Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Эпиген Интим 0,1% 60мл спрей Хеминова

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Қінаптық спрей
Белсенді зат:
Глицирризиновая қiшқiлы
Фармакологиялық топ:
Гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған антисептиктер және микробқа қарсы препараттар.
Элемент коды::
8470000478864
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
8 530 ₸
Бонустарды сатып алу: 85.30
Қоймада жоқ
  • қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпада (алғашқы жедел және қайталану кезінде)

  • қайталанған ұшық вирусы жұқпаларының алдын алу үшін; Варицелл Зостер вирусынан туындаған белдемелі теміреткіде (біріктірілген ем құрамында)

  • адам папилломасы вирусының әртүрлі типтерінен туындаған (оның ішінде онкогенді) папилломави-русты жұқпаны емдеуде

  • спецификалық емес кольпитті және вагинозды емдеуде, қынаптық микрофлораны реттеуде

  • жыныс қатынасында қорғанбаған жұқпаның алдын алу үшін

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта.

  • препарат компоненттерін жеке көтере алмаушылық

 

Сирек жағдайларда жергілікті, соның ішінде жанаспалы дерматит түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Сыртқа, интравагинальді және интрауретральді.

Баллонды қолданар алдында шайқау керек.

Баллонды қолдану кезінде тік қалыпта ұстау керек.

Ересектерге

Препаратты сыртқа қолдану кезінде терінің барлық зақымданған беткейіне 4-5 см арақашықтықта кла-панды 1-2 басу арқылы жағылады, бұл оңтайлы емдік доза болып табылады.

Препаратты қынап ішіне қолдану үшін бүріккіші бар арнайы қондырғы ұсынылады. Пульверизатордан баллон клапанын шешіп, қондырғының клапанын кигізу қажет. Сонан соң қондырғыны қынапқа енгізіп, қондырғының клапанын 1- 2 рет басып бүркіп шашады, бұл оңтайлы емдік доза болып табылады.

Еркектерге қолдану кезінде, сыртқа жаққаннан басқа, препарат сыртқа несеп шығару өзекшелерінің тесіктеріне 0,5-1 см қашықтықта пульверизатор клапанын 1-2 рет басып шашыратады.

І типті ұшықтық вирусты жұқпалар, белдемелі теміреткіде 5 күн ішінде зақымдану ошағына күніне 6 рет қолдану ұсынылады. Үздіксіз жұқпа үдерісінде емдеу ұзақтығы ауру симптомдары толық кеткенге дейін созылады.

2 типті ұшықтық вирусты жұқпалар (жыныс мүшелері герпесі) цитомегаловирусты жұқпада 14 күн бойы күніне 5 рет сыртқа және интравагинальді, қайталануды басқаннан соң 10 күн бойы тәулігіне 3 рет.

Жыныс мүшелері герпесі мен цитомегаловирусты жұқпа қайталануларының алдын алу мақсатында пре-паратты сыртқа және қынапқа етеккір циклінің 18-20 күнінен еттеккір біткенге дейін таңертең және кешке күніне 2 рет қолдану ұсынылады.

Папилломавирустық жұқпалар кезінде препаратты мынадай жағдайларда қолдану ұсынылады:

- кондиломаны алып тастағанға дейін – этиотропты емдеудің бүкіл кезеңі бойы тәулігіне 3 рет.

- деструкция аясында - 10 күн бойы тәулігіне 5 рет және одан да ұзақ толық жазылғанға дейін.

- жақын арада қайталанулардың алдын алу үшін 1 ай бойы күніне 3 рет. Папилломавирустық жұқпалар үдеуінің алдын алу үшін, сондай-ақ үдеу факторлары туындаған кезде (стресс, әбден шаршағанда, респираторлық вирустық жұқпалар, микрофлораның бұзылуы, антибиотиктер, цитостатиктер қабыл-дау) жыныстық қатынастың алдында және кейін қолдану ұсынылады – түрткі болатын факторлардың бүкіл әсер ету кезеңі бойы қынап ішіне және сыртқа күніне 3 рет.

Бактериялық вагинозда, спецификалық емес вульвовагинитте және кандидозды вульвовагинитте: препаратты қынап ішіне күніне 3-4 рет 7-10 күн бойы қабылдау ұсынылады. Қажет болғанда емдеу курсын 10 күннен кейін қайталау керек. Түрткі болатын факторлар туындаған кезде (респираторлық вирустық жұқпалар, антибиотиктер, цитостатиктер қабылдау) - түрткі болатын факторлардың бүкіл әсер ету кезеңі бойы қынап ішіне және сыртқа күніне 3 рет.

 

Вирусқа қарсы алдын алатын дәрі ретінде препаратты жыныстық қатынастың алдында және кейін қолдану ұсынылады.

Әзірге Эпиген Интим 0,1% 60мл спрей Хеминова пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
8530 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
7810 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
8530 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
8530 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
8530 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
8530 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
8530 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады