Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Артоксан 20мг №10табл Уорлд Медицин.

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Теноксикам
Фармакологиялық топ:
Қабынуға қарсы және ревматизмге қарсы препараттар, стероидты емес.
Элемент коды::
8699916090551
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 455 ₸
Бонустарды сатып алу: 49.10
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- остеоартрит және ревматоидты артрит кезіндегі ауыру мен қабынуды жеңілдету үшін;

- созылуларды, шығып кетулерді және жұмсақ тіндердің басқа зақымдануларын қоса, тірек-қимыл аппа-ратының жедел ауруларын қысқа мерзімді емдеу үшін.

- препарат компоненттеріне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ҚҚСП жоғары сезімталдық

- салицилаттарға, ибупрофенге, аспиринге немесе басқа ҚҚСД жоғары сезімталдық (демікпе симптомда-рын, ринитті, ангионевроздық ісінуді немесе есекжемді қоса)

- белсенді немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойық жара/қан кету (ойық жаралану немесе қан кетудің дәлелденген екі немесе одан да көп айқын жағдайы);

- асқазан-ішектен қан кету (мелена, қан құсу), ҚҚСД алдыңғы қолданудан туындаған тесілу, немесе анамнездегі ауыр гастрит;

- бауыр және бүйрек функциясының айқын бұзылулары

- қант диабеті

- артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі, ісінулер

- жүктілік, лактация кезеңі

- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар

- 18 жасқа дейінгі балалар.

Байқалған жағымсыз әсерлері әдетте әлсіз әрі өткінші болды. Пациенттердің аз санында жағымсыз әсерлердің салдарынан емдеуі тоқтату қажет болды.

Жүйелер мен ағзалардың зақымдануын жіктеу бойынша кластар ішінде жағымсыз реакциялар мынадай белгілеулерді қолдана отырып жиілігі (аталған реакцияның пайда болуы күтілетін пациенттер саны) бойынша тізбеленген:

Өте жиі (≥1/10)

Жиі ( ≥1/100 - <1/10)

Жиі емес (≥1/1000 - <1/100)

Сирек (≥1/10000 - <1/1000)

Өте сирек (<1/10000)

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиілігі белгісіз: агранулоцитоз, анемия, апластикалық анемия, гемолиздік анемия, лейкопения, тромбоцитопения, тромбоцитопениялық емес пурпура, эозинофилия.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиілігі белгісіз: демікпе, анафилаксиялық реакциялар, ангионевроздық ісіну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.

Метаболизм және тамақтану бұзылулары

Жиі: анорексия.

Сирек: метаболизм бұзылулары (мысалы, гипергликемия, дене салмағының артуы/азаюы).

Психика бұзылулары

Сирек: ұйқы бұзылулары (мысалы, ұйқысыздық), депрессия, күйгелектік, қалыптан тыс түс көрулер.

Жиілігі белгісіз: сананың шатасуы, елестеулер.

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі: бас айналуы, бас ауыруы.

Жиілігі белгісіз: ұйқышылдық, парестезиялар.

Көру мүшесі тарапынан бұзылулар

Жиілігі белгісіз: көру бұзылулары (көру өткірлігінің нашарлауы және көздің бұлдырауы сияқты), көздің ісінуі, көздің тітіркенуі.

Есту мүшелері мен тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

Сирек: вертиго.

Жиілігі белгісіз: құлақтағы шуыл.

Жүрек тарапынан бұзылулар

Сирек: жүрек соғуының жиілеуі

Жиілігі белгісіз: жүрек жеткіліксіздігі

Егде жастағы пациенттер мен жүрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде іркілісті жүрек жеткі-ліксіздігінің туындау ықтималдығын ескеру қажет.

Тамырлар тарапынан бұзылулар

Сирек: тромбоздық құбылыстар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт).

Жиілігі белгісіз: васкулит, гипертензия.

Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері, циклооксигеназа-2 іріктелген теже-гіштері (ЦОГ-2 тежегіштерін) мен кейбір ҚҚСД қолдану (әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы) артериялық тромбоздық құбылыстардың (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) туындау қаупінің аздап жоғарылауына алып келуі мүмкін екенін көрсетеді.

Теноксикам миокард инфарктісі сияқты тромбоздық құбылыстардың туындау жиілігін арттырмағанына қарамастан, қолда бар деректер теноксикамның ондай қаупін жоққа шығару үшін жеткіліксіз болып та-былады.

Тыныс алу, кеуде қуысы мен көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар

Сирек: бронх түйілуі, асқынған демікпе, ентігу.

Жиілігі белгісіз: мұрыннан қан кету.

Бронх түйілуі мен асқынған демікпе ҚҚСД-мен емдеу кезінде байқалды.

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Өте жиі: асқазанның, эпигастрий аймағы мен іш тұсының ауыруы және жайсыздық, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, метеоризм, іш қату, ас қорытудың бұзылуы, эпигастральді жайсыздық, стоматит.

Жиі: асқазан-ішектен қан кету, асқазан-ішек жолының тесілуі, асқазан-ішек жолының ойық жарасы, кейде өлімге соқтыратын пептидтік ойық жара (әсіресе егде жастағы пациенттерде), қан құсу, қан аралас нәжіс, іш қату, ауыз қуысының ойық жаралануы, гастрит, ауыздың құрғауы, колит пен Крон ауруының өршуі («Пайдалану кезіндегі ееркше сақтандырулар және сақтық шаралары» 4.4. бөлімін қараңыз).

Өте сирек: панкреатит.

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес: бауыр ферменттері деңгейлерінің жоғарылауы.

Жиілігі белгісіз: гепатит, сарғаю.

Тері мен теріасты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі емес: қышыну, эритема, экзантема, бөртпе, есекжем.

Сирек: везикула-буллездік реакциялар.

Өте сирек: терінің ауыр жағымсыз реакциялары (ТАЖР): Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидер-малық некролиз.

Жиілігі белгісіз: фотосезімталдық реакциясы.

ҚҚСД-мен емдеуден кейін тырнақтар тарапынан болатын бұзылулар мен фотосезімталдық реакциялары туындаған сирек жағдайлар туралы хабарланған.

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Жиі емес: қандағы мочевина немесе креатинин деңгейлерінің жоғарылауы.

Жиілігі белгісіз: нефроуыттылық (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициальді нефрит, нефроз-дық синдром, қандағы мочевина немесе креатинин деңгейлерінің жоғарылауы).

Ұрпақ өрбіту жүйесі мен сүт бездері тарапынан бұзылулар

Теноксикамды қоса, циклооксигеназа/простагландиндер синтезін бәсеңдететін препараттармен емдеу кезінде әйелдердегі бедеуліктің жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.

Артоксанды ішке қабылдайды.

Тамақ ішкен кезде немесе тамақтан кейін қабылдаған жөн.

Препаратты 20 мг дозада тәулігіне 1 рет белгіленген уақытта тағайындайды.

Жоғарырақ дозаларын тағайындаудан аулақ болу керек, өйткені клиникалық елеулі әсерге жетуі байқал-майды, сонымен қатар жағымсыз реакциялардың даму қаупі артады.

Әдетте препаратты 7 күннен асырмай қабылдайды, бірақ ауыр жағдайларда ең көбі 14 күнге дейін қа-былдануы мүмкін.

Әзірге Артоксан 20мг №10табл Уорлд Медицин. пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
2
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
2455 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
1930 ₸  
1
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2150 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2455 ₸  
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
2150 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
1930 ₸  
2
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
2455 ₸  
3
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2455 ₸  
1
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
2455 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
2455 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
1930 ₸  
1
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
2150 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
1930 ₸  
2
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
2455 ₸  
8
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
1930 ₸  
2
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
2150 ₸  
2
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
2455 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2150 ₸  
2
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2455 ₸  
3
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2455 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
2150 ₸  
1
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2455 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
1930 ₸  
5
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
2455 ₸  
3
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
2455 ₸  
2
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
2455 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
1930 ₸  
1
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
2455 ₸  
1
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
2150 ₸  
2
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
2455 ₸  
6
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
2455 ₸  
7
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2455 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады