Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Тербизил 250мг №14таб Гедеон

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 14
Белсенді зат:
Тербинафин
Фармакологиялық топ:
Зеңге қарсы жүйелі қолдануға арналған препараттар
Элемент коды::
5997001359648
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

 

- бастың шашты бөлігі микоздары

- дерматофиттер туғызған онихомикоздар (тырнақ қабатын зақымдайтын зеңді инфекциялар)

- Trichophyton, мысалы, T. rubrum, T. mentagrophytes, T. verrucosum, T.violaceum, Microsporum canis және Epidermophyton floccosum зеңдері туғызған терінің, тырнақ қабаттарының және бастың шашты бөлігінің зеңді инфекциялары

- дененің тегіс терісінің, табандар мен шап аумағының жайылған микозын жүйелі емдеу

- Candida тектес зеңдер туғызған тері инфекциялары

Ескерту: Тербизил ® кремімен жергілікті емдеуден ерекшелігі, Тербизил ® таблеткалары Pityrosporum orbiculare (Malessezia furfur ретінде де белгілі) зеңі туғызған кебек тәрізді (түрлі-түсті) теміреткіні емдеу кезінде тиімсіз.

 

 

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға (осы жас тобында қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің шек-теулі екеніне орай)

 

 

Өте жиі (>1/10)

- тәбеттің төмендеуі

- бас ауырулары

- асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар (іштің кебуі, іштің әлсіз білінетін ауыруы, дис-пепсия, жүрек айну), диарея

- бөртпе, есекжем

- буындардың, бұлшықеттердің ауыруы

Жиі (>1/100-ден <1/10 дейін)

- қажу

- гипогевзия, дәм сезудің төмендеуі, бұрмалануы және жоғалуы, бас айналу

- дәм сезудің бұзылуы салдарынан болатын депрессия

- көрудің нашарлауы

Жиі емес (> 1/1,000-нан <1/100 дейін)

- дәм сезудің бұзылуы салдарынан болатын үрейлену

- құлақтың шуылдауы

- қызба

- парестезия, гипестезия

- анемия

- фотосезімталдық реакциялары, фотодерматоз, аллергиялық реакциялар, фотосезімтал-дық, полиморфты экзантема

- дәм сезудің бұзылуы салдарынан болатын салмақтың кемуі

Сирек (>1/10,000-нан <1/1000 дейін)

- гепатобилиарлы дисфункция (холестаз), бауыр жеткіліксіздігі, гепатит, сарғаю, бауыр-дың протеолиз ферменттері белсенділігінің жоғарылауы

Өте сирек (<1/10000)

- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения, панцитопения

- псориаз тәрізді бөрту, псориаздың өршуі

- терідегі және жүйелі қызыл жегі ағымының өршуі

- анафилактоидтық реакциялар (соның ішінде, ангионевроздық ісіну), терідегі және жүйелі қызыл жегі ағымының манифестациясы немесе өршуі

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, шаштың түсуі, жедел жайыл-ған экзентематоздық пустулез, мультиформалы эритема, токсидермия, эксфолиативті дер-матит, буллезді дерматит

Жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

- анафилаксиялық реакциялар, сарысу құю ауруы типті реакциялар

- аносмия, соның ішінде тұрақты түрі, гипосмия

- анық көрмеу

- көру өткірлігінің төмендеуі

- гипоакузия (естудің нашарлауы)

- васкулит

- панкреатит

- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен біріккен бөртпе

- тұмау тәрізді симптомдар

- рабдомиолиз

- креатинфосфокиназа белсенділігінің жоғарылауы

 

 

Ем ұзақтығы аурудың сипаты мен ауырлығына қарай белгіленеді.

Ересектер

Тәулігіне 1 рет 250 мг (1 таблеткадан).

Онихомикоз

Қол ұштарының онихомикозында емдеу кезеңі, әдетте, 6 апта құрайды.              Табанның, әсіресе, бас бармақтың онихомикозында емдеу ұзақтығы 12 апта құрауы тиіс. Тырнақ баяу өсетін кейбір жағдайларда емдеу курсын ұзаққа созуға болады. Оңтайлы кли-никалық әсері микологиялық сауығудан және емді тоқтатудан соң бірнеше ай өткенде бай-қалады. Бұл сау тырнақтың өсіп шығуына қажетті уақыт кезеңімен белгіленеді.

Тері жабындарының микоздары

Табан дерматомикоздарында (саусақаралық, ұлтандық немесе «мокаси» типі бойынша) ұсынылатын емдеу ұзақтығы – 2-ден 6 аптаға дейін; дененің тегіс терісінің, аяқ-қолдың дерматомикозында – 2-ден 4 аптаға дейін.

Тері кандидозында емдеу ұзақтығы 2-ден 4 аптаға дейін құрайды.

Бастың шашты бөлігінің зақымдануларында (бастың шашты бөлігі микоздары) ықтималды емдеу ұзақтығы 4 апта құрайды.

Зеңге қарсы ем жүргізуден кейін бірнеше апта өткен соң толық клиникалық сауығуды кү-туге болады.

Пациенттердің айрықша қауымдары туралы қосымша ақпарат

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бауырдың созылмалы немесе жедел аурулары бар пациенттерге тербинафин таблеткала-рын тағайындауға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тербинафин таблеткаларын қолдану жеткіліксіз шамада зерттелген, сондықтан да пациенттердің осы тобын емдеуге ұсынылмайды.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерді емдеу үшін жасырақ пациенттерге көрсетіл-ген дозаларынан ерекшеленетін дозаларды тағайындау қажеттілігіне немесе оларда пре-паратты қабылдаудан болатын жағымсыз әсерлердің жиірек туындайтынына айғақтар жоқ. Осы жас тобындағы пациенттерге тербинафин таблеткаларын тағайындағанда оларда ба-уыр немесе бүйрек функциясы бұзылуының болуы ықтимал екенін ескеру қажет.

Қолдану тәсілі

Таблеткаларды аздаған мөлшерде су ішумен шайнамай жұтады.

Таблеткаларды күн сайын белгілі бір уақытта қабылдаған дұрыс.

Таблеткаларды аш қарынға немесе тамақтан кейін қабылдауға болады.

 

Әзірге Тербизил 250мг №14таб Гедеон пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады