Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Упсарин упса таб. шип. №16 Бристол-Майерс

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Көпіршитін таблеткалар
Белсенді зат:
Ацетилсалицил қышқылы
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
2700000196137
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
1 715 ₸
Бонустарды сатып алу: 51.45

- бас ауыруында (оның ішінде, алкогольдік абстинентті синдроммен байланысты), тіс ауыруында, бас сақинасында, невралгияда, кеуделік түбіршектік синдромда, бұлшықет пен буындардың ауыруында, етеккір кезіндегі ауруларда

 

- тұмау және басқа жұқпалы-қабынбалы аурулардағы жоғары дене температурасында (ересектер мен 16 жастан асқан балаларда).

Бұл дәрілік затты мына жағдайларда қолдануға болмайды:

- ацетилсалицил қышқылына немесе қандай да бір құрамдас бөлігіне жоғары сезімталдықта

- фенилкетонурияда, өйткені препараттың құрамында аспартам бар

- сыртартықыда салицилаттарды немесе осыған ұқсас белсенді заттарды, әсіресе, қабынуға қарсы стероидтық емес препараттарды қабылдаудан туындаған демікпе болса

- жүктіліктің үшінші триместрінде (тәулігіне ≥ 500 мг және қабылдауға)

- белсенді фазадағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында

- кез-келген конституциональді немесе жүре пайда болған геморрагиялық ауруларда

- геморрагия қаупінде

- бауыр мен бүйректің ауыр жеткіліксіздігінде

- ауыр, бақыланбайтын жүрек жеткіліксіздігінде

- аптасына 15 мг-ден асатын дозада метотрексатпен біріктіруге,

- ацетилсалицил қышқылының жоғары дозаларын пайдалануда пероральді антикоагулянт-тармен біріктіруге

 

- 16 жасқа дейінгі балаларға (Рейе синдромы дамуының қаупі жоғары).

Асқазан-ішек жолы тарапынан әсерлер

- іштің ауыруы

- айқын (қан құсу, қанды нәжіс және т.б.) немесе жасырын асқазан-ішек қан кетуі, темір тапшылығы анемиясына себеп болады. Дозасы жоғары болған сайын, мұндай қан кетулердің туындау жиілігі жоғары болады.

- асқазанның ойық жаралары мен тесілуі.

Орталық жүйке жүйесі тарапынан әсерлер

- бас ауыруы, вертиго

- естудің нашарлауын сезіну

- құлақтағы шуыл, ол әдетте артық дозаланудың белгісі болып табылады.

Гематологиялық әсерлер

Геморрагиялық синдром (мұрыннан қан кету, қызыл иектің қанауы, пурпура, және т.б.) хирургиялық араласуға ұшыраған емделушілерде қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Жоғары сезімталдық реакциясы

Есекжем, тері реакциялары, анафилактикалық реакциялар, демікпе, Квинке ісінуі.

 

Рейе синдромы.

Тек ересектер мен 16 жастан асқан балалар үшін

Ең жоғарғы ұсынылған тәуліктік дозасы 3 г аспиринді, яғни, тәулігіне 6 көпіршитін таблетканы құрайды.

Әдеттегі дозасы 500 мг-лік бір көпіршитін таблетканы құрайды. Қажет болған жағдайда дозасын 4 сағаттан кем емес аралықпен қайталауға болады. Ауыру қарқындырақ немесе қызба болса, 500 мг-ден екі көпіршитін таблетка дозасын қабылдауға болады, қажет болса оны 4 сағат аралықпен, дозасын тәулігіне 6 көпіршитін таблеткадан асырмай қайталауға болады.

Егде жастағы тұлғалар:

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 2 г аспирин, яғни, тәулігіне 4 көпіршитін таблетканы құрайды.

 

Әдеттегі дозасы 500 мг-лік бір көпіршитін таблетканы құрайды. Қажет болған жағдайда дозасын 4 сағаттан кем емес аралықпен қайталауға болады. Ауыру қарқындырақ немесе қызба болса, 500 мг-ден екі көпіршитін таблетка дозасын қабылдауға болады, қажет болса оны 4 сағат аралықпен, дозасын тәулігіне 4 көпіршитін таблеткадан асырмай қайталауға болады.

Әзірге Упсарин упса таб. шип. №16 Бристол-Майерс пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
1715 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
1715 ₸  
2
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
1715 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
1715 ₸  
2
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
1715 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады