Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кальций Д3 № 60таб Комфорте Никомед

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 60
Белсенді зат:
кальция карбонат, холекальциферол
Фармакологиялық топ:
Кальций препараттары
Элемент коды::
4031083005855
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- Кальций мен Д дәрумені тапшылығын емдеуде және профилактикасында

- Кальций мен Д дәруменінің тапшылық қаупі бар пациенттерді остеопороздан емдеу кезінде қосымша ем ретінде кальций мен Д дәруменін қабылдау.

- белсенді заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдықта

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде (шумақтық сүзілу жылдамдығы <30мл/мин /1.73m 2 )

- гиперкальциемияның және/немесе гиперкальциурияның дамуы негізіндегі аурулар және/немесе жағдайлар

- бүйректас ауруында (нефролитиаз)

- Д дәруменінің гипервитаминозы

- Кальций-Д 3 Никомед құрамында изомальт (Е953) және сахароза бар. Сондықтан, глюкоза-галактоза сіңуінің бұзылуы және сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар, фруктозаны көтере алмайтын сирек кездесетін тұқым қуалайтын проблемалары бар науқастарға бұл препаратты қабылдауға болмайды.

Қолайсыз жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелерінің класын және пайда болу жиілігін ескере отырып бөлінген және төмендегідей жіктелген:

жиі емес (≥1/1000, < 1/100); сирек (≥ 1/10000, < 1/1000); өте сирек (< 1/10000), жиілігі

белгісіз (қолда бар деректер негізінде белгілене алмайды).

Метаболизм мен тамақтанудың бұзылуы

Жиі емес: гиперкальциемия және гиперкальциурия.

Өте сирек: сүт-сілтілік синдромы (несеп шығарудың жиілеуі; бас ауыруының ұзаққа созылуы; тәбеттің ұзақ уақыт болмауы; жүрек айнуы және құсу; шаршау немесе әлсіздік; гиперкальциемия, алкалоз және бүйрек жеткіліксіздігі).

Әдеттегідей, артық дозалану кезінде байқалады.

Асқазан-ішек бұзылулары

Сирек: іш қату, диспепсия, метеоризм, жүрек айнуы, іштің ауыруы және диарея.

Тері және тері асты тіндері

Өте сирек: қышыну, бөртпе және есекжем.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: гиперфосфатемияның, нефролитиаздың және нефрокальциноз-дың зор қаупі.

Иммундық жүйе тарапынан

Белгісіз: Квинке ісінуі немесе көмей ісінуі сияқты, аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Дәрілік затпен емді бастағаннан кейін барлық күмәнді жағымсыз құбылыстар жайлы хабарлау қажет. Бұл осы дәрілік заттың пайда/қауіп арақатынасының бейінін үздіксіз бақылап отыруға көмектеседі.

Кальций және Д дәруменінің тапшылығы:

- ересектер: күніне бір-үш рет бір таблеткадан.

- балалар: күніне бір-екі рет бір таблеткадан.

Остеопороз кезіндегі қосымша ем.

- ересектер мен егде жастағы адамдарға: күніне екі-үш рет бір таблеткадан.

Бүйрек жеткіліксіздігінде

Кальций-Д 3 Никомедті бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдауға болмайды.

Таблетканы шайнауға және соруға болады.

Әзірге Кальций Д3 № 60таб Комфорте Никомед пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады