Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Алопекси р-р д/наруж. прим. 5% 60мл Пьер Фабр

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Ерітінді
Белсенді зат:
Миноксидил
Фармакологиялық топ:
Тері ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Элемент коды::
3592619204476
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
9 160 ₸
Бонустарды сатып алу: 91.60
Қоймада жоқ

Препарат еркектерде қарқындылығы орташа андрогендік алопецияны (шаштың көп түсуін) емдеуге арналған.

Препаратты әйелдерге қолданылған жерден қашық аймақтарда гипертрихоздың пайда болу қаупі жоғары (шаштың аномальді өсуі) болғандықтан ұсынылмайды.

-      Миноксидилге, этанолға немесе пропиленгликольге жоғары сезімталдық

-      әйелдерге қолдану

-      18 жасқа дейінгі балалар

-      бас терісінің патологиясы (псориазды және күн сәулесінен күйіктерді қоса)

-      симптомдарына қарамай-ақ, 2%-дық түріне жағымдылығының нашар болуы.

Өте жиі байқалатын жағымсыз реакциялар болмашы тері реакциялары болды.

Жиі қолдану, құрамында этил спирті бар болғандықтан, терінің тітіркенуін және құрғауын туындатуы мүмкін.

Жағымсыз реакциялар жіктелуі мен жиілігіне қарай төменде сипатталған. Жиілігі келесі шартты белгілерге сәйкес анықталған: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін); жиі емес (≥1 /1000-нан <1/100-ге дейін); сирек (≥1/10000-нан <1/1000-ға дейін); өте сирек (<1/10000), сондай-ақ жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес).

 

Жүйелік-ағзалық класы

Өте жиі

Жиі

Жиілігі белгісіз

Инфекциялар  және инвазиялар

 

 

Құлақ инфекциялары, сыртқы отит, ринит

Иммунды жүйе бұзылыстары

 

 

Жоғары сезімталдық реакциялары, аллергиялық реакциялар, ангионевроздық ісінуді қоса

Психиатрлық бұзылыстар

 

Депрессия

 

жүйке жүйесі бұзылыстары

Бас ауыруы

 

Неврит, дәмнің өзгеруі, теріде ашыту сезімі, шаншуды сезіну, бас айналу

Көру бұзылыстары

 

 

Көру бұзылыстары, көздің шырышты қабығының тітіркенуі

Жүрек бұзылыстары

 

 

Тахикардия, жиілеген жүрек қағуы, кеуденің ауруы

Тамыр бұзылыстары

 

 

Гипотония

Респиратор-лық бұзылыстар

 

 

 

Ентігу

 

 

Гепатоби-лиарлық бұзылыстар

 

 

 

 

 

Гепатит

Тері және теріасты тіні бұзылыстары

Гипертрихоз (шаштың аномальді өсуі) қолдану орнынан қашық аймақтарда

Құрамында пропиленгликоль бар болғандықтан терідегі аллергиялық реакциялар (жанаспалы дерматит);

терінің қабыну аурулары, акне түріндегі бөртпе

Жайылған эритема, бөртпе, шаштың түсуі, шаш жабынының сиреуі, шаш түсінің өзгерулері, шаш текстурасының өзгерулері

Қаңқа-бұлшықет бұзылыстары

 

Бұлшықет-қаңқа ауыруы

 

Бүйрек және несеп бұзылыстары

 

 

Бүйректегі тастар

Жалпы бұзылыстар және күй жағдайы

 

Жергілікті тітіркену, соның ішінде қабыршақтану, қышыну, терінің қызаруы, дерматит, терінің құрғауы; Шеткері ісінулер; Ауыру

Астения, беттің ісінуі, ісінулер

 

Барлық осы жағдайларда, емді тоқтатып, дәрігерге бару қажет.

Күмәнді жағымсыз реакциялар жөніндегі есеп

Дәрілік затты тіркегеннен кейін күмәнді жағымсыз реакциялар жөнінде есеп беруді енгізу маңызды шарт болып табылады. Есеп беру дәрілік заттың пайда/қаупі арақатынасын бақылауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау қызметкерлерінен және тұтынушылардан ұлттық есеп беру жүйесі арқылы кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлау сұралады.

 

Сыртқа қолдануға арналған.

ТЕК ЕРЕСЕКТЕР ҮШІН.

Доза

Алопекси® 5%, сыртқа қолдануға арналған ерітінді, әрқашан дәрігердің тағайындауына сәйкес пайдаланыңыз. Препаратты Сіздің жағдайыңызда қолдану мүмкіндігі туралы сенімсіз болсаңыз, дәрігерге қаралыңыз.

1 мл препаратты (стандартты доза) тәулігіне екі рет бас терісіне жағыңыз және зақымданған аймақтың ортасынан бастап сылап-сипалаңыз.

Жалпы күндік доза зақымданған аймақтың көлеміне қарамастан 2 мл-ден аспауы тиіс.

Жағу жиілігі

1 мл препаратты таңертең және кешке жағыңыз. Препаратты жағу дозасын немесе жиілігін асырмаңыз. Кез-келген жағдайда дозаны сақтаңыз.

Емнің ұзақтығы

Нәтижесі дереу пайда болмайды: шаштың түсуінің тоқтауы және/немесе шаштың өсуінің қалпына келуі емді бастағаннан кейін біраз уақыттан кейін пайда болады. 2 ай бойы күніне 2 рет жағу дозасымен емдеу шаштың өсуінің стимуляциясы байқалғанға дейін қажет. Емдеу жауабының алды мен деңгейі бір пациенттен басқа пациентке ауытқуы мүмкін.

Кейбір бақылауларға сәйкес, егер емдеу тоқтатылған болса, бастапқы қалпына қайта оралу 3-4 ай ішінде болуы мүмкін.

Қолдану тәсілі

Тек қана сыртқа қолдануға арналған.

Препаратты жағуға дейін және жағудан кейін қолды мұқият жуып-шайыңыз.

Қолданар алдында шаш пен бас терісінің әбден құрғағанына көз жеткізіңіз.

Зақымданған жердің барлық аймағына ерітіндіні саусақ ұштарымен жағыңыз.

Препаратты дененің басқа бөліктеріне қолдануға болмайды.

Әзірге Алопекси р-р д/наруж. прим. 5% 60мл Пьер Фабр пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
9160 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
9160 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады