Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Кетанов таб. 10мг №100 Терапия Румыния

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар №100
Белсенді зат:
Кеторолак
Фармакологиялық топ:
Анальгетики
Элемент коды::
5944702205811
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
2 565 ₸
Бонустарды сатып алу: 51.30
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- айқындылығы орташа ауыру синдромы

Кетанов қабылдау шешімін қабылдамас бұрын Кетанов қабылдаудың ықтималды пайдасы мен қаупін және басқа да емдеу нұсқаларын мұқият бағалаңыз. Пациентті емдеудің жеке жоспарына сай, ең қысқа қабылдау ұзақтығында ең төмен тиімді дозаны қабылдаңыз. Ересек пациенттердегі жедел ауыру. Кетанов препараты, әдетте, операциядан кейінгі кезеңде апиын деңгейінде ауыруды басуды талап ететін орташа айқындылық дәрежесіндегі жедел ауыруды қысқа мерзімді (5 күннен көп емес) емдеуде көрсетілімді. Емді үнемі кеторолак трометамині дозасын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне енгізуден бастаған дұрыс, ал қажет болған жағдайда Кетанов емнің жалғасы ретінде қолданылу керек. Кетанов пен кеторолак трометаминін біріктіріп қабылдаудың жалпы ұзақтығы ұсынылатын дозаларға сәйкес жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі мен ауырлығының біршама артуына орай 5 күннен аспауы тиіс.

Пациенттерді баламалы анальгетиктер қабылдауға мүмкіндігінше тез ауыстыру қажет, осы орайда Кетанов препаратымен емдеу 5 күннен аспауы тиіс.

 

 

- кеторолакқа, қосымша заттарға немесе басқа ҚҚСД-ға жоғары сезімталдық

- белсенді фазадағы АІЖ эрозиялы-ойық жаралы зақымданулары немесе асқазан-ішектен қан кетулер, анамнездегі ойық жаралар түзілуі немесе олардың тесілуі

- айқын жүрек, бауыр жеткіліксіздігі немесе бауыр ауруының белсенді фазасы, орташа және ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (қан сарысуы креатинині > 160 мкмоль/л)

- қолқа-коронарлық шунттаудан кейінгі жағдай

- күдік тудырған немесе расталған цереброваскулярлы қан кету

- геморрагиялық диатез, қан ұюының бұзылуы

- бронх демікпесінің, қайталамалы мұрын және мұрын маңы қойнауларының полипозы және ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да ҚҚСД (соның ішінде анамнезде) жақпаушылығының бірігуі

- ҚҚСД қабылдаудан туындаған (анамнезде) демікпе, бронх түйілуі, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты аллергиялық, соның ішінде ҚҚСД қабылдаудан болатын реакциялар

- ацетилсалицил қышқылын, басқа да ҚҚСД (циклооксигеназа-2 іріктелген тежегішін қоса), пентоксифиллин, пробенецид немесе литий тұзын, трометамин қабылдайтын пациенттерге

- гиповолемия, сусыздану

- қан кетулер немесе олардың жоғары даму қаупі (операциядан кейінгі кезеңде, антикоагулянттар, 12 сағатқа 2500-5000 бірлік дозада гепарин қабылдайтын пациенттер, гемофилиямен науқастар)

- гиперкалиемия

- операциялық араласуға дейінгі және операция кезіндегі кезең

- қолқа-коронарлық шунттаудан соң операциядан кейінгі кезеңде ауыруды емдеу үшін

- жүктілік және лактация кезеңі

- 17 жасқа дейінгі балаларға

 

 

Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі Кетановтың жоғары дозаларын қабылдағанда артады. Тәжірибеленуші дәрігерлер АІЖ-да ойық жаралар түзілуі, қан кету және тесілу, операциядан кейінгі қан кету, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, анафилаксиялық және анафилактоидтық реакциялар және бауыр жеткіліксіздігі сияқты Кетанов препаратымен емделу салдарынан болатын ауыр асқынулар туралы мәліметтенген болуы тиіс. ҚҚСП қабылдаумен байланысты бұл асқынулар Кетанов тағайындалған кейбір пациенттерде, әсіресе, егер препарат дұрыс қолданылмағанда күрделі болуы мүмкін.

Жиі

- іштің ауыруы, іш қату/диарея, диспепсия, метеоризм, асқазанның толып кетуін сезіну, АІЖ (асқазан/он екі елі ішектің) ойық жара ауруы, қатты қан кету/тесілу, қыжылдау, жүрек айну, стоматит, құсу

- бүйрек функциясының бұзылуы, анемия, бас айналу, ұйқышылдық, ісіну, бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы

- бас ауырулары

- артериялық гипертензия, коагуляция уақытының ұзаруы, инъекция енгізген жердің ауыруы, қышыну, пурпура, бөртпе, құлақтың шыңылдауы, тершеңдік

Сирек

- қызба, инфекциялар, сепсис

- іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің жиі соғуы, бозару, тахикардия, естен тану

- алопеция, жарыққа сезімталдық, есекжем

- анорексия, ауыздың кеберсуі, кекіру, эзофагит, полидипсия, гастрит, глоссит, гематемезис, гепатит, тәбеттің артуы, сарғаю, мелена, ректальді қан кету,

- экхимоз, эозинофилия, мұрыннан қан кету, лейкопения, тромбоцитопения

- дене салмағының өзгеруі

- ұйқының бұзылуы, патологиялық ойлау, мазасыздық, астения, сананың шатасуы, депрессия, эйфория, экстрапирамидалық симптомдар, елестеулер, гиперкинезия, ой жинақтауға қабілетсіздік, ұйқысыздық, күйгелектік, парестезия, ұйқышылдық, мелшию, тремор, вертиго, жалпы дімкәстану

- бедеулік

- демікпе, жөтел, ентігу, өкпенің ісінуі, ринит

- дәм сезудің бұзылуы, көрудің нашарлауы, көрудің бұлыңғырлануы, естімей қалу,

- цистит, дизурия, гематурия, несеп шығару жиілігінің артуы, интерстициальді нефрит, олигурия/полиурия, протеинурия, бүйрек жеткіліксіздігі, несеп іркілісі

Өте сирек

- ангиодистрофия, өлім, аса жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксия, анафилактоидты реакциялар сияқты, көмейдің ісінуі, тілдің ісінуі, миалгия

- аритмия, брадикардия, кеуденің ауыруы, гиперемия, гипотония, миокард инфарктісі, васкулит

- эксфолиативті дерматит, мультиформалы эритема, Лайелл синдромы, буллезді реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы мен уытты эпидермалық некролизді қоса

- жедел панкреатит, бауыр жеткіліксіздігі, ойық жаралы стоматит, ішектің қабыну ауруының өршуі (ойық жаралы колит, Крон ауруы)

- агранулоцитоз, апластикалық анемия, гемолиздік анемия, лимфаденопатия, панцитопения, операциядан кейінгі жарақаттан қан кету (қан құюды сирек талап ететін)

- гипергликемия, гиперкалиемия, гипонатриемия,

- асептикалық менингит, құрысулар, кома, психоз

- бронх түйілуі, тыныстың тарылуы, пневмония

- конъюнктивит

- гематуриямен және/немесе азотемиямен немесе онсыз бүйрек шаншулары, гемолиздік-уремиялық синдром.

 

 

Кетанов қолдану шешімін қабылдамас бұрын Кетанов қабылдаудың ықтималды қаупі мен пайдасын және басқа да емдеу нұсқаларын мұқият бағалаңыз. Пациентті емдеудің жеке жоспарына сай, қысқалау кезең ішінде ең төмен тиімді дозасын қолданыңыз. Ересектерде кеторолак трометамині мен Кетанов дозаларын вена ішіне немесе бұлшықет ішіне біріктіріп енгізу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс. Ересектерде Кетанов қабылдау кеторолак трометаминінің в/і және б/і емінің жалғасы ретінде ғана көрсетілген.

Кеторолак трометаминін в/і және б/і енгізуден (бір реттік немесе көп реттік доза) Кетановтың көп реттік дозасын енгізуге ауысу:

17-ден 64 жасқа дейінгі пациенттер: бір рет ішке 20 мг, артынан әр 4-6 сағат сайын 10 мг, қажет болғанда, 40 мг/күннен көп емес. ≥ 65 жастағы, бүйрек жеткіліксіздігі бар және/немесе дене салмағы < 50 кг (110 фунт) пациенттер: Бір рет ішке 10 мг, артынан әр 4-6 сағат сайын 10 мг, қажет болғанда, 40 мг/күннен көп емес.

Ескертпе:

Ішуге арналған препаратты бастапқы доза ретінде беруге болмайды.

Әрбір нақты пациент үшін ең төмен тиімді дозаны қолданыңыз.

Препаратты қабылдаулар арасындағы үзілісті 4-6 сағатқа қысқартпаңыз.

Ересек пациенттерді емдеудің жалпы ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Төменде берілген кестеде пациенттердің жас топтарына сай Кетанов енгізу жөніндегі нұсқаулар жиынтықталған:

Енгізу режимі бойынша жинақталған нұсқаулар.

Пациенттер қауымы

Кетанов (кеторолак трометаминін в/і немесе б/і енгізуден кейін)

17 жасқа толмаған кезең

Ішу арқылы қабылдау бекітілмеген

17-ден 64 жасқа дейінгі ересектер

20 мг бір рет, артынан әр 4-6 сағат сайын 10 мг, қажет болса, 40 мг/күннен көп емес.

65 жастағы, бүйрек жеткіліксіздігі бар және/немесе дене салмағы < 50 кг ересектер

10 мг бір рет, артынан 10 мг әр 4-6 сағат сайын 10 мг, қажет болса, 40 мг/күннен көп емес.

Ішу арқылы қолдануға арналған.

Кетанов таблеткаларын тамақтану кезінде немесе одан кейін тағайындаған дұрыс.

Кетанов 10 мг таблеткаларда тек қысқа уақыт пайдалануға (5 күнге дейін) ұсынылады және созылмалы ауыруларды емдеуге ұсынылмайды.

 

Әзірге Кетанов таб. 10мг №100 Терапия Румыния пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
3
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
2565 ₸  
5
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
3
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
2565 ₸  
2
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
2565 ₸  
15
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
3
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
2565 ₸  
7
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
2565 ₸  
3
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
6
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
3
г. Чу, ул. Конаева 24
2565 ₸  
4
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
2565 ₸  
2
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
2565 ₸  
5
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
1
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
2565 ₸  
3
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
2565 ₸  
4
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
2565 ₸  
3
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
2565 ₸  
2
Молдагулова 48 (АПТЕКА Каратау)
+7 (72644) 5-05-30
2490 ₸  
5
Молдагулова 48 (АПТЕКА Каратау)
+7 (72644) 5-05-30
2550 ₸  
10
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
2
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
2
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
2565 ₸  
2
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
2565 ₸  
1
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
5
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
2565 ₸  
3
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
2565 ₸  
4
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
2565 ₸  
9
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
2565 ₸  
4
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
2565 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады