Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кораксан таб. 5мг №56 Серьвье

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар
Белсенді зат:
Ивабрадин
Фармакологиялық топ:
Басқа да кардиотонустық препараттар
Элемент коды::
2000443762952
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
8 200 ₸
Бонустарды сатып алу: 82.00
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.
  • жүректің коронарлық ауруынан зардап шегіп жүрген, синустық ырғағы қалыпты және ЖЖЖ ырғағы минутына ≥ 70 соғатын пациенттерде созылмалы тұрақты стенокардияны емдеуде:

– бета-блокаторлар жақпағанда немесе қолдануға болмайтын жағдайларда

 

– жағдайының бета-блокаторлардың оңтайлы дозасымен бақылануы талапқа сай болмаған (жеткіліксіз болған) пациенттерде бета-блокаторлармен біріктіріп, NYHA (Нью-Йорк кардиологиялық ассоциациясы) жіктемесі бойынша, систола дисфункциямен жүретін жүректің II-IV дәрежелі созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде, синустық ырғағы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің клиникалық симптомдары бар және ЖЖЖ минутына ≥ 75 соғатын пациенттерде бета-блокаторларды қоса, стандартты еммен бірге, сондай-ақ бета-блокаторлар жақпағанда немесе қолдануға болмайтын жағдайда

– белсенді затына немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

– емді бастағанға дейін ЖЖЖ тыныштық күйде минутына 70 соғудан төмен

– кардиогенді шок

– жедел миокард инфарктісі

– ауыр гипотензия ( 90/50 мм с.б.)

– бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

– синустық түйін әлсіздігі синдромы

– синоатриальді блокада, тұрақсыз немесе жедел жүрек жеткіліксіздігі

– электрокардиостимулятордың болуы (егер ЖЖЖ электрокардиостимуляторға ғана байланысты болса)

– тұрақсыз стенокардия

– ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

– Р450 3А4 цитохромының күшті тежегіштерімен: зеңге қарсы азольді препараттар (кетоконазол, итра-коназол), макролидті антибиотиктер (кларитромицин, ішу арқылы қабылданатын эритромицин, джоза-мицин, телитромицин), АИТВ-протеаза тежегіштері (нелфинавир, ритонавир), және нефазодонмен бі-ріктірілген ем

  • ЖЖЖ төмендететін CYP3A4 орташа тежегіштері болып табылатын верапамилмен немесе дилтиа-земмен біріктірілген ем

– жүктілік және лактация кезеңі, контрацептивтік дәрілер қолданбайтын бала туатын жастағы әйелдер

 

– балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Өте жиі (≥1/10)

– әдетте, емнің алғашқы 2 айында пайда болатын жарықты сезіну (фосфендер) («Фармакодинамикасы» бөлімін қараңыз), содан кейін қайтадан пайда болуы мүмкін. Фосфендер емдеу кезеңінде (көп жағдай-ларда (77,5%)) немесе ол аяқталғаннан кейін тоқтайды

Жиі (≥1/100, <1/10)

– брадикардия, әсіресе емнің алғашқы 2-3 айында

– І дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

– қарыншалық экстрасистолалар

– жүрекшелердің фибрилляциясы

– көру жітілігінің бұзылуы

– бақыланбайтын артериялық қысым

– бас ауыруы, әдетте емнің алғашқы айы ішінде

– брадикардиямен байланысты болуы мүмкін бас айналуы

Жиі емес (≥1/1000, <1/100)

– жүректің жиі қағуы, қарыншаүстілік экстрасистолалар

– вертиго

– ентігу

– гипотензия, брадикардиямен байланысты болуы мүмкін

– бұлшықет құрысулары

– жүрек айнуы, іштің қатуы, диарея

– гиперурикемия, эозинофилия

– естен тану, брадикардиямен байланысты болуы мүмкін

– ангионевроздық ісіну

– тері бөртпесі

– көзге қос көріну, көрудің бұзылуы

– астения, брадикардиядан туындауы мүмкін

– қажу, брадикардиямен байланысты болуы мүмкін

– қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

– ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы

Сирек (³1/10000, <1/1000)

– эритема, қышыну, есекжем

– жайсыздық, брадикардиядан болуы мүмкін

Өте сирек (<1/10000)

– жыпылықтағыш аритмия

– ІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

– ІІІ дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

 

– синустық түйіннің әлсіздігі синдромы

Созылмалы тұрақты стенокардияны емдеу

Бастапқы ұсынылатын дозасы 75 жастан кіші пациенттерде күніне 2 рет 5 мг құрайды. 3-4 апта қол-данғаннан кейін егер пациентте әлі де симптомдары болмаса, егер бастапқы дозасының жағымдылығы жақсы болса және тыныштық кезіндегі ЖЖЖ минутына 60 реттен артық соғатын болса, тәулігіне екі рет 2,5 мг немесе тәулігіне екі рет 5 мг қабылдап жүрген пациенттерге, дозасын келесі белгіленгенге дейін арттыруға болады. Демеуші дозасы тәулігіне екі рет 7,5 мг аспауы тиіс.

Егер емдеу басталғаннан кейінгі 3 ай ішінде стенокардия симптомдары жақсармаса, ивабрадинді тоқта-ту керек.

Таблеткаларды күніне 2 рет – таңертең және кешке тамақтану кезінде ішу арқылы қабылдаған жөн.

Егер емдеу кезінде ЖЖЖ тыныштық кезінде минутына 50 рет соғудан аспаса немесе пациентте бради-кардияға байланысты симптомдар (бас айналуы, шаршау, гипотензия) байқалса, дозасы күніне 2 рет 2,5 мг дейінгі ең төменгі дозасына жеткенше азаю жағына қарай титрленуі тиіс (5 мг 1/2 таблетка күні-не екі рет). Дозасын төмендеткеннен кейін ЖЖЖ бақылауды жалғастыра беру керек.

Егер жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 рет соғудан төмен болып қалса немесе брадикардия сим-птомдары қайтпаса, емдеуді тоқтатқан жөн.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу

Бастапқы ұсынылатын дозасы күніне 2 рет 5 мг құрайды. 2 апта емдегеннен кейін доза, егер тыныштық кезінде ЖЖЖ минутына 60 соғудан тұрақты түрде төмендемесе, доза күніне 2 рет 7,5 мг дейін артты-рылуы мүмкін. Егер ЖЖЖ минутына 50 соғудан тұрақты түрде аспаса немесе бас айналу, шаршау не-месе гипотензия сияқты брадикардияның қатар жүретін симптомдары байқалған жағдайда, доза күніне 2 рет 2,5 мг дейін азайтылуы мүмкін (5 мг 1/2 таблетка күніне екі рет).

Егер ЖЖЖ минутына 50 бастап 60 рет соғуды құраса, күніне 2 реттік 5 мг доза өзгермеген күйінде қалады.

Егер емдеу кезінде тұрақты түрде ЖЖЖ тыныштық күйінде минутына 50 соғу деңгейінен жоғары неме-се пациентте брадикардия симптомдары байқалған жағдайда және одан көбірек соғу деңгейінде қалса, препараттың күніне 2 рет 7,5 мг немесе 5 мг дозасын азаю жағына қарай 1 қадам титрлеу қажет.

Егер препаратты күніне екі рет 2,5 немесе күніне екі рет 5 мг дозада алатын пациенттерде тыныштық күйінде ЖЖЖ минутына 60 рет соғу деңгейінде тұрақтап қалса, препарат дозасы көбею жағына қарай бір қадам титрленуі мүмкін.

Егер ЖЖЖ минутына 50 рет соғудан төмен күйінде қалса немесе брадикардия симптомдары кетпесе, емдеуді тоқтатады.

Егде жастағы пациенттер

75 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерге төменірек бастапқы дозасын – күніне 2 рет 2,5 мг тағайындаған жөн (5 мг 1/2 таблетка күніне екі рет). Ары қарай препараттың дозасын арттыруға бола-ды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі минутына 15 мл-ден астам болатын пациенттер үшін дозасын түзетудің қажеті жоқ. Препаратты бүйрек жеткіліксіздігі бар, креатинин клиренсі мину-тына 15 мл-ден төмен болатын пациенттерге қолданғанда сақ болған жөн.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесі бар пациенттер үшін дозасын түзету қажет емес. Препаратты орташа дәрежелі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн.

Педиатриялық популяция

 

Ивабрадиннің балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігінің зерттелуі жеткіліксіз. Препаратты пациенттердің осы санатында қолданылуы жөнінде деректер жоқ.

Әзірге Кораксан таб. 5мг №56 Серьвье пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
8200 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
8095 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
8370 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
8095 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
8095 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
8370 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
8200 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады