Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Метипред таб. 16мг №30 Орион

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Метилпреднизолон
Фармакологиялық топ:
Жүйелі пайдалануға арналған гормоналды препараттар
Элемент коды::
643210001876
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
4 685 ₸
Бонустарды сатып алу: 93.70
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ревматоидты артрит, соның ішінде ювенильді ревматоидты артрит, шорбуынданатын спондилит

- жүйелі қызыл жегі, ревматизм ауруы, соның ішінде жедел ревмокардит, жүйелі дерматомиозит (полимиозит), түйінді периартериит

- сулы бөртпе

- әдеттегі ем тиімсіз болатын ауыр, мүгедектікке ұшырататын аллергиялық жағдайлар: бронх демікпесі, жанаспалы дерматит, атопиялық дерматит, сарысу құю ауруы, маусымдық немесе тұрақты аллергиялық ринит, дәрілік затқа аса жоғары сезімталдық реакциясы

- ирит, иридоциклит, артқы увеит және ретробульбарлы неврит

- ойық жаралы колит, Крон ауруы

- өкпе саркоидозы, аспирациялық пневмонит

- жүре пайда болған (аутоиммундық) гемолиздік анемия, идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

- лейкемия (жедел және лимфалық), лимфосаркома, лимфома, қатерлі миеломалы ауру

 

- трансплантаттың қабылданбай ажырау реакциясын бәсеңдету үшін

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- туберкулез, басқа да жедел және созылмалы бактериялық немесе вирустық инфекциялар (тиісті химиялық еммен қорғалусыз)

 

- жүйелік зеңді инфекциялар

Ауыр жағымсыз реакциялардың дамуы дозаның шамасына және емдеу ұзақтығына байланысты. Жағымсыз реакциялар, әдетте, препаратпен ұзақ уақыт емдегенде дамиды, қысқа кезең ішінде олардың пайда болу ықтималдығы аз.

- бактериялық, вирустық және зеңдік инфекциялардың дамуы және өршуі, туберкулездің қайталануы, иммуносупрессия

- эозинофильдер, моноциттер және лимфоциттер саны төмендегенде лейкоциттердің жалпы санының жоғарылауы, тромбоцитоз

- гиперкоагуляция, тромбоз

- гипоталамусты-гипофизарлы-бүйрекүстілік без жүйесінің бәсеңдеуі, балалардағы өсудің баяулауы, жыныстық даму кідірісі, етеккір оралымының бұзылуы, жыныс гормондары өндірілуінің бұзылуы (аменорея), Кушинг синдромы, гирсутизм

- тәбеттің артуы, дене салмағының артуы, көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі, инсулинге және ішуге арналған қант төмендететін препараттарға қажеттіліктің жоғарылауы, гиперлипидемия, теріс азот теңгерімі, гипокальциемия, гипокалиемия, гипокалиемиялық алкалоз, организмдегі натрий және сұйықтық кідірісі

- бас ауыру, бас айналу, ашушаңдық, үрейлену, көңіл-қүйдің құбылуы, ұйқысыздық, эйфория, депрессия, суицидке бейімділік, мания, елестеулер, психикалық тәуелділік, психоздар, шизофренияның өршуі, деменция, құрысу ұстамалары, когнитивтік дисфункция (амнезия мен сананың шатасуын қоса), бассүйекішілік қысымның көтерілуі

- көзішілік қысымның көтерілуі, глаукома, көру жүйкесі дискісінің ісінуі, катаракта, көздің мөлдір қабығы мен ақ қабығының жұқаруы, көздің вирусты және зеңді инфекциялық өршулері, экзофтальм

- миокард инфарктісі, артериялық гипо- немесе гипертензия, брадикардия, қарыншалық аритмия, асистолия (препаратты тез енгізу нәтижесінде), атеросклероз, тромбоз, васкулит, жүрек жеткіліксіздігі

- өліммен аяқталатын анафилаксиялық шокты қамтитын аллергиялық реакциялар, тері сынамаларына реакциялардың өзгеруі

- жүрек айну, құсу, ауыздан жағымсыз иіс шығу, метеоризм, эзофагит, өңештің ойық жарасы, өңеш кандидозы, тесілумен және қан кетумен болатын асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, панкреатит, өт қалтасының тесілуі, жергілікті илеит, ойық жаралы колит

- АЛТ, АСТ және сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

- регенерацияның баяулауы, тері атрофиясы, петехиялар, гематомалар, жолақтар, телеангиэктазия, безеу бөртпесі, экхимоз, пурпура, гипер- немесе гипопигментация, препаратты тоқтатудан кейін 2 апта ішінде эритематоздың, ыстық теріастылық қалыңдаудың пайда болуымен сипатталатын стероидтан кейінгі панникулит

- Капоши синдромы

- остеопороз, омыртқа бағанының және ұзық сүйектердің сынуы, асептикалық остеонекроз, миопатия, бұлшықет әлсіздігі, бұлшықеттер атрофиясы, сіңірлердің үзілуі

- уролиттердің туындау қаупінің жоғарылауы, лейкоцитурия, бүйректің бұрыннан бар зақымдануларынсыз эритроцитурия, никтурия

- дімкәстану, препаратты жоғары дозаларда қолдану кезіндегі тұрақты ықылықтау

- егер Метипред дозасы арттырылмаса, хирургиялық араласу, жарақат немесе инфекция сияқты стресс жағдайларында өлім оқиғаларына әкелуі мүмкін бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі

 

- препаратты күрт тоқтатқанда тоқтату синдромы болуы мүмкін. Симптомдардың ауырлығы бүйрек үсті бездерінің атрофия дәрежесіне байланысты: бас ауыру, бас айналу, анорексия, жүрек айну, құрсақ қуысының ауыруы, әлсіздік, көңіл-күйдің өзгеруі, летаргия, ысыну, миалгия, артралгия, ринит, конъюнктивит, ауырсынулы тері қышынуы, салмақ жоғалту. Ауырлау жағдайларда – ауыр психикалық бұзылулар және бассүйекішілік қысымның көтерілуі, ревматизмге шалдыққан пациенттердегі стероидтық жалған ревматизм, өлім.

Бастапқы доза ауруға және оның ауырлық дәрежесіне байланысты. Ересектерге ішуге арналған старттық доза, әдетте, күніне 8-ден 96 мг дейін құрайды. Доза оң клиникалық жауапқа жеткенде азайтылуы тиіс. Ішуге арналған демеуші дозасы ең азы болуы тиіс, әдетте, ересектер үшін тәулігіне бір рет таңертеңгі сағаттарда 4-12 мг. Балалар үшін ең төмен дозалары ұсынылады. Ұзақ емдеу кезінде препаратты күнара бір рет таңертең қабылдау талапқа сай болады.

4 мг метилпреднизолон 5 мг преднизолон, 4 мг триамцинолон және 0,75 мг дексаметазонға баламалы болады.

Балаларға: бүйрек үсті бездері жеткіліксіздігінде ішке 0,14 мг/кг немесе тәулігіне 4 мг/м2 3 қабылдауға, басқа көрсетілімдері бойынша — ішке 0,417-1,67 мг/кг немесе 12,5-50 мг/м2 үш бөлінген дозаларда

Әзірге Метипред таб. 16мг №30 Орион пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
4685 ₸  
1
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
4685 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
4685 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
4685 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады