Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Инфорин Актив гель 40,0

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Гель
Белсенді зат:
Ибупрофен, левоментол
Фармакологиялық топ:
Жергілікті қолдануға арналған қабынуға қарсы стероидты емес препараттар.
Элемент коды::
3800714218329
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 845 ₸
Бонустарды сатып алу: 56.90
Қоймада жоқ

 

 - шығу тегі әр түрлі бұлшықет және буын ауыруын жергілікті симптоматикалық емдеуде, сондай-ақ ауы-руы мен қабынуды азайту үшін жеңіл жарақатты зақымдануда (сіңірдің созылуы, соғылу, спорттық жара-қаттар)

- ревматизм кезінде ауыру синдромын кешенді емдеуде

 

 

 

 - ибупрофенге, левоментолға, ацетилсалицил қышқылына немесе препараттың басқа компоненттеріне немесе басқа ҚҚСП жоғары сезімталдық

- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдауға байланысты бронх демікпесі, бронх түйілуі, ринит, есекжем.

- зақымданған немесе қабынған тері

- жергілікті инфекцияның бар болуы

- бір мезгілде терінің бір бөлігінде жергілікті қолдануға арналған басқа да дәрілік заттарды қолдану

- жүктіліктің соңғы триместрі

- 12 жасқа дейінгі балалар.

 

 

 Жағымсыз реакциялардың пайда болу жиілігін бағалау үшін келесі критерийлер қолданылады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).

Жиі:

- бөртпе, қышыну, есекжем, терінің құрғауы, қызаруы, күйдіріп-ашыту сезімі, жанаспалы дерматит.

Сирек (ибупрофенге байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялары):

- спецификалық емес аллергиялық және анафилаксиялық реакциялар

- тыныс алу жолы тарапынан жоғары сезімталдық реакциялары (демікпе, демікпенің асқынуы, бронх түйілуі және ентігу)

- бөртпе, қышыну, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну, сирегірек буллезды дерматоздар (уытты эпидермалды некролиз, мультиформалы эритема).

Өте сирек:

- ҚҚСП жергілікті қолданған кезде (гельдің жағылған мөлшеріне, гель жағылатын беткейдің көлеміне, тері тұтастығының деңгейіне, емдеу ұзақтығы мен окклюзиялық таңғышты пайдалануға байланысты) іштің ауыруы, диспепсия, бүйрек жеткіліксіздігі сияқты жүйелік әсерлердің пайда болуы мүмкін.

Белгісіз:

- бүйрек функциясының бұзылулары (анамнезде бүйрек ауыруы туралы деректер бар пациенттерде).

 

 

 Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда, сондай-ақ егде жастағы тұлғаларда тек сыртқа қолдануға ар-налған. 1-4 см гельді ауыратын аймаққа жағады және сіңгенге дейін аздап сылайды. Қажет болған жағ-дайда қайта қолданады, әр қолдану арасында кем дегенде 4 сағат аралықты сақтай отырып, күніне үш ретке дейін қолданады. Егер екі апта емдегеннен кейін жағдай жақсармаса, дәрігерге қаралған жөн.

12 жастан кіші балалар

Тиімділік қауіпсіздігі бойынша деректердің жоқтығына байланысты препаратты 12 жастан кіші балаларға қолдану ұсынылмаған.

Егде жастағы тұлғалар

Егде жастағы пациенттерде барлық ҚҚСП жағымсыз реакциялардың дамуына айқын бейімділігіне байла-нысты сақтықпен қолданған жөн.

Бүйрек және бауыр функциялары бұзылған пациенттер

Айқындылық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі бауыр және бүйрек функциялары бұзылған пациент-терде құрамында ибупрофен бар препараттарды клиникалық симптоматиканы жою үшін қажетті болатын ең қысқа мерзім ішінде ең төмен тиімді дозада қабылдаған жөн.

 

Әзірге Инфорин Актив гель 40,0 пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2845 ₸  
10
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
3015 ₸  
2
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
3000 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
1545 ₸  
4
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
3015 ₸  
4
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2880 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
2880 ₸  
5
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
3015 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады