- ересектер мен 15 жастан асқан балалардағы қыжылда және қышқыл кекіруде
- препараттың белсенді заттарына немесе кез келген толтырғыштарына жоғары сезімталдық.
- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин/1,73 м2 ), өйткені препарат құрамында магний бар.
Жағымсыз әсерлерінің жиілігі төмендегідей бағаланады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 - <1/10), жиі емес (≥ 1/1,000 - <1/100), сирек (≥ 1/10,000 - <1/1,000), өте сирек (<1/10,000), жиілігі белгісіз (қол-жетімді деректер бойынша бағалау мүмкін емес.)
Жиілігі белгісіз:
- қышыну, эритема, есекжем, анафилаксиялық реакция/шок сияқты аса жоғары сезімталдық реакция-лары
- гипермагниемия (негізі мұндай жағдайлар бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда тіркелді және бүй-рек шығарылуының әлсіреуіне байланысты болуы мүмкін)
- гипералюминемия (негізі мұндай жағдайлар бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда және/немесе егде жастағы адамдарда тіркелді; лимон қышқылымен, натрий цитратымен немесе кальций цитратымен қа-тар қабылданған кезде қауп і арта түсті)
- төмен фосфатты диетадағы пациенттерде, ұзақ уақыт емделуден кейінгі немесе жоғары дозаларын немесе тіпті стандартты дозаларын қабылдаған кездегі гипофосфатемия, бұл сүйек тінінің жоғары ре-зорбциясына, гиперкальциурияға және остеомаляция қатеріне әкелуі мүмкін
- асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы (диарея немесе іштің қатуы)
Күмәнді жағымсыз реакциялар туралы мәлімдеме
Дәрілік затты тіркеуден кейінгі кезеңде қолданғанда күмәнді жағымсыз реакциялар туралы хабарлаудың маңызы зор. Бұл препараттың пайда/қаупінің арқатынасына тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік бе-реді. Медицина саласындағы қызметкерлер күмәнді жағымсыз реакциялардың кез келгені туралы ұлттық есептілік жүйесі арқылы хабарлауға міндетті.
Ішке қабылдауға арналған.
15 жастан бастап балаларда және ересектерде: қыжылда және қышқыл кекіруде 1 пакеттен (4,3мл), кү-ніне 6 пакеттен асырмай.
Пакет ішіндегісін оны ашар алдында абайлап араластыру керек.
Суспензияны ерітпей ішу керек.
Дәрігерге қаралусыз емдеу курсының ұзақтығы 10 күннен аспау керек.