Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Лидокаина гидрохлорид-DF р-р д/ин. 10мг/мл 3,5 мл №5 DOSFARM

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
№5 ампула
Белсенді зат:
Лидокаин
Фармакологиялық топ:
Анестетиктер
Элемент коды::
2000994079202
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5
Бағасы
645 ₸
Бонустарды сатып алу: 25.80
Резервке қойыңыз
Товар отпускается только по рецепту. Вы можете зарезервировать товар и забрать его в аптеке.

 

- хирургия, офтальмология, стоматология, отоларингологиядағы жергілікті анестезияда (терминальді, инфильтрациялық, өткізгіштік)

- шеткері жүйкелердің және жүйке түйіндерінің блокадасында

 

 

- дәрілік заттың кез келген компоненттеріне немесе анамнезінде басқа да амидті жергі-лікті жансыздандыратын дәрілік заттарға аса жоғары сезімталдық

- синустық түйін әлсіздігі синдромы (әсіресе егде жастағы науқастарда), сол жақ қарынша қызметінің айтарлықтай төмендеуі

- Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

- жүрек блокадасы: II - III дәрежедегі атриовентрикулярлық (қарыншаларды стимуляция-лайтын зонд орнатылған жағдайлардан басқа) қарыншаішілік; синусты-жүрекшелік

- қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы

- кардиогенді шок

- ретробульбарлы енгізу (әсіресе глаукомамен науқастарға)

- порфирия

- Моргань-Адамс-Стокс синдромы

- акушерлік тәжірибеде анестезия жүргізгенде – ұрықтың жатырішілік дамуының бұзылуы, фетоплацентарлық жеткіліксіздік, күні жетпей туылуы, күнінен асып кету, гестоз

- эпидуральді анестезияда – ауыр гипотензия, кардиогендік шок және гиповолемиялық шок, неврологиялық аурулар, септицемия, омыртқаның деформациясына байланысты пункция жасауға мүмкіндік болмауы.

- субарахноидальді анестезияда – арқаның ауыруы, мидың жұқпасы, мидың қатерсіз және қатерлі жаңа түзілімдері, шығу тегі әртүрлі коагулопатия, бас сақинасы, субарахноидальді қан құйылу, артериялық гипертензия және гипотензия, парестезиялар, психоз, истерия, қарым қатынасқа түспейтін науқастар, омыртқаның деформациясына байланысты пункция жасауға мүмкіндік болмауы

- Лидокаинді (анамнезінде) бұрын қолданғанда эпилептиформалы құрысулар

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде

Сақтықпен: жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрінде, ауыр бауыр және/немесе бүйрек жет-кіліксіздігінде, әлсіреген науқастарда, гиповолемияда, AV блокадада, синусты брадикар-дияда, артериялық гипотензияда, ауыр миастенияда, жүктілік және лактация кезеңінде.

 

 

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар:

жиі - парестезиялар, бас айналуы;

жиі емес – жүйелік нейроуыттылық белгілері (құрысулар, ауыз айналасының паресте-зиясы, тілдің жансыздануы, діріл, сандырақтау, ұйқышылдық, дизартрия, естен тану),

сирек - нейропатия, шеткері жүйкелердің зақымдануы, арахноидит.

Көру ағзалары тарапынан бұзылулар:

сирек - диплопия (қосарланып көру)

Жүрек тарапынан бұзылулар:

жиі - брадикардия;

сирек - аритмия, жүректің тоқтап қалуы.

Қантамырлар тарапынан бұзылулар:

өте жиі - гипотензия;

жиі - гипертензия.

Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар:

сирек - тыныс алу жеткіліксіздігі, тыныс алудың бәсеңдеуі және тоқтап

қалуы.

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар:

сирек - аллергиялық реакциялар (есекжем, тері бөртпесі, Квинке ісінуі, ауырлау жағдай-ларда - анафилаксиялық шок).

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар:

өте жиі - жүрек айнуы;

жиі - құсу.

 

 

Лидокаинді қолданар алдында инъекция орнының ісінуі және қызаруымен білінетін препа-ратқа жоғары жекелей сезімталдыққа тері сынамасын міндетті түрде жүргізу керек.

Анестезия жүргізу үшін дәрілік заттың мөлшері мен жалпы дозасы анестезия түрі мен операциялық араласым сипатына байланысты.

Инфильтрациялық анестезияда 10 мг/мл (1 %) концентрациясымен 30 мл ерітіндіге дейін қолданылады.

Өткізгіштік анестезияда 10 мг/мл (1 %) және 20 мг/мл (2 %) концентрациясымен ерітін-ділер қолданылады; ең жоғары жалпы доза - 400мг дейін (40 мл 1 % ерітінді және 20 мл 2 % лидокаин ерітіндісі).

Стоматологиялық тәжірибеде 1 - 5 мл (20 - 100 мг) 2 % ерітінді қолданылады; қабырға аралық жүйкелердің блокадасында – 3-5 мл 1 % ерітінді (30-50 мг); парацервикальді анестезияда - 10 мл (100 мг), 1 % ерітінді әрбір жағына (1,5 сағаттан ерте емес қайталап енгізуге болады);

Оберст-Лукашевич бойынша блокадада – 2 - 3 мл 2 % ерітінді.

Вагосимпатикалық блокадада: мойын бөлімінде - 5 мл (50 мг) 1 % ерітінді, бел тұсында– 5 - 10 мл (50 - 100 мг) 1 % ерітінді.

Эпидуральді анестезияда –200 - 300 мг (10-15 мл) 2 % лидокаин ерітіндісі қолданылады. Анестетикті катетер арқылы үздіксіз енгізу ұсынылмайды; ең жоғары дозаны енгізу 90 минут аралықтан жиі қайталанбауы керек.

Шырышты қабаттың анестезиясы үшін (трахеяның интубациясы, бронхоэзофагоскопия, фиброгастродуоденоскопия, полиптерді алып тастау, гаймор қойнауын тесу және басқа-лары) 20 мл-ден аспайтын көлемде 2 % ерітінді қолданады. Анестезия ұзақтығы 15-30 минут.

Офтальмологияда: тікелей хирургиялық араласым немесе тексеру алдында 2 тамшы 2 % ерітіндіні конъюнктивальді қапқа 2 - 3 рет 30 - 60 секунд аралықпен тамызады.

Ересектерге арналған ең жоғары дозасы - 4,5 мг/кг немесе 300 мг аспайды.

Лидокаиннің әсерін ұзарту үшін ex tempore 0,1 % адреналиннің ерітіндісін (5 - 10 мл лидокаиннің ерітіндісіне 1 тамшы, бірақ 5 тамшыдан асырмай) қосуға болады. Бұл кезде лидокаиннің рұқсат етілген дозасын 500 мг дейін жоғарылатады.

Ескерту: вена ішіне енгізгеннен кейін лидокаиннің әсер ету ұзақтығы қысқа (15-20 минут ұзақтықпен). Егер тамшылатып инфузиялау жолымен венаішілік құю қол жетімді болмаса, бастапқы дереу венаішілік енгізгеннен кейін 10 минуттан кем емес аралықпен қажет бол-ғанда бір немесе екі рет 50-100 мг қайталауға болады.

Инфузиялық ерітінді дайындау үшін, 1 г немесе 2 г лидокаин ерітіндісін инъекцияға ар-налған 1 л 5 % декстроза ерітіндісіне қосу керек және лидокаиннің 1 мг/мл немесе 2 мг/мл концентрациядағы ерітіндісі алынады.

Егде жастағы пациенттерде, әсіресе ұзақ уақыт венаішілік инфузияда дозаны азайту ұсы-нылады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр ау-руларында (цирроз, гепатит) және бауыр қанағымы төмендеген пациенттерде (мысалы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі аясында) доза 40-50 %-ға төмендетілуі керек.

Назар аударыңыз!

Вена ішіне жылдам енгізгенде артериялық қысымның дереу төмендеуі және коллапс да-муы мүмкін. Бұл жағдайларда фенилэфрин, эфедрин және басқа да қантамырларын та-рылтатын дәрілер қолданылады.

Лидокаиннің 1 % ерітіндісін b-лактамды антибиотиктер тобының цефалоспориндерін бұлшықет ішіне енгізу үшін ішінде 1,0 г антибиотик бар құтыға 3 мл лидокаин есебімен инъекциялық ерітінді дайындау үшін еріткіш ретінде қолданады.

 

Әзірге Лидокаина гидрохлорид-DF р-р д/ин. 10мг/мл 3,5 мл №5 DOSFARM пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ
Дәріханалардағы қол жетімділік
Количество
Аптека
Цена
87
Абая 134 (Жасулан)
+7 (7262) 43-15-45
655 ₸  
23
Абилекова, 1Г (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
655 ₸  
107
Айтеке-Би 5А(АПТЕКА)
8(7262) 51-16-00
655 ₸  
14
Аккозиева 187А
+7 775 007-2828
655 ₸  
24
Аса (Жасулан)
+7 775 007-2828
655 ₸  
29
Аскарова 282 (АПТЕКА Кожвен)
8(7262)-52-09-30
655 ₸  
30
Ауезова 5Г (АПТЕКА Сахарный)
+7 (7262) 51-20-80
655 ₸  
55
Б.Батыра 103 (АПТЕКА Сарыкемер)
+7 775 007-2828
655 ₸  
26
Б.Момышулы 27 (АПТЕКА Кайкармет)
+7 775 007-2828
655 ₸  
98
Байзак Батыра 244 (АПТЕКА Элеватор)
+7 775 007-2828
655 ₸  
27
г. Чу, ул. Конаева 24
655 ₸  
51
Д.Бедного (АПТЕКА при ГП №6)
+7 (7262) 46-30-32
655 ₸  
70
Жалпак Тобе 79
+7 775 007-2828
655 ₸  
11
Желтоксан 237 (АПТЕКА)
+7 (7262) 46-00-22
655 ₸  
43
Жибек жолы 64Б (АПТЕКА Корзинка енбек)
+7 775 007-2828
655 ₸  
43
Койгельды 192Б
+7 775 007-2828
655 ₸  
28
Микр №4 дом 29
+7 775 007-2828
655 ₸  
52
Микр №9.дом №31(АПТЕКА)
+7 (7262) 92-30-26
655 ₸  
9
Микр Жансая дом 7 н.п. 23
+7 775 007-2828
655 ₸  
11
Молдагулова 48 (АПТЕКА Каратау)
+7 (72644) 5-05-30
655 ₸  
31
Орынкулова 19Г(Фиркан Сарыкемер)
+7 775 007-2828
655 ₸  
32
пр-т.Жамбыла 123 (БСМП)
+7 775 007-2828
655 ₸  
24
РысбекБатыра 6А (АПТЕКА Химпос)
+7(7262)34-85-01
655 ₸  
17
Рыскулова 32 А (АПТЕКА)
+7 (7262) 56-88-04
655 ₸  
48
Самаркандская 2 (Жасулан)
+7 (7262) 51-54-77
655 ₸  
25
Сарымолдаева 18 (АПТЕКА Мерке)
+7 775 007-2828
655 ₸  
47
Солнечная 1/1
+7 775 007-2828
655 ₸  
10
Сулейманова 29
+7 775 007-2828
655 ₸  
16
Сыпатай батыра 2 (Кожкомбинат)
+7 775 007-2828
655 ₸  
131
Телецентр 2Б (АПТЕКА)
+7 (7262) 54-20-70
655 ₸  
171
Толе-Би 16 (ОГЛФ Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
655 ₸  
44
Толе-Би 16 (ФИТО Жасулан)
+7 (7262) 43-29-54
655 ₸  

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады