Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Джентадуэто 2,5мг/1000мг №60таб Германия

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 60
Белсенді зат:
Метформин
Фармакологиялық топ:
Ішуге арналған қантты төмендететін препараттар.
Элемент коды::
9006968010908
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

2 типті қант диабетінде гликемиялық бақылауды жасарту мақсатында (емдәммен және дене жаттығуларымен бірге) линаглиптин мен метформинді бір мезгілде қолдану талапқа сай бо-латын жағдайларда: жалғыз метформинмен емдеудің тиімділігі жеткіліксіз емделушілерде не- месе линаглиптин мен метформиннің біріктірілімін әсері жақсы жекелеген препараттар түрін-де қабылдап жүрген емделушілерде.

ДЖЕНТАДУЭТОНЫ сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріп (біріктірілген үштік тера-пия) ең жоғарғы көтерімді дозаларда метформин мен сульфонилмочевина туындыларын қол-данып емдеудің тиімділігі жеткіліксіз болған емделушілерге емдәмге және дене жаттығула-рына қосымша тағайындауға болады.

 

 

 1 типті қант диабеті

 препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық

 диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома

 бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек қызметінің бұзылулары (креатинин клиренсі мину-тына 60 мл төмен)

 бүйрек қызметін бұзуы мүмкін жедел немесе созылмалы аурулар, мысалы: сусыздану, ауыр жұқпалар, шок, құрамында йод бар заттарды тамыр ішіне қолдану

 тіндік гипоксияны тудыруы мүмкін жедел немесе созылмалы аурулар, мысалы: жүректің немесе тыныс алудың жеткіліксіздігі, жуырда бастан өткерген миокард инфарктісі, шок

 бауыр жеткіліксіздігі

 жедел алкогольдік уыттану

 алкоголизм

 жүктілік және лактация кезеңі

 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

 

 

Линаглиптин мен метформиннің біріктірілімін белгіленген дозаларда қабылдап жүрген ем-делушілерде:

Жиі

 тәбеттің төмендеуі, диарея, құсу

 гипогликемия

Жиі емес

 назофарингит

 бронхтардың аса жоғары белсенділігі

 амилаза белсенділігінің жоғарылауы

 аса жоғары сезімталдық (ангионевротикалық ісіну, есекжем, бөртпе)

Сирек

 бас ауыруы, бас айналуы

 құсу

 панкреатит

 жөтел

 қышыну

Метформинмен монотерапия жүргізілген емделушілерде:

Жиі

 дәм сезулердің бұзылуы

 іштің ауыруы

 гепатобиллиарлық бұзылыстар: бауыр қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі, гепатит

 эритема, есекжем

Сирек

 метаболикалық бұзылулар: лактоацидоз

 B 12 витамині сіңуінің бұзылуы (ұзақ уақыт емдеуде) B 12 витаминінің клиникалық ма-ңызды тапшылығына, мысалы мегалобластты анемияға алып келуі мүмкін (өте сирек жағ-дайларда).

 

 

Ішке қабылдауға арналған. Ұсынылатын дозасы күніне екі рет 2,5 мг/850 мг немесе 2,5 мг/1000 мг.

Дозалау емделушіні ағымдағы емдеу режимінің, оның тиімділігі мен көтерімділігінің негі-зінде жекелей таңдалуы тиіс. ДЖЕНТАДУЭТОНЫҢ ұсынылатын тәуліктік дозасы 5 мг лина-глиптин және 2000 мг метформинді құрайды.

ДЖЕНТАДУЭТОНЫ метформиннен туындаған, асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жа-ғымсыз құбылыстарды азайту мақсатында тамақтану кезінде қабылдау керек.

2 типті қант диабеті метформинмен монотерапияда ең жоғары көтерімді дозада жеткіліксіз бақыланатын науқастар үшін, ДЖЕНТАДУЭТО әдетте, линаглиптиннің дозасы күніне екі рет 2,5 мг құрайтындай (тәуліктік дозасы 5 мг), ал метформиннің дозасы бұрынғыдай қалатындай болып тағайындалуы тиіс.

Линаглиптин мен метформинді бірге қолданудан көшірілетін емделушілер үшін, ДЖЕНТА-ДУЭТО, линаглиптин мен метформиннің дозалары бұрынғыдай болатындай қылып таға-йындалуы тиіс.

2 типті қант диабеті метформиннің ең жоғары көтерімді дозалары мен сульфонилмочевина туындысын қолданып қосарлы біріктірілген емдеумен бақыланбайтын емделушілерде, ДЖЕНТАДУЭТО әдетте линаглиптиннің дозасы күніне екі рет 2,5 мг құрайтындай (тәуліктік дозасы 5 мг), ал метформиннің дозасы дәл бұрынғыдай тағайындалуы тиіс.

ДЖЕНТАДУЭТО гипогликемия қаупін төмендету үшін сульфонилмочевина туындыларымен біріктіріліп пайдаланылғанда, сульфонилмочевина туындысының төменірек дозасы қажет болуы мүмкін.

Метформиннің түрлі дозаларын қолдану мақсатында ДЖЕНТАДУЭТО мынадай дозалы түр-лермен шығарылады: 2,5 мг линаглиптин + 850 мг метформин гидрохлориді немесе 1000 мг метформин гидрохлориді.

Бүйрек қызметінің бұзылулары

ДЖЕНТАДУЭТО (оның құрамында метформин болуына байланысты) бүйрек қызметінің орташа немесе айқын бұзылулары бар емделушілерге (креатинин клиренсі <60 мл/мин) қарсы көрсетілімді.

Бауыр қызметінің бұзылулары

ДЖЕНТАДУЭТО (оның құрамында метформин болуына байланысты) бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерге қарсы көрсетілімді.

Егде жастағы емделушілерде

Метформин бүйрекпен бөлініп шығатындықтан, ал ДЖЕНТАДУЭТОНЫ қабылдап жүрген егде жастағы емделушілерге бүйрек қызметінің төмендеу тенденциясы тән болғандықтан, бүйрек қызметін жүйелі түрде бақылап отыру қажет.

Жіберіліп алған дозасы

Препаратты қабылдау жіберіліп алған жағдайда, оны емделуші есіне түскен бойда қабыл-дауы керек. Екі дозасын бір мезгілде қабылдамаған жөн.

 

Әзірге Джентадуэто 2,5мг/1000мг №60таб Германия пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады