуы

  • қан сарысуындағы билирубиннің, бауыр ферменттерінің, мочевина және креатининнің деңгейінің транзиторлы жоғарылауы, сондай-ақ гематологиялық параметрлердің елеусіз төмендеуі

Өте сирек (<1/10000)

 

  • анемия, лейкопения, тромбоцитопения

  • деперсонализация және/немесе дереализация (препарат қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болатын), транзиторлы психоз, әсіресе аурудың асқынып үдеуі жағдайында ацикловирді көктамыр ішіне инфузия жүргізгеннен кейін

  • гепатит, сарғаю

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі.

 

 

Ациклостад® таблеткаларын, мысалы, қышыма, терінің тартылуын сезіну, бастапқы күлдіреуіктер сияқты терінің бірінші білінулері пайда болуынан ертерек қолдана бастау керек.

Таблеткаларды жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен іше отырып, тамақ ішкеннен кейін қабылдайды.

Қарапайым герпес вирусынан туындаған жұқпалар

Ересектерде қолдану

1 таблеткадан Ациклостад®, 200 мг таблеткаларын тәулік бойына 5 рет (тәулігіне 1000 мг ацикловир), 4 сағат аралықпен және 8 сағаттық түнгі үзіліспен. Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды. Алайда емделушінің клиникалық жай-күйіне қарай емделу ұзақтығы ұлғаюы мүмкін.

Балалық жаста қолданылуы

6 жастан асқан балаларға ересектерге арналған доза тағайындалады.

Қарапайым герпес вирусынан туындаған ауыр түрдегі және жиі қайталанатын гениталия жұқпаларының алдын алу үшін

Иммунологиялық тұрғыдан дені сау емделушілерге Ациклостадты® 1 таблеткадан тағайындайды, 200 мг таблеткаларды тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын (тәулігіне 800 мг ацикловир). Альтернатива ретінде күн сайын 400 мг Ациклостадты® (2 таблеткадан Ациклостад®, 200 мг таблеткаларды немесе 1 таблетка Ациклостад®, 400 мг таблеткалар) әрбір 12 сағат сайын қабылдауға болады. Жекелеген жағдайларда тиімді алдын алуға 1 таблетка Ациклостадтан®, 200 мг таблеткаларды тәулігіне 3 рет әрбір 8 сағат сайын (600 мг ацикловир тәулігіне) немесе тәулігіне 2 рет әрбір 12 сағат сайын (400 мг ацикловир тәулігіне).

Егер жалпы тәуліктік доза 800 мг болғанына қарамастан ауру қайталанса, (жұқпаның қайта пайда болуы), 1 таблеткадан Ациклостад®, таблетки 200 мг, тәулігіне 5 рет әрбір 4 сағат сайын 5 күн бойы қабылдайды. Осыдан кейін жоғарыда көрсетілген алдын алуға арналған дозаларды қабылдауды жаңғыртады.

Иммунологиялық тұрғыдан дені сау емделушілерде қарапайым герпестен туындаған жұқпаны алдын ала емдеуде емнің ұзақтығы жұқпаның ауырлық дәрежесіне және қайталану жиілігіне байланысты болады, бірақ 6-12 айдан аспауы тиіс.

Иммуносуппрессиялы емделушілерге Ациклостад® 1 таблеткадан, 200 мг таблеткалар тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын (800 мг ацикловир тәулігіне) тағайындалады.

Күрт айқын иммуносупрессиялы емделушілерге, мысалы, трансплантациясынан кейін, Ациклостад® 2 таблеткадан, 200 мг таблеткалар немесе 1 таблеткадан Ациклостад®, 400 мг таблеткалар тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын (тәулігіне 1600 мг ацикловир) тағайындайды.

Күрт айқын иммуносупрессиялы емделушілерде қарапайым герпестен туындаған жұқпаларда алдын алу емінде қолдану ұзақтығы иммунитеттің әлсіреу дәрежесіне және жұқпа дамуының жоғары қаупі кезеңінің ұзақтығына байланысты.

Нұсқау

Иммуносуппрессиялы емделушілерде резистенттілік даму мүмкіндігі сипатталған жағдайлары болған. Бұны препарат дозасын таңдауда ескеру керек.

Белдеме теміреткі (Herpes zoster)

800 мг Ациклостад® (Ациклостадтың® 4 таблеткасы, 200 мг таблеткалар немесе Ациклостад® 2 таблеткасы, 400 мг таблеткалар немесе 1 таблетка Ациклостад®, 800 мг таблеткалар) тәулігіне 5 рет әрбір 4 сағат сайын (тәулігіне 4000 мг ацикловир). Емдеу ұзақтығы 5-7 күнді құрайды. Емдеу емделушінің клиникалық жай-күйіне қарай жалғастырылуы мүмкін.

Айқын иммуносупрессиялы ересектердегі қарапайым герпестен туындаған ауыр жұқпаның алдын алу үшін, егер жұқпаның қаупі жоғары болса, мысалы, орган трансплантациясынан кейін Ациклостадты® 2 таблеткадан, 200 мг таблеткалар немесе 1 таблеткадан Ациклостад®, 400 мг таблеткалар тәулігіне 4 рет әрбір 6 сағат сайын (тәулігіне 1600 мг ацикловир) қабылдайды.

Алдын ала емдеу үшін қолданудың ұзақтығы иммундық жүйені бәсеңсіту дәрежесіне байланысты және емдеуші дәрігер жеке анықтайды.

Бүйрек қызметі бұзылуы бар емделушілерге

 

Жасы егде емделушілерде жиі кездесетін бүйрек қызметі бұзылған жағдайда, Ациклостад® қабылдау кезінде сұйықтықты талапқа сай қабылдауды қамтамасыз ету керек. 

 

Әзірге Ациклостад таб. 400мг №35 Штада пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
7200 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
7265 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
7200 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады