Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Наком таб. 250мг/25мг №100 Сандоз

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар №100
Белсенді зат:
Леводопа, карбидопа
Фармакологиялық топ:
Паркинсон ауруына қарсы препараттар
Элемент коды::
2700000203897
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
14 820 ₸
Бонустарды сатып алу: 148.20
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- Паркинсон ауруында

- паркинсонизм синдромында

- белсенді затқа немесе қосымша заттың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- моноаминооксидазаның (МАО) селективті емес тежегіштерін бір мезгілде қабылдау

- жабықбұрышты глаукома

- меланома немесе сыртартқысында меланоманың болуы

- терінің этиологиясы белгісіз аурулары

- жүктілік, лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- бүйректің және бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

Препаратты қолданғанда туындайтын жағымсыз әсерлер дофаминнің орталықтық нейрофармакологиялық әсеріне байланысты. Әдетте бұл реакциялар дозалауды төмендету жолымен азайтылуы мүмкін. Кеңірек таралған жағымсыз әсерлер арасында дискинезия, хорея тәріздіні қоса, дистониялық және басқа да еріксіз қозғалыс, сондай-ақ жүрек айнуы анықталады. Негізге алынып доза төмендету туралы шешім қабылданатын ерте белгілері бұлшықет тартылуы және блефароспазм болып табылады.

Жағымсыз әсерлер тізімі пайда болу жиілігіне сәйкес берілген. Жиілік жағдайлары төменде сипатталғанға сәйкес: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 – < 1/10 дейін) , жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000) және жиілігі белгісіз (жиілігі қолда бар деректер негізінде анықталмайтын).

Өте жиі (>1/10)

- дискинезиялар (хореяны қоса), дистония

Жиі ( 1/100 және  1/10)

- анорексия

-ұйқының бұзылуы, елестеулер, суицидті тенденциямен немесе онсыз депрессия, сананың шатасуы

- брадикиния эпизодтары («on-off» - синдромы), бас айналуы/вертиго, парестезия, ұйқышылдық, өте сирек болатын күндізгі сомноленция және кенет ұйықтап кету ұстамаларын қоса

- жүрек қағуы

- артериялық гипотензия ұстамаларын қоса, ортостатикалық әсерлері

- диспноэ

- диарея, құсу

- кеуденің ауыруы

Жиі емес ( 1/1000 және  1/100)

- қозу

- естен тану

- есекжем

- бұлшықет құрысулары

Сирек ( 1/10000 және  1/1000)

- агранулоцитоз, лейкопения, анемия (гемолитикалық және гемолитикалық емес), тромбоцитопения

- ангионевротикалық ісіну

- психоздық жай-күй көріністері (сандырақтауды және параноидтық ойлануларды қоса), либидо жоғарылауы

- патологиялық құмарлық, либидо жоғарылауы, аса жоғары сексуалдылық, әсіресе препаратты жоғары дозаларда қолданғанда (бұл білінулер дозаны төмендеткенде немесе препаратпен емді тоқтатқанда жойылып отырған)

- деменция, құрысулар

- жүрек функциясының бұзылуы

- артериялық гипертензия, флебиттер

- асқазан-ішек қан кетулері, он екі елі ішек ойық жарасының дамуы, сілекейдің күңгірттенуі

- тері қышынуы, Шенлейн-Генох ауруы, алопеция, бөртпе, тері бездері сөлінісінің күңгірттенуі

- несептің күңгірттенуі

Белгісіз жиілікпен

- қатерлі меланома

- дене салмағының азаюы немесе артуы, ісінулер

- үрейлену сезімі, бағдар жоғалту, эйфория, ұйқысыздық, бруксизм

- атаксия, қол треморының күшеюі, экстрапирамидті және қозғалыс бұзылуы, бас ауыруы, ойлау белсенділігінің төмендеуі, Бернар-Горнер синдромының жасырын күшейтілуі, ұю, естен тану, құлау, жүріс бұзылуы, окулогирлік криздер (көз алмасының сыртқы бұлшықеттерінің түйілулері), қозу жай-күйі, тризм

 

-блефароспазм, көрудің анық болмауы, қарашық ұлғаюы, диплопия

-бет терісіне қан "тебу", гиперемия

- қарлығу, тыныс алу бұзылуы

- ауыз құрғауы, сілекей ағу, дисфагия, іштің ауыруы және жайсыздық сезімі, іш қатуы, метеоризм, диспепсия, тіл күюін сезіну, ауызда ащы дәм сезіну, кекіру, жүрек айнуы

- жоғары тершеңдік

- бұлшықет тартылуы

- несеп ұстай алмауы, несеп шығару іркілісі

- приапизм

- астения, ісіну, шаршағыштық, дімкәстану, қатерлі нейролептикалық синдром, әлсіздік

- сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы, АСТ, АЛТ, лактатдегидрогеназа, билирубин мөлшерінің жоғарылауы, несеп қышқылы, плазмадағы мочевина азоты, сарысулық креатинин құрамының артуы, гиперурикемия, Кумбс оң сынамасы, гемоглобин және гематокрит төмендеуі, гипергликемия, лейкоцитоз, бактериурия, эритроцитурия

Құрамында карбидопа мен леводопа бар препараттар, егер кетонурияны анықтау үшін тест-жолақтар пайдаланылса, несепте кетонды денелерге жалғаноң реакция туғызуы мүмкін. Бұл реакциялар несеп сынамаларын қайнатқаннан кейін өзгермейді. Глюкозурияны анықтаудың глюкозооксидазды әдісін пайдаланған кезде жалғантеріс нәтижелер алынуы мүмкін.

 

Наком® препаратының оңтайлы тәуліктік дозасы әрбір емделуші үшін мұқият таңдау жолымен анықталуы тиіс. Таблеткалардың құрамында 1:10 арақатынасында карбидопа мен леводопа бар.

Жалпы жағдай

Емдеу үдерісінде дербес таңдап алынған доза мен препаратты қабылдау жиілігі талап етілуі мүмкін. Зерттеулер тәулігіне шамамен 70- 100 мг соңғы дозада қабылдағанда шеткергі дофа-декарбоксилаздың карбидопамен қанығатынын көрсетеді. Карбидопаның аз мөлшерін қабылдайтын емделушілер жүрек айнуы мен құсуды бастан өткеруі мүмкін.

Наком® препаратын тағайындаған жағдайда құрамында бір ғана леводопа бар дәріні қоспағанда, паркинсонизмді емдеуге арналған стандартты дәрілерді қабылдау жалғастырылуы мүмкін, бұл арада олардың дозасы қайтадан таңдалуы тиіс.

Әдеттегі бастапқы доза

Дозаны дәрігер емделушінің емге реакциясына сәйкес жекелей таңдап алады. Препараттың бастапқы дозасы тәулігіне 1 немесе 2 рет ½ таблетканы құрайды. Дегенмен мұндай дозалау карбидопаның емделушіге қажет ұтымды мөлшерін қамтамсыз етпейді. Сондықтан, қажет болған жағдайда ұтымды тиімділігіне қол жеткенге дейін күн сайын немесе күн ара ½ таблетка қосып отырады. Тиімділігі бірінші күні, кейде - бірінші дозаны қабылдағаннан кейін-ақ байқалады. Препараттың толық тиімділігіне леводопа қолданған моноем жағдайындағы апта және айлармен салыстырғанда жеті күнге дейінгі мерзімде қол жетеді.

Леводопамен емделген емделушілерді ауыстыру

Леводопаға қарағанда біріктірілген Наком® препаратын қолдану кезінде емдік әсері де және жағымсыз әсерлері де жылдам туындайтындықтан дозаны таңдау кезеңінде емделушілерді мұқият қадағалау керек. Көбіне, леводопамен салыстырғанда Наком® препараты еріктен тыс қозғалыстар туындатады. Олардың пайда болуы Наком® препаратының дозасын азайтуды қажет етуі мүмкін. Кейбір емделушілерде блефароспазм дозаны арттырудың ерте белгісі болуы мүмкін.

Наком® препаратымен ем бастағанға дейін ең кемі 12 сағат бұрын (ұзақ әсер ететін леводопа препараттарын қолданғанда 24 сағат бұрын) леводопа қабылдауды тоқтату керек. Наком® препаратының тәуліктік дозасы леводопаның алдыңғы тәуліктік дозасының шамамен 20% қамтамасыз етуі тиіс.

1500 мг-ден астам леводопа қабылдаған емделушілердің көпшілігінде бастапқы ұсынылатын доза Наком® препаратының тәулігіне 3 немесе 4 рет қабылданатын бір таблеткасын құрайды.

Демеуші ем

Емдеу жеке болуы тиіс және жүргізілген емнен көзделген нәтиже алатындай іріктеп алынуы тиіс. Леводопаның мидан тыс декарбоксилденуін ұтымды тежеу мақсатында күніне 70-100 мг кем емес карбидопа қабылдануы тиіс.

Қажет болғанда Наком® препаратының дозасын ең жоғары доза – тәулігіне 8 таблеткаға дейін жеткізгенге дейін күн сайын немесе күнара ½ немесе 1 таблеткаға дейін арттыру керек. Карбидопаның 200 мг-ден асатын тәуліктік дозасын қолдану тәжірибесі шектеулі.

 

Ұсынылатын ең жоғары дозасы

Ұсынылатын ең жоғары дозасы тәулігіне Наком® препаратының 8 таблеткасын (200 мг карбидопа мен 2 г леводопа) құрайды. Бұл емделушінің дене салмағы 70 кг кезіндегі 3 мг/кг карбидопа мен 30 мг/кг леводопаны құрайды.

Балаларда қолданылуы

Наком® препаратының кіші және орташа жастағы балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, және оны 18 жасқа дейінгі балаларды емдеу үшін қолдану ұсынылмайды.

Әзірге Наком таб. 250мг/25мг №100 Сандоз пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
15200 ₸  
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
14820 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
16365 ₸  
2
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
16365 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
14750 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
15200 ₸  
6
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
16365 ₸  
4
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
15200 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
14820 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
15200 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады