Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Синегра 100мг №12табл Нобел

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблетки № 12
Белсенді зат:
Силденафил
Фармакологиялық топ:
Эректильді дисфункцияда қолданылатын препараттар
Элемент коды::
2700000386354
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
11 360 ₸
Бонустарды сатып алу: 113.60
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

 

 

 

 

 

- жыныстық қатынас қанағаттанарлық болуы үшін жыныс мүшесінің жеткілікті эрекцияға жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздігімен сипатталатын эрекция бұзылуларын емдеуде.

СИНЕГРА ® тек сексуальді стимуляциялану болған кезде ғана тиімді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- артериялардың қабынуына байланысты емес, бұл көріністің мұның алдында ФДЭ5 тежегішін қолдану-мен байланысы бар немесе жоқтығынан тыс, көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы сал-дарынан бір көздің көрмей қалуы

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- азот тотығының донаторлары болып табылатын препараттарды, органикалық нитраттарды немесе кез келген түрдегі нитриттерді бір мезгілде қабылдау

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі

- көздің торлы қабығының тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары.

- ауыр жүрек – қантамыр аурулары (тұрақсыз стенокардия немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі).

- гуанилатциклаза стимуляторларымен бір мезгілде қолдану. Риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стиму-ляторларын қолданатын пациенттерде СИНЕГРА ® препаратын қолдануға болмайды. ФДЭ5 тежегіштері, оның ішінде СИНЕГРА ® да гуанилатциклаза стимуляторларының гипотензиялық әсерін күшейтуі мүм-кін

- артериялық гипотензия (артериялық қысым <90/50 мм сын. бағ.)

- таяудағы инсульт немесе миокард инфарктісі жағдайлары

Сақтықпен:

- жыныс мүшесінің анатомиялық деформациясында (соның ішінде, ангуляция, каверноздық фиброз немесе Пейрони ауруы)

- приапизм дамуына бейім ауруларда (орақ тәрізді – жасушалық анемия, көптеген миелома, лейкоз, тромбоцитемия сияқты)

- қан кетумен қатар жүретін ауруларда

- ойық жара ауруының өршуінде

- тұқым қуалайтын пигменттік ретинитте

- жүрек жеткіліксіздігінде

- тұрақсыз стенокардияда, соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісінде, инсультте немесе өмірге қауіп төндіретін аритмияларда

- артериялық гипертензияда (артериялық қан қысымы (АҚ) >170/100мм сын. бағ.)

Препараттың тіркелген көрсетілімі бойынша 18 жасқа дейінгі балалар мен әйелдерге қолдануға бол-майды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өте жиі (>1/10)

- бас ауыру

Жиі (>1/100 және <1/10)

- бас айналу, көрудің бұзылуы (көрудің бұлыңғырлануы, жарыққа сезімталдықтың өзгеруі), хроматоп-сия (жеңіл және өткінші, негізінен түрлі түс реңдерін сезінудің өзгеруі), көздің қарығуы, көру өткірлігі-нің төмендеуі, бет гиперемиясы, ысынып кету, мұрынның бітелуі, жүрек айнуы, диспепсия

Жиі емес (≥1/100 және ≤ 1/100)

- жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде тері бөртпесі, тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі, гипестезия, кеңістіктегі бағдарсыздық, құлақтың шуылдауы, көз жасы бөлінуінің бұзылуы, көздің құр-ғауы, көзден жас ағудың ұлғаюы, көздің ауыруы, көзге қосарланып көріну, көздің артқы камерасына қан кету, конъюнктивит, артериялық гипертензия, артериялық гипотензия, мұрыннан қан кету, қосал-қы қойнаулардың бітелуі, гастроэзофагеальді рефлюксті ауру, құсу, іштің жоғары бөлігінің ауыруы, ау-ыздың құрғауы, миалгия, аяқ-қолдың ауыруы, гематурия, кеуденің ауыруы, шаршау, қатты қажу, жал-пы әлсіздік, ұйқышылдық

Сирек: (≥1/10000 және ≤ 1/1000)

- миокард инфарктісін*, аяқ астынан жүректен өлуді, қарыншалық аритмияны, цереброваскулярлы ге-моррагиялық және транзиторлы ишемиялық шабуылдарды*, тұрақсыз стенокардияны қоса, күрделі кардиоваскулярлық жағдайлар, кенеттен естудің нашарлауы немесе естімей қалу, оральді гипестезия (ауыз қуысы мен жұтқыншақта сезімталдықтың төмендеуі), мұрын шырышының құрғауы, ісіну, стивенс- Джонсон синдромы (SJS)*, уытты эпидермалық некролиз (TEN)*, гемоспермия, жыныс мүшесіне қан құйылу, приапизм, ұзақ созылатын эрекция, көру жүйкесінің алдыңғы жағының артериялық емес ише-миялық нейропатиясы салдарынан көрудің нашарлауы немесе көрмей қалу

- көру жүйкесінің алдыңғы жағының артериялық емес ишемиялық нейропатиясы (NAION), тамырдың ретинальді окклюзиясы*, ретинальді геморрагия, атеросклероздық ретинопатия, ретинальді бұзылыс, глаукома, көру өрісінің ақауы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, алыстан нашар көрушілік, астено-пия, шыны тәріздес дене деструкциясы, нұрлы қабықтың бұзылысы, мидриаз, көру гало-әсері, көздің ісунуі, көздің домбығуы, көз бұзылыстары, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, көздегі ақау-лық сезімі, қабақтың ісінуі, ақ қабықтың түссізденуі, құрысулар, құрысудың қайталануы, естен тану

*маркетингтен кейін қадағалау уақытында байқалған жағымсыз реакциялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқынуларға жол бермеу үшін, қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен қолдану керек!

Пациенттердің көпшілігі үшін ұсынылатын дозасы – жыныстық қатынас басталғанға дейін шамамен 1 сағат бұрын 50 мг ішке қабылдайды. Тиімділігі мен жағымдылығын ескере отырып, дозасы 100 мг дейін ұлғайтылуы немесе 25 мг дейін төмендетілуі мүмкін. Ең жоғары ұсынылатын дозасы – 100 мг және қол-дану жиілігі – тәулігіне бір рет.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясының жеңіл және орташа ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету қажет емес, ауыр дәрежесінде (креатинин клиренсі <30 мл/мин) - дозаны 25 мг дейін төмендетеді.

Бауыр жеткіліксіздігі. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде СИНЕГРА ® препара-тының дозасын 25 мг дейін төмендетуге болады.

Басқа дәрілік заттармен бірге қолданылуы. Ритонавирмен біріктіріп қолданғанда, СИНЕГРА ® препара-тының ең жоғары бір реттік дозасы 25мг құрауы, 48 сағат ішінде 1 реттен жиі болмауы тиіс.

Р450 3А4 цитохромының тежегіштерімен (эритромицин, саквинавир, кетоконазол, итраконазол) бірге қолданғанда, СИНЕГРА ® препаратының бастапқы дозасы 25 мг құрайды.

Ортостатикалық гипотензия қаупін азайту үшін, СИНЕГРА ® қолдануды бастар алдында альфа-адрено-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің жай-күйі тұрақты болуы тиіс. Бастапқы дозасын төмен-дету ұсынылады.

Егде пациенттер. Ең аз 25мг дозадан бастау ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

Әзірге Синегра 100мг №12табл Нобел пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
11360 ₸  
1
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
12610 ₸  
1
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
11360 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
11360 ₸  
2
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
11440 ₸  
2
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
12610 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
11360 ₸  
3
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
11360 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
11360 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
11360 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады