Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Никоретте 2мг №30 жев. рез. Морозная мята Швеция

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Жевательная резинка
Белсенді зат:
Никотина резинат
Фармакологиялық топ:
Басқалар
Элемент коды::
3574661151519
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

Төмендегі жағдайларда никотинді қажет етуді төмендету жолымен шылымға тәуелділікті емдеу үшін:

  • шылым шегуді тастаймын деп шешкен емделушілерде шылым шегуден толық бас тартқанда туындайтын «тоқтату» симптомдарының азаюында

  • шылым шегуден уақытша бас тартқанда

  • шылым шегуден толық бас тарта алмайтын немесе толық бас тартқысы келмейтіндер шегілетін шылым санын азайтқанда

 

 

- никотинге немесе шайнайтын резеңкенің басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балалық және жасөспірімдік жас

Сақтықпен

Никоретте® шайнайтын резеңкесін жүрек-қан тамырлар жүйесінің бұзылуы бар, ішінара қолдануды бастар алдын-да 1 ай ішінде күрделі жүрек-қан тамырлар (инсульт, тұрақсыз стенокардия, аритмия, миокард инфарктісі, шунттау немесе ангиопластика сияқты) ауруларымен ауырған немесе бақыланбайтын артериялық гипертензиямен ауырған емделушілерге алдын ала дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолдану керек.

Никоретте® шайнайтын резеңкесін бауыр қызметінің орташа немесе айқын бұзылуы, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы асқынуы бар науқастарда сақтықпен тағайындау керек.

Орын басушы емде немесе шылым шегуде адам ағзасына түсетін никотин бүйрек үсті безінің ми қабаттарынан ка-техоламиндерінің босап шығуын туындатады. Осыған байланысты Никоретте® шайнайтын резеңкесін бақылан-байтын гипертиреозбен, феохромоцитомамен, сондай-ақ қант диабетімен науқастарда сақтықпен қолдану керек.

 

 

Ұсынылған дозадағы Никоретте® шайнайтын резеңкесі күрделі жағымсыз әсер туындатпайды. Ем басында шай-найтын резеңке құрамындағы никотин кейде тамақтың әлсіз тітіркенуін және сілекейдің көп бөлінуін туындатуы мүмкін. Ем басында еріген никотиннің шамадан тыс мөлшерін жұтудан ықылық болуы мүмкін.

Темекі түтінін жұтып үйренбеген тұлғаларда Никоретте® шайнайтын резеңкесін шамадан тыс пайдалану жүрек айнуына, әлсіздікке немесе бас ауыруына (темекі түтінін жұтқан осындай емделушілерде туындайтын белгілерге ұқсас) алып келуі мүмкін.

 

Өте жиі

- бас ауыруы

- асқазан-ішектегі жайсыздық, ықылық, жүрек айнуы

-тамақтың немесе ауыздың ауыруы, шайнайтын бұлшықеттердің ауыруы, стоматит, фарингит

Жиі

- бас айналуы

- құсу

Сирек

- жүрек қағуының жиілеуі

- аллергиялық реакциялар: эритема, есекжем, ангионевротикалық ісіну

Өте сирек

- жүрекшеде ырғақ бұзылуы

Бас айналуы, бас ауруы және ұйқы бұзылуы сияқты кейбір белгілер шылым шегуден бой тартқанда туындайтын «тоқтату» симптомдарымен байланысты болуы мүмкін. Шылым шегуден бас тартқаннан кейін емделушілерде жоғары жиілікпен афтозды ойық жаралар туындауы мүмкін.

Ас қорыту бұзылыстарына бейімі бар тұлғаларда Никоретте® 4 мг шайнайтын резеңкесімен емнің басында ас қорытудың елеусіз бұзылыстары немесе қыжыл болуы мүмкін; әдетте бұл мәселе резеңкені баяуырақ шайна-ғанда және құрамында 2 мг никотин бар (қажет болғанда азырақ аралықпен) резеңке қолданғанда жойылады.

 

 

Шылым шегу қарқындылығына қарай доза жеке таңдалады.

Егер емделуші күніне 20 шылымнан аз шексе немесе бірінші шылымды оянғаннан соң 30 минуттан кейін шексе Никоретте® шайнайтын резеңкесі 2 мг (құрамындағы никотин орташа мөлшерде) қолдану керек.

Егер емделуші күніне 20 шылымнан көп шексе немесе ол шайнайтын резеңкені 2 мг дозада қолданғанда шылым шегуді тастай алмаса Никоретте® шайнайтын резеңкесін 4 мг (құрамындағы никотин мөлшері жоғары) қолдану керек.

Никореттені® шылым шегу құмарлығы қатты ұстағанда әрқашан мына сызбаға сәйкес қолдану керек:

  • Өткір дәм пайда болғанға дейін резеңкені баяу шайнаңыз.

  • Шайнауды тоқтатыңыз және резеңкені қызыл иек пен ұрт аралығында қалдырыңыз.

  • Дәм кете бастағанда резеңкені қайта шайнай бастаңыз.

    Шылым шегуден толық бас тарту

    Ересектер

    Шылым шегуді тоқтатып, бір уақытта тек бір ғана жастықшаны шайнау керек.

    Шылым шегуден толық бас тартқанда бір күнде шайнайтын резеңке мөлшері никотинге тәуелділік дәрежесімен анықталады, бірақ әдетте күніне 8-12 дананы құрайды және бұл күніне 15 данадан аспауы керек.

    Шайнайтын резеңкені көрсетілген дозада 3 айға дейін қолдану керек, одан кейін шайнайтын резеңкенің күн сайынғы санын толық тоқтатқанға дейін біртіндеп азайту керек. Препаратты қолдануды тәуліктік дозасы күніне 1-2 дана болғанда тоқтатады. Никотин-алмастыратын емді 9 айдан астам уақыт бойы алған ересектерге маманнан қосымша көмек және кеңес алу ұсынылады.

    Шегілетін шылым санын қысқарту

    Ересектер

    Шайнайтын резеңкені шылым шегу аралықтарын ұзарту, шылымды пайдалануды барынша төмендету үшін пайдалану керек. Егер 6 аптаның ішінде сигареттерді тәуліктік пайдалануды төмендетуге қол жетпесе, маман дәрігердің кеңесін алған жөн.

     

    Шылым шегуді тастауға шылым шегуші өзін дайын сезінгенде қадам жасау керек, бірақ бұл ем бастағаннан 6 айдан кеш болмауы тиіс. Егер ем басталғаннан кейін 9 ай бойына шылымды тәуліктік тұтынуды төмендету мүмкін болмаса маманға қаралу керек.

    Медициналық кеңес алу мен психологиялық демеумен қамтамасыз етуді бір мезгілде жүргізу әдетте ем тиімділігін арттырады.

    Шылым шегуден уақытша бас тарту

    Шайнайтын резеңкені шылым шегуден іркіле тұру қажет болған кезеңдерде, мысалы, шылым шегуге тыйым салынған жерлерде болғанда немесе шылым шегуден іркіле тұру қажет болған басқа жағдайларда қолдануға болады.

    Никотині бар (бұласырмен) Никоретте® трансдермальді емдеу жүйесімен біріктіре қолдану

    РЕКЛАМА

    Тек шайнайтын резеңкені ғана қолданып шылым шегуді тастай алмаған, болмаса жергілікті жағымсыз әсерлерден шайнайтын резеңкенің тәуліктік тұтыну мөлшерін төмендеткісі келетін шылым шегушілер Никоретте® бұласырын 2 мг шайнайтын резеңкемен бірге қолдана алады.

    Бастапқы ем:

    Емдеуді таңертең оянғаннан кейін терінің зақымданбаған бөлігіне күн сайын 15мг/16 сағатқа бір бұласырдан қою және ұйықтар алдында алып тастауды 2 мг шайнайтын резеңкемен біріктіре отырып бастау керек. Тәулігіне кемінде 2 мг 4 шайнайтын резеңкеден қолданады; әдетте 5-6 шайнайтын резеңке жеткілікті болады. Толық дозасын 6-12 апта бойына қолдану керек, содан соң препаратты тастау керек.

    Препарат біріктірілімін тоқтату:

    Бұны жасаудың екі әдісі бар. Бірінші әдіс: дозасы азырақ бұласыр қолдану көмегімен, яғни 3-6 апта бойына 10 мг/16 сағаттық бұласыр қолдану керек және содан кейін ем басындағыдай 3-6 апта бойына 5 мг/16 сағаттық бұласырды сондай мөлшердегі 2 г шайнайтын резеңкемен қолданып, содан соң 2 мг-дан шайнайтын резеңке мөлшерін біртіндеп төмендете отырып 12 ай бойы қолданады.

    Екінші әдіс бұласыр қолдануды 12 ай бойына шайнайтын резеңке мөлшерін 2 мг-дан біртіндеп төмендете отырып тоқтату болып табылады.

    Ұсынылатын доза:

    Бастапқы ем

    Уақыты

    Бұласыр

    2 мг шайнайтын резеңке

    Бастапқы 6 – 12 апта

    1 бұласыр 15 мг/16 сағат күн сайын

    Тәулігіне 5 – 6 шайнайтын резеңке ұсынылады.

    Тастау  –1тәсілі

    Келесі 3 – 6 апта

    1 бұласыр 10 мг/16 сағат күн сайын

    Шайнайтын резеңке қолдануды қажетіне қарай жалғастыру

    Келесі 3 – 6 апта

    1 бұласыр 5 мг/16 сағат күн сайын

    Шайнайтын резеңке қолдануды қажетіне қарай жалғастыру

    12 айға дейін

    ---------------

    Шайнайтын резеңке қолдануды біртіндеп тастау

    Тастау –2 тәсілі

    12 айға дейін

     

    Шайнайтын резеңке қолдануды біртіндеп тастау

    Көрсетілген дозадан жоғарылатпау керек!

    Шылым шеккісі келгенде пайдалану үшін шайнайтын резеңкені өзімен бірге алып жүру керек.

 

Әзірге Никоретте 2мг №30 жев. рез. Морозная мята Швеция пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады