Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Альбезол таб 400мг №30 Нобел

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 30
Белсенді зат:
Албендазол
Фармакологиялық топ:
Антигельминттік препараттар
Элемент коды::
2200221229367
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
36 235 ₸
Бонустарды сатып алу: 362.35
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

- энтеробиозда

- анкилостомидозда және некаторозда

- гименолепидозда

- тениозда

- стронгилоидозда

- аскаридозда

- трихоцефалёзда

- клонорхозда

- описторхозда

- Larva Migrans тері синдромында

- балалардағы лямблиозда

- кистозды эхинококкозда (бауырлық, альвеолярлы, перитонеальді)

- нейроцистицеркозда

- гнатостомозда

- трихинеллезде

 

- токсокарозда

- албендазолға және дәрілік заттың басқа да компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- көз тор қабығының патологиясы

- галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы

- жүктілік және лактация кезеңі

 

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

Көрініс беру жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялар өте жиі (>1/10), жиі (>1/100, <1/10), кейде (>1/1000, <1/100), сирек (≥1/10, 000 және <1/1000), өте сирек (<1/10, 000) деп белгіленеді.

Төмен дозалармен қысқа мерзімдік емдеу

Кейде

- бас ауыру және бас айналу

- эпигастрия немесе іш аймағының ауыруы,жүректің айнуы, құсу және диарея

Сирек

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпені, қышынуды және есекжемді қоса

- бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы

Жоғары дозалармен ұзақ уақыт емдеу

Өте жиі

- бас ауыру

- бауыр энзимдерінің елеусіз немесе орташа айқын жоғарылауы

Жиі

- бас айналу

- іштің ауыруы, жүректің айнуы, құсу және диарея (эхинококкозды емдеген кезде)

- қайтымды алопеция (шаштың сиреуі және орташа түсуі)

- қызба

Кейде

- аса жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпені, қышынуды және есекжемді қоса

- лейкопения

- гепатит

Өте сирек

- панцитопения, апластикалық анемия, агранулоцитоз (бауыр эхинококкозын қоса, бауыр патологиясы бар емделушілер сүйек кемігі функциясының басылуына көбірек бейім)

 

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы

Препаратты ас қабылдау кезінде немесе астан соң ішіп қабылдайды, таблеткаларды шайнамайды, су-мен ішіп қабылдайды. Іш жүргізгіш препараттарды қолдануды және арнайы емдәмді қажет етпейді. Отбасы мүшелерінің барлығына бір мезгілде ем жүргізу керек. Дозаны, гельминттің түріне және нау-қастың дене салмағына қарай, әр адамға жекелей белгілейді. Таблетканы бүтіндей жұта алмайтын емделушілер үшін оны ұсақтап, аздаған сұйықтықпен ішу ұсынылады.

Ішек жұқпалары және Larva Migrans тері синдромы

Жұқпа

Жасы

Қабылдау ұзақтығы

Энтеробиоз, анкилостомидоз, некаториоз,

аскаридоз, острицалар,

трихоцефалёз

Ересектер

Тәулігіне 1 рет 400 мг (1 таблетка)

бір дүркін

Стронгилоидоз, тениоз, гименолепидоз

Ересектер

3 күн бойы тәулігіне 1 рет 400 мг (1 таблетка).

Гименолепидозда емдеу ұзақтығы 10 күннен 21 күнге дейінгі қайталау курсы ұсынылады.

Клонорхоз, описторхоз

Ересектер

3 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг (1 таблетка)

Larva Migrans тері синдромы

Ересектер

Тәулігіне 1 рет 400 мг (1 таблетка). Қабылдау ұзақтығы 1 күннен 3 күнге дейін.

Жүйелік гельминттік жұқпалар

(өте жоғары дозалармен ұзақ емдеу)

Дозалау режимі науқастың жасына, дене салмағына, сондай-ақ жұқпаның ауырлық дәрежесіне байла-нысты әр адамға жекелей белгіленеді.

Дене салмағы 60кг-нан асатын емделушілер үшін доза тәулігіне 2рет 400мг (1таблетка) құрайды. Дене салмағы 60кг-нан аз болғанда препарат тәулігіне дене салмағының әр кг-на шаққанда 15мг есебінен тағайындалады. Бұл доза 2 қабылдауға бөлінуі тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 800 мг құрайды.

 

Жұқпа

Қабылдау ұзақтығы

Кистозды эхинококкоз

 

Емдеу курсы 28 күн. Перитонеальді кистаның, өкпедегі және бауырдағы кисталардың операбельді емес түрінде препаратты қабылдаудың 14 күндік үзіліспен үш 28 күндік емдеу циклі ұсынылады. Мида және сүйектерде киста болған жағдайда ұзағырақ емдеу курсы қажет болуы мүмкін.

Операция алдында препаратты қабылдаудың14 күндік үзіліспен екі 28 күндік емдеу циклі ұсынылады. Егер екі циклді курс аяқталғанға дейін хирургиялық емдеу қажет болса, онда АЛЬБЕЗОЛ® операцияға дейін қабылдануы тиіс. Егер операцияға дейінгі курс 14 күннен аз болса немесе тіршілік ете алатын кисталар табылса, онда операциядан кейін препаратты қабылдауда 14 күндік үзіліске бөлінген екі 28 күндік емдеу циклі ұсынылады.

Альвеолярлы

эхинококкоз

28 күн. Екінші 28 күндік курсты препарат қабылдауда екі апталық үзілістен кейін қайталайды. Емдеу бірнеше айға немесе жылға созылуы мүмкін.

Нейроцистицеркоз

Қабылдау ұзақтығы 7 күннен 31 күнге дейін. Екінші курсын препарат қабылдауда екі апталық үзілістен кейін қайталауға болады.

Гнатостомоз

10-20 күн бойы тәулігіне 1 рет 400 мг, қажет болғанда емдеу жалғастырылуы мүмкін.

Трихинеллез, токсокароз

5-10 күн бойы тәулігіне 2 рет 400 мг, қажет болғанда емдеу жалғастырылуы мүмкін.

Әзірге Альбезол таб 400мг №30 Нобел пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
1
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
36235 ₸  
2
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
36235 ₸  
1
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
36235 ₸  
1
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
36235 ₸  
1
г. Чу, ул. Конаева 24
35315 ₸  
1
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
36235 ₸  
1
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
36235 ₸  
1
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
36235 ₸  
1
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
36235 ₸  
1
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
36235 ₸  
1
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
36235 ₸  
1
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
36235 ₸  
1
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
36235 ₸  
7
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
37355 ₸  
3
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
36235 ₸  
1
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
36235 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады