Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Аминоплазмаль р-р 10% Е 500мл Б.Браун

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Раствор масленный
Белсенді зат:
Изолейцин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, треонин, триптофан, валин, аргинин, гистидин, аланин, глицин, аспарагиновая к-та, глутамин.к-та, пролин, серин, тирозин, натрия ацетат, натрий, калий, магний, динатрия фосфат
Фармакологиялық топ:
Қан плазмасының препараттары және плазма алмастырғыш препараттар
Элемент коды::
2900000001138
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

пероральді немесе энтеральді қоректендіру мүмкін болмаған жағдайда парентеральді қоректендіру кезін-де ақуыздар синтезі үшін субстрат ретінде организмді амин қышқылдарымен қамтамасыз етуде

- ерітіндінің қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық

- амин қышқылы алмасуының туа біткен аномалиясы

- қан айналымының өмірге қауіпті ауыр бұзылуы (шок)

- гипоксия

- метаболикалық ацидоз

- бауырдың үдемелі ауруы

- гемофильтрациясыз және гемодиализсіз ауыр бүйрек жеткіліксіздігі

- ерітінді құрамындағы кез келген электролиттің қан плазмасындағы жоғары, патологиялық концентраци-ясы

- 2 жасқа дейінгі балаларға

- Инфузиялық емдеуге арналған жалпы қарсы көрсетілімдер:

- декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі

- өкпенің жедел ісінуі

 

- гипергидратация

Парентеральді қоректенудің басында жалпы парентеральді қоректенуге қатысы бар жағымсыз әсерлері байқалуы мүмкін.

Жиі емес (≥1/1.000 - <1/100)

- жүрек айнуы, құсу

- бас ауыруы, қалтырау, дене температурасының жоғарылауы

 

Аминоплазмаль Б.Браун 10 % Е пайдалану кезінде аллергиялық реакциялар байқалмаған, алайда парентеральді қоректендіру препараты ретінде, жалпы алғанда, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Аминоплазмаль Б.Браун 10 % Е орталық көктамырлық инфузия арқылы көктамыр ішіне енгізу үшін пайдаланылады.

Препаратты қолдану әдістемесі

Препарат бір рет қолдануға есептелген құтыларда шығарылады. Ерітінді мөлдір болса және құтысы зақымдалмаған болса ғана пайдалану керек. Құты ашылғаннан кейін ішіндегісін тез арада пайдалану керек. Ерітіндіні енгізу үшін тек стерильді инфузиялық жүйелерді пайдаланыңыз. Препараттың кез келген пайдаланылмаған көлемін сақтауға болмайды және ол жойылуы тиіс.

Ұсынылатын дозалар

Дозасы емделушілердің амин қышқылдарына, электролиттерге және сұйықтыққа деген жеке қажетті-лігіне сәйкес емделушінің жағдайына (негізгі ауруларына байланысты тамақтану жағдайы немесе азот катаболизмі деңгейі) қарай анықталуы тиіс.

Ересектер мен 15-тен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрігер басқаша тағайындамаса, онда емделушінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, келесі дозалар ұсынылады:

Орташа тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 10-20 мл, ол мынаған сәйкес:

Әр кг дене салмағына 1,0 – 2,0 г амин қышқылдары

70 кг дене салмағына 700 – 1400 мл

Ең жоғары тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 20 мл, ол мынаған сәйкес:

Әр кг дене салмағына 2,0 г амин қышқылдары

70 кг дене салмағына 140 г амин қышқылдары

70 кг дене салмағына 1400 мл

Инфузияның ең жоғары жылдамдығы:

1 мл/кг дене салмағы/сағатына, ол мынаған сәйкес:

0,1 г амин қышқылдары/кг дене салмағы/сағат

70 кг дене салмағына минутына 25 тамшы

70 кг дене салмағына минутына 1,17 мл

Балалар және 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер:

Емделушілердің бұл тобына араналған дозалар орташа болып табылады, тек жалпы басшылыққа алуға ұсынылады. Нақты дозасы жасына, даму сатысы мен негізгі ауруларына сәйкес анықталуы тиіс.

3-тен 5 жасқа дейінгі балаларға арналған тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 15 мл, бұл әр кг дене салмағына 1,5 г амин қышқылына сәйкес келеді

6-дан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған тәуліктік доза:

Әр кг дене салмағына 10 мл, бұл әр кг дене салмағына 1,0 г амин қышқылына сәйкес келеді

Инфузияның ең жоғары жылдамдығы:

1 мл/кг дене салмағына/сағатына, бұл 0,1 г амин қышқылы/ кг дене салмағына/сағатына сәйкес келеді

Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін дозасы мен препаратты енгізу тәртібі жекелей белгіленеді.

 

Амин қышқылдары ерітінділерін қолданудың ұзақтығы парентеральді қоректендіруге арналған көрсетілімдердің болуымен анықталады.

Әзірге Аминоплазмаль р-р 10% Е 500мл Б.Браун пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады