Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Новинет таб. 0.02мг/0.15мг №63 Гедеон Рихтер

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 63
Белсенді зат:
Этинилэстрадиол, дезогестрел
Фармакологиялық топ:
Контрастылы заттар
Элемент коды::
2000443752069
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
6 305 ₸
Бонустарды сатып алу: 63.05
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- ішуге арналған контрацепцияда

- жүктілік немесе жүктілікке күдіктену, лактация кезеңі

- орташа немесе ауыр дәрежелі гипертония

- гиперлипопротеинемия

- артериялық немесе көктамырлық тромбоэмболиялық аурулардың (мысалы, терең көктамырлар тром-бозы, өкпе артериясының эмболиясы, миокард инфарктісі, цереброваскулярлық бұзылулар) болуы не-месе сыртартқыда көрсетілуі

- артериялық немесе көктамырлық тромбоэмболияның даму қаупінің болуы (мысалы, белсенділендіріл-ген С протеиніне төзімділік, антитромбин III тапшылығы, С ақуызының тапшылығы, S ақуызының тап-шылығы, гипергомоцистеинемия, фосфолипидке қарсы антиденелер)

- диабеттік ангиопатия

- сыртартқыда ошақтық неврологиялық белгілері бар бас сақинасының болуы

- бауырдың ауыр ауруларыі, холестатикалық сарғаю, гепатит, стероидтар қолдану аясындағы, жүктілік кезіндегі сарғаю, Дубин-Джонсон синдромы немесе Ротор синдромы (созылмалы отбасылық гемолити-калық емес сарғаю), гепато-целлюлярлы ісіктер және порфирияның болуы немесе сыртартқыда көрсе-тілуі

- гепатиттің болуы (зертханалық көрсеткіштер қалпына келгенше және осы көрсеткіштер қалып шегіне оралғаннан кейін 3 ай ішінде)

- гипертриглицеридемиямен байланысты өт-тас ауруының, панкреатиттің болуы (соның ішінде сыртарт-қыдағы)

- сыртартқыда бауыр ісіктерінің (қатерсіз немесе қатерлі) болуы

- эстрогенге тәуелді ісіктердің болуы немесе оларға күдіктену, эндометрий гиперплазиясы, этиологиясы түсініксіз генитальді қан кетулер

- жүйелі қызыл жегінің болуы (немесе сыртартқыда көрсетілуі)

- қатты қышыну, жүктілер герпесі, отосклероз, алдыңғы жүктілік немесе стероидты препараттар қабыл-дау кезінде болған отосклероздың өршуі

- препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалаған фруктоза көтере алмаушылық, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галак-тоза мальабсорбциясы

 

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде

Өте жиі (>1/10)

- құйылған қан кетулер, жағынды бөліністер

- дене салмағының артуы

Жиі (>1/100 <1/10 дейін)

- бас ауыру, бас айналу, бас сақинасы,

- күйгелектік, депрессия, көңіл-күйдің өзгеруі

- жүрек айну, құсу

- холелитиаз, холестатикалық сарғаю

- етеккір оралымының бұзылуы (етеккіраралық қан кетулер, дисменорея, препарат қабылдаудан ке-йінгі аменорея), етеккір алдындағы синдром, қынаптық бөліністер сипатының өзгеруі, жатыр фибро-миомасының өсуі, эндометриоз ағымының нашарлауы, қынаптық жұқпалардың (мысалы, кандидоз) пайда болуы

- либидо төмендеуі

- сүт бездерінің тұрпайылануы, сүт бездерінің сезімталдануы, үлкеюі және ауыруы, сүт бездерінен бөліністер

- акне, тері бөртпесі, түйінді эритема, хлоазмалар

- жанаспалы линзалар тағу кезінде мөлдір қабықтың жайсыздануы

- организмде сұйықтықтың кідіруі, дене салмағының өзгеруі, көмірсуларға төзімділіктің төмендеуі

Жиі емес (>1/1 000 <1/100 дейін)

- артериялық гипертензия

Сирек (>1/10 000 <1/1 000 дейін)

- отосклероз

- тромбоэмболия, көктамырлық тромбоздар/тромбоэмболиялар, артериялық тромбоздар, аяқтағы терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы

- миокард инфарктісі, инсульт

Өте сирек ( <1/1 0000)

- бауыр, шажырқай, бүйрек немесе торқабық тамырларының артериялық немесе көктамырлық тром-бозы

Пайда болған кезде препарат қабылдауды тоқтату қажет болатын күрделі жағымсыз құбылыстар:

Препарат қабылдау аясында гипертония дамыған жағдайда препарат қабылдауды шұғыл тоқтату қа-жет.

Ішуге арналған контрацептивтер пайдалану холестатикалық сарғаю немесе холелитиаз дамуына алып келеді.

Гиперглицеридемиясы немесе отбасылық сыртартқысында ауруы бар әйелдерде ішуге арналған кон-трацептивтер пайдалану кезінде панкреатиттің даму қаупі жоғары болады.

Бауыр қызметі жедел немесе созылмалы бұзылған жағдайда препарат пайдалануды бауырдың функци-оналдық сынамаларының нәтижелері қалпына түскенше тоқтату керек.

Егер жүктіліктің ерте мерзімдерінде немесе жыныс гормондарының негізіндегі препараттарды алдыңғы пайдалану кезінде емделуші әйелде холестатикалық сарғаю орын алса, ішуге арналған контрацептив-тік препаратты тағайындауға болмайды.

Ішуге арналған контрацептивтердің шеткергі инсулинге төзімділікке және глюкоза көтерімділігіне әсе-рін тигізуі мүмкін болса да, ішуге арналған контрацепция пайдаланған кезде диабеттен зардап шегетін әйелдерде емдеу сызбасын міндетті түрде өзгертуге көрсетілімдер жоқ. Дегенмен, ішуге арналған кон-трацептивтер қабылдайтын диабеті бар емделуші әйелдерге дәрігердің тиянақты қадағалауы қажет бо-лады.

Ішуге арналған контрацептивтер қабылдау аясындағы кейбір жағдайларда, әсіресе, сыртартқысында жүктілер хлоазмасы бар әйелдерде хлоазма дамиды. Қауіп тобына жататын әйелдерге ішуге арналған контрацептивтер қабылдау кезінде ультракүлгін сәулелер мен күн әсеріне ұшыраудан сақтану керек.

Өте сирек жағдайларда ішуге арналған контрацептивтер қолдану реактивті жүйелі қызыл жегіге түрткі болуы мүмкін.

 

Ішуге арналған контрацептивтер пайдалану кезіндегі тағы бір сирек асқыну препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болатын «Киелі Вит биі» (хорея, жүйке жүйесі жағынан бұзылу) болып табылады.

Таблеткалар қабылдауды етеккір оралымының алғашқы күнінен бастайды, 21 күн бойы тәулігіне 1 таб-леткадан (мүмкіндігінше белгілі бір уақытта).

Соңғы таблетка қабылданғаннан кейін 7 күндік үзіліс жасайды, сол уақытта препаратты тоқтату салда-рынан етеккір тәрізді қан кету болады. 7 күндік үзілістен кейінгі 8 күні (алғашқы таблетка қабылдан-ғаннан кейін 4 аптадан соң, аптаның дәл сол күні) ішінде 21 таблеткасы бар келесі қаптаманы қабыл-дау, тіпті егер қан кету тоқтамаса да, жаңғыртылады. Препарат қабылдаудың осы сызбасы контрацеп-тивтік қорғаныс қажет болатын уақытқа дейін сақталуы тиіс. Қабылдау ережелері қадағаланғанда кон-трацептивтік әсері 7 күндік үзіліс кезінде де сақталады.

Препаратты алғашқы қабылдау

Алғашқы таблетканы қабылдауды етеккір оралымының бірінші күнінен бастаған дұрыс. Бұл жағдайда қосымша контрацепция әдістерін пайдалану қажет болмайды.

Таблеткалар қабылдауды етеккірдің 2-5 күнінен де бастауға болады, бірақ бұл жағдайда алғашқы ора-лымда таблеткалар қабылдаудың бастапқы 7 күні ішінде қосымша контрацепция әдістерін пайдалану қажет.

Егер етеккір басталғаннан кейін 5 күннен асып кетсе, қабылдауды бастау келесі етеккірге дейін ке-йінге қалдырылады.

Жүктілікті бірінші триместрде үзуден соң

Түсік тастау немесе жасанды түсіктен кейін Новинет® қабылдауды алғашқы күннен бастаған дұрыс, әрі бұл жағдайда қосымша контрацепция әдістерін пайдалану қажеттілігі жоқ.

Босанудан немесе жүктілікті екінші триместрде үзуден соң

Бала емізбейтін әйелдер таблеткалар қабылдауды босанудан немесе жүктілікті екінші триместрде үзу-ден соң 21 күн өткеннен кейін бастағаны жөн. Бұл жағдайда басқа контрацепция әдістерін қолдану қа-жет емес.

Егер препарат қабылдау кешірек басталған болса, алғашқы 7 күн ішінде қосымша контрацепция әдіс-терін пайдалану қажет.

Егер босанудан соң жыныстық қатынас орын алса, препарат қабылдай бастау алғашқы етеккірге дейін кейінге қалдырылады.

Ішуге арналған басқа контрацептивтен (21 немесе 28 күндік препараттан) Новинетке® көшу

Новинеттің® алғашқы таблеткасын алдыңғы препарат курсын аяқтағаннан кейін келесі күні қабылдау ұсынылады. Үзіліс жасау немесе етеккір басталуын күту талап етілмейді. Контрацепцияның қосымша әдістерін қолданудың қажеті жоқ.

Құрамында тек прогестаген бар («мини-пили») ішуге арналған контрацептивтен Новинет® препара-тына көшу:

Новинеттің® алғашқы таблеткасын оралымның бірінші күні қабылдау керек. Контрацепцияның қосым-ша әдістерін қолдану қажеттілігі жоқ.

Егер «мини-пили» қабылдау кезінде етеккір пайда болмаса, онда Новинет® қабылдауды оралымның кез келген күнінде бастауға болады, бірақ бұл жағдайда алғашқы 7 тәулікте қосымша контрацепция әдістерін қолдану қажет.

Жоғарыда аталған жағдайларда контрацепцияның қосымша әдістері ретінде мынадай гормональді емес әдістер қолдану ұсынылады: спермицидті гелі бар мойындық контрацептивтік қалпақ, мүшеқап пайда-лану немесе жыныстық қатынастарды қоя тұру. Күнтізбелік әдісті бұл жағдайларда қолдану ұсыныл-майды.

Етеккір оралымының кідіруі

Егер етеккірді кейінге шегеру қажет болса, таблеткалар қабылдауды жаңа қаптамадан, 7 күндік үзіліс-сіз, әдеттегі сызба бойынша жалғастыру керек. Етеккір кейінге шегерілгенде құйылған немесе дақтан-ған қан кетулер пайда болады, бірақ бұл препараттың ұрықтануға қарсы әсерін төмендетпейді. Новинетті® ұдайы қабылдауды әдеттегі 7 күндік үзілістен соң қалпына келтіруге болады.

Өткізіп алған таблеткалар

Егер әйел таблетканы мезгілінде қабылдауды ұмытып кетсе, әрі оны өткізіп алғаннан кейінгі уақыт 12 сағаттан аспаса, жай ғана ұмыт қалған таблетканы ішіп, әріқарай әдеттегі уақытта қабылдауды жалғас-тыру керек. Егер таблеткалар қабылдау арасындағы уақыт 12 сағаттан асып кетсе, бұл таблетканы өт-кізіп алу болып саналады, осы оралымда контрацепцияның сенімділігіне кепілдік берілмейді және қо-сымша контрацепция әдістерін қолдану ұсынылады.

Оралымның алғашқы немесе екінші аптасында бір таблетка өткізіп алынса, келесі күні 2 таблетка ішу қажет және артынша оралымның соңына дейін қосымша контрацепция әдістерін пайдаланып, жүйелі қабылдауды жалғастырған жөн.

Оралымның үшінші аптасында таблетка өткізіп алынса, ұмытылған таблетканы ішу, жүйелі қабылдауды жалғастыру және 7 күндік үзіліс жасамау керек. Таблетка қабылдауды өткізіп алған кезде эстрогеннің тым аз дозасына байланысты овуляция және/немесе қан аралас бөліністер қаупі артатынын есте ұстау маңызды, сондықтан да қосымша контрацепция әдістерін қолдану ұсынылады.

Құсу немесе диарея жағдайында ұсынылатын шаралар

 

Егер препарат қабылдағаннан кейін құсу немесе диарея пайда болса, препарат сіңірілуі төмендеуі мүм-кін. Егер бұзылыс белгілері 12 сағат ішінде тоқтаса, тағы бір таблетканы қосымша қабылдау қажет. Сонан соң қалған таблеткаларды әдеттегідей қабылдауды жалғастырған жөн. Егер белгілер 12 сағаттан артық жалғасатын болса, құсу немесе диарея кезінде және кейінгі 7 күнде қосымша контрацепция әдіс-терін пайдалану қажет.

Әзірге Новинет таб. 0.02мг/0.15мг №63 Гедеон Рихтер пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
6305 ₸  
2
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
6305 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
6305 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
6170 ₸  
1
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
6305 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
6305 ₸  
1
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
6305 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
6305 ₸  
1
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
6305 ₸  
1
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
6305 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады