Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Белара таб. 2мг/0,03мг №21 Гедеон

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 21
Белсенді зат:
Хлормадинон, этинилэстрадиол
Фармакологиялық топ:
Жүйелі қолдануға арналған гормональді контрацептивтер
Элемент коды::
2000994076782
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 535 ₸
Бонустарды сатып алу: 90.70
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- гормональді контрацепцияда

- бұрыннан бар немесе қазіргі көктамырлар немесе артериялар тромбозы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының эмболиясы, миокард инфарктісі немесе инсульт)

- продромальді кезең немесе тромбоздың, тромбофлебиттің алғашқы белгілері немесе эмболия симп-томдары (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, стенокардия)

- жоспарлы хирургиялық операция (операцияға дейін кемінде төрт апта бұрын), сондай-ақ иммобили-зациялау (мысалы, жарақаттардан кейін) кезеңі

- қантамырлық асқынулармен қатар жүретін қант диабеті

- бақылауға бағынбайтын қант диабеті

- бақыланбайтын артериялық гипертензия немесе артериялық қысымның едәуір артуы (үнемі 140/90 мм сын. бағ. асатын мәндер)

- белсендірілген протеин С-ға резистенттілік, антитромбин III тапшылығы, протеин С тапшылығы, про-теин S тапшылығы, гипергомоцистеинемия және фосфолипидтерге антиденелер (антикардиолипинге антиденелер, қызылжегілік антикоагулянт) сияқты тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған көк-тамырлар немесе артериялар тромбозына бейімділік,

- гепатит, сарғаю, бауыр функциясы көрсеткіштері қалпына түскенге дейінгі бауыр функциясының бұ-зылулары

- жайылған қышыну, холестаз, атап айтқанда алдыңғы жүктілік немесе эстрогендермен емдеу кезіндегі

- Дубин-Джонсон синдромы, Ротор синдромы, өт бөлінуінің бұзылулары

- бауыр ісіктері (соның ішінде сыртартқыдағы)

- эпигастрийдің қатты ауыруы және бауырдың ұлғаюы немесе құрсақішілік қан кету симптомдары

- алғаш туындаған немесе қайталанатын порфирия (барлық үш түрі, әсіресе жүре пайда болған порфи-рия)

- сыртартқыдағы немесе қазіргі кездегі гормонға тәуелді қатерлі ісіктер (мысалы, сүт бездерінің немесе жатырдың ісіктері)

- липидтер алмасуының күрделі бұзылулары

- ауыр гипертриглицеридемиямен қатар жүретін панкреатит (соның ішінде сыртартқыдағы)

- алғаш туындаған бас сақинасы симптомдары, сондай-ақ жиілеген және әдеттегіден қатты бас ауыруы

- сыртартқыдағы ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы (бас сақинасының парес-тезиялармен, құрысулармен, афазиямен бірге жүретін түрі)

- сезім мүшелері тарапынан кенеттен болатын бұзылулар, мысалы, көру немесе естудің бұзылулары

- қимыл-қозғалыс бұзылулары (атап айтқанда, парездер)

- эпилепсия ұстамаларының күшеюі

- ауыр депрессия

- алдыңғы жүктіліктер бойына үдеп келе жатқан отосклероз

- шығу тегі белгісіз аменорея

- эндометрий гиперплазиясы

- шығу тегі белгісіз қынаптық қан кетулер

- препараттың әсер етуші заттарына немесе кез-келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальаб-сорбциясы синдромы.

Өте жиі ((>1/10)

- лақылдап қан кету, болар-болмас қан аралас бөліністер, дисменорея, аменорея, қынаптық бөліністер

- бас ауыруы

- сүт бездері аймағындағы жайсыздық

- жүрек айнуы

Жиі (>1/100-ден <1/10-ге дейін)

- бас айналуы, бас сақинасы (және/немесе бас сақинасының күшеюі)

- көңіл-күйдің бәсеңдігі, күйгелектік, ашушаңдық, шаршау

- құсу

- ауырлық сезімі

- акне

- іштің төменгі жағының ауыруы

- ісінулер, дене салмағының жоғарылауы

- артериялық қысымның жоғарылауы

- көрудің бұзылулары

Жиі емес (>1/1 000 -ден <1/100-ге дейін)

- терінің аллергиялық реакцияларын қоса, препаратқа аса жоғары сезімталдық

- іштің ауыруы, іштің кебуі, диарея

- пигментация бұзылулары, хлоазма, алопеция, терінің құрғауы

- арқаның ауыруы, бұлшықет бұзылулары

- галакторея, сүт безінің фиброаденомасы, қынап кандидозы

- либидо төмендеуі, гипергидроз

- гипертриглицеридемияны қоса, қандағы липидтер құрамының өзгеруі

Сирек (>1/10 000-ден <1/1 000-ге дейін)

- конъюнктивит, жанаспалы линзалардың жақпауы

- кенеттен естімей қалу, құлақтағы шуыл

- артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, естен тану, көктамырлардың варикозды кеңеюі, көктамырлар тромбозы

- уртикарлық бөртпе, экзема, қышыну, псориаздың өршуі, гипертрихоз

- сүт бездерінің ұлғаюы, вульвовагинит, меноррагия, етеккіралды синдромы

- тәбеттің күшеюі

Өте сирек ( <1/1 0000)

- түйінді эритема

0,03 мг этинилэстрадиолдан және 2 мг хлормадинон ацетатынан тұратын біріктірілген пероральді кон-трацептивтерді (БОК) қолданғанда да, төмендегі жағымсыз әсерлер туралы хабарланған:

● Біріктірілген пероральді контрацептивтерді қолдану көктамырлық және артериялық тромбоэмболия қаупінің (мысалы, көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының эмболиясы, инсульт, миокард инфаркті-сінің) жоғарылауымен байланысты екені белгілі.

● Кейбір зерттеулер мәліметтері бойынша БОК ұзақ уақыт қолдану өт шығару жолдарының аурулары-ның даму қаупін арттырады.

● Сирек жағдайларда пероральді контрацептивтерді қабылдағаннан кейін қатерсіз бауыр ісіктері туын-даған жағдайлар тіркелген, қатерлі ісіктер одан да сирек тіркелген; жекелеген жағдайларда бұл ісіктер өмірге қауіп төндіретін құрсақішілік қан кетуге себеп болуы мүмкін.

 

● Ішектің созылмалы қабыну ауруларының өршуі (Крон ауруы, ойық жаралы колит).

Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының алғашқы күнінен бастап, 21 күн қатарынан күн сайын белгілі бір уақытта (дұрысы кешкілік) 1 таблеткадан бастайды, содан кейін таблеткаларды қабылдауда 7 күндік үзіліс жасау керек; соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін екі-төрт күннен соң етеккірлік қан кетуге ұқсас «тоқтату» қан кетуі туындайды. Жеті күндік үзіліс аяқталғаннан кейін қан кетудің тоқтаға-нына немесе тоқтамағанына қарамастан, келесі пәшкедегі Белара® препаратын қабылдауға кірісу ке-рек.

Аптаның сәйкесінше күнімен таңбаланған таблетканы блистерлік қаптамадан шығарып алу және тұтас-тай, қажет болса, азғантай мөлшерде сумен іше отырып жұту керек. Таблеткаларды күн сайын, бағыт-тағышпен көрсетілген бағыт бойынша қабылдау керек.

Таблеткаларды қабылдауды бастау

Егер гормональді контрацептивтер бұрын қолданылмаса (соңғы етеккір оралымы бойына)

Бірінші таблетканы, әйелдегі табиғи оралымның бірінші күні, яғни келесі етеккірлік қан кетудің бірінші күні қабылдау керек. Егер бірінші таблетка етеккірдің бірінші күні қабылданса, препараттың контра-цептивтік әсері қабылдаудың алғашқы күнінен басталады және таблеткаларды қабылдаудағы жеті күн-дік үзіліс бойына жалғасады.

Сондай-ақ бірінші таблетканы етеккірдің 2-5 күндері, қан кетудің тоқтағанына немесе тоқтамағанына байланыссыз қабылдауға да болады. Бұл жағдайда қабылдаудың алғашқы жеті күні бойы қосымша бө-геттік контрацепция әдістерін пайдалану қажет.

Егер етеккір бес күннен астам уақыт бұрын басталса, әйелге Белара® препаратын қабылдауға кірісу үшін келесі етеккірдің басталуын күте тұруды ұсыну керек.

Басқа гормональді контрацептивтен Белара® препаратын қабылдауға көшу

Әйел Белара® препаратын қабылдауды таблеткаларды қабылдаудағы немесе бұрын пайдаланылған бі-ріктірілген пероральді контрацептив қаптамасындағы плацебо таблеткаларды қабылдаудағы жеті күн-дік үзілістен кейінгі келесі күні бастауы керек.

Құрамында тек прогестаген бар препараттардан («мини-пили») ауысу

Белара® препаратының бірінші таблеткасын, құрамында тек прогестаген бар соңғы таблетканы қабыл-дағаннан кейін келесі күні қабылдау қажет. Алғашқы жеті күн күн бойы контрацепцияның қосымша бө-геттік әдістерін пайдалану қажет.

Гормональді контрацептивтік инъекциялардан немесе контрацептивтік импланттан ауысу

Белара® препаратын қабылдауды имплантты алып тастаған күні немесе бастапқыда инъекция жоспар-ланған күні бастауға болады. Алғашқы жеті күн күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану қажет.

Жүктіліктің бірінші триместріндегі өздігінен болған немесе медициналық аборттан кейін

Белара® препаратын қабылдауды жүктіліктің бірінші триместрінде өздігінен болған немесе медицина-лық аборттан кейін бірден бастауға болады. Бұл жағдайда қосымша контрацепция шараларын қолдану қажет емес.

Басанғаннан, жүктіліктің екінші триместріндегі өздігінен болған немесе медициналық аборттан кейін

Бала туғаннан кейін, бала емізбейтін әйелдер, препаратты қабылдауды босанғаннан кейінгі 21-28 күн-дері бастай алады. Бұл жағдайда контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін қолдану қажет емес.

Егер препаратты қабылдау босанғаннан кейін 28 күннен асып барып басталса, алғашқы жеті күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін пайдалану керек.

Егер әйелде жыныстық қатынас болған болса, жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау, немесе препаратты қабылдауды бастамас бұрын келесі етеккір оралымының басталуын күту керек.

Белара® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін

Белара® препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін ағымдағы оралым шамамен бір аптаға ұзаруы мүмкін.

Таблеткаларды жүйесіз қабылдау

Егер емделуші әйел таблетканы қабылдауды ұмытып кетіп, бірақ оны алдағы 12 сағат ішінде қабылдаса контрацепцияның қосымша шаралары қажет емес. Емделуші әйел препаратты қабылдауды әдеттегі ре-жимде жалғастыруы тиіс.

Егер емделуші әйел таблетканы қабылдауды ұмытып кетіп, бірақ оны 12 сағат өткеннен кейін қабылда-са, контрацептивтік қорғаныс төмендеуі мүмкін. Таблетканы қабылдау жіберіліп алған жағдайда төмен-дегі екі негізгі ережені басшылыққа ала отырып әрекет ету керек:

 

  • таблеткаларды қабылдауды ешқашан жеті күннен артық үзуге болмайды

  • таблеткаларды қабылдаудағы 7 күндік үзіліс гипоталамус – гипофиз – аналық без осінің жеткілікті бәсеңдеуіне қол жеткізу үшін қажет.

    Соңғы (ұмытылып кеткен) таблетканы, тіпті бұл егер 2 таблетканы бір мезгілде қабылдау қажет-тігін білдіретін болса да, дереу қабылдау қажет. Басқа таблеткаларды әдеттегідей қабылдау ке-рек. Келесі жеті күн бойы контрацепцияның қосымша бөгеттік әдістерін, мысалы, мүшеқаптарды пайдалану қажет. Егер таблеткаларды қабылдау оралымның 1-нші аптасы ішінде өткізіліп алып, ал өткізіліп алған таблеткаларға дейінгі жеті күн ішінде жыныстық қатынас болған болса (таблет-каларды қабылдаудағы жеті күндік үзілісті қоса), жүктіліктің басталу ықтималдығын ескеру керек. Таблеткалар неғұрлым көп жіберілсе және олар таблеткаларды қабылдаудағы әдеттегі үзіліске мерзімдері жағынан неғұрлым жақын болса, жүктіліктің басталу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

    Егер пайдаланылып отырған пәшкеде жеті таблеткадан аз қалса, пайдаланылып отырған пәшке-дегі таблеткаларды қабылдап болғаннан кейін бірден Белара® препаратының жаңа қаптамасын-дағы таблеткаларды қабылдауды бастау керек, яғни екі қаптаманың арасында үзіліс болмауы ти-іс. Екінші қаптамадағы таблеткалар біткенге дейін әдеттегі «тоқтау» қан кетуі туындамауы ықти-мал; алайда, жаңа қаптамадағы таблеткаларды қабылдау кезінде лақылдап немесе жұғынды қан кетулер пайда болуы мүмкін. Егер «тоқтату» қан кетуі екінші қаптамадағы таблеткаларды қабыл-дау аяқталғаннан кейін де туындамаса, жүктілікке тест жасау керек

    Құсу немесе диарея жағдайларындағы ұсынымдар

    Егер құсу немесе қатты диарея таблетканы қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде туындаса, препа-раттың сіңуі толық болмауы мүмкін, сәйкесінше, контрацепцияның сенімділігіне кепілдік беріл-мейді. Бұл жағдайда «Таблеткаларды жүйесіз қабылдау» бөлімінде келтірілген ұсынымдарға сәй-кес әрекет жасау керек. Белара® препаратын қабылдауды жалғастыра беру керек.

    «Тоқтату» қан кетуін қалай кейінге шегеруге болады

    Қан кетуді кейінге қалдыру үшін, әйел Белара® препаратының келесі қаптамасындағы таблетка-ларды қабылдауды үзіліс жасамай жалғастыруы тиіс. Таблеткаларды қабылдауды екінші қаптама-дағы таблеткалар біткенше, қалауынша жалғастыруға болады. Екінші қаптамадағы таблеткаларды қабылдау кезінде болар-болмас қан аралас бөліністер немесе лақылдап қан кету пайда болуы мүмкін. Таблеткаларды қабылдаудағы әдеттегі 7 күндік үзілістен кейін Белара® препаратын жү-йелі қабылдауды қайта жаңғырту керек. Қан кетудің басталуын қолданыстағы сызбадағы қан кету күнінің басталуынан өзгешеленетін, аптаның келесі күніне жылжыту үшін, әйелге келесі жеті күн-дік үзілісті қалаған күндер санына дейін қысқартуды ұсынуға болады. Таблеткаларды қабылдау-дағы үзіліс неғұрлым қысқа болса, «тоқтату» қан кетуінің болмау қаупі және келесі қаптамадағы таблеткаларды қабылдау кезінде лақылдап кан кетудің немесе болар-болмас қан аралас бөлініс-тердің (қан кету кейінге шегерілгендегі сияқты) даму қаупі соғұрлым жоғары.

Әзірге Белара таб. 2мг/0,03мг №21 Гедеон пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
4535 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4535 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады