Амир и Д
Сайтқа кіру
Жеке кабинет және тапсырыс тарихы
Себет
Тауар: 0
Санат бойынша іздеу

Димедрол 50мг №10таб Дарница

Сырттай көрінуі мүмкін
Сипаттама
Шығарылым түрі:
Таблеткалар № 10
Белсенді зат:
Дифенгидрамин
Фармакологиялық топ:
Жүйелік әсер ететін басқа да антигистаминдік препараттар.
Элемент коды::
48201292
Пікірлер мен шолулар:
0 шолу
0 /5

Тауарды қабылдау күтілуде

Қоймада жоқ

- аллергиялық реакцияларды емдеуде: есекжем, пішен қызбасы, ангионевроздық ісіну, сарысу құю ау-руы, жанаспалы дерматит, мультиформалы экссудативті эритема, экзема, терінің қышынуы, геморрагия-лық васкулит (капиллярлық токсикоз), вазомоторлық ринит, респираторлық аллергоз, жедел иридоцик-лит

- аллергиялық көз ауруларында (конъюнктивит)

- дәрілік заттарды (антибиотиктер, ферменттер) қабылдаудан жағымсыз әсерлері болуын бәсеңдету мақ-сатында, қан немесе қанды алмастыратын сұйықтық құйғанда аллергиялық асқынулардың профилакти-касы және емдеу

- хореяда, теңіз және әуе ауруында, Меньер ауруында

- неврозда, неврастенияда, ұйқысыздықта, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрі ретінде

- препарат компоненттеріне немесе басқа да гистаминге қарсы дәрілерге аса жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі ұстамасы

- феохромоцитома

- эпилепсия

- ұзарған QT аралығы синдромы немесе QT-аралығын ұзартатын препараттарды ұзақ қолдану

- порфирия

- жабық бұрышты глаукома

- қуық асты безінің гиперплазиясы

- асқазан мен он екі елі ішектің тарылған ойық жара ауруы – қуық мойнының тарылуы

- брадикардия, жүрек ырғағының бұзылуы

- тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза маль-абсорбциясы

- 14 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

- жүйке жүйесі және сезім мүшелері тарапынан: әлсіздік, ұйқышылдық, зейіннің төмендеуі, психомо-торлық реакция жылдамдығының төмендеуі, мазасыздық, қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, жоғары қозғыштық (әсіресе балаларда), ұйқысыздық, күйгелектік, ашушаңдық, эйфория, сананың шатасуы, қатты шаршағыштық, седативтік әсер, тремор, неврит, парестезия, дискинезия, қарашықтың кеңеюі, диплопия, көрудің бұзылуы, жедел лабиринтит, құлақтың шулауы, бас айналуы, бас ауыруы; өте сирек

– көзішілік қысымның жоғарылауы, құрысу. Балаларда ұйқысыздықтың парадоксальді дамуы, ашушаң-дық болуы мүмкін. Жергілікті ми зақымданулармен немесе эпилепсиямен ауыратын науқастарда (тіпті Димедролдың төменгі дозаларын қолдағанда да) ЭЭГ-ға құрысу разрядтары белсендіріледі және препа-рат эпилепсиялық ұстамаға түрткі болуы мүмкін.

- жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериалық гипотензия, жүрек қағуын сезіну, тахикардия, экстрасистолия, тері мен шырышты қабықтың цианозы

- қан түзу жүйесі тарапынан: агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, гемолити-калық сары ауру

- асқазан-ішек жолы тарапынан: ауыздың құрғауы, ауыз қуысы шырышты қабығының жансызда-нуы, анорексия, жүрек айнуы, эпигастриядағы ауыру, құсу, диарея, іш қату

- несеп-жыныс жолы тарапынан: жиі және/немесе қиналып несеп шығару, несеп бөлінуінің іркілуі, етеккір жиілігінің артуы, ерте келетін етеккір

- тыныс алу ағзалары тарапынан: мұрын мен тамақтың құрғауы, мұрынның бітелуі, бронх сөлінісі-нің қоюлануы, кеуде қуысының қысылуы, тыныс алудың қиындауы, ентігу

- иммун жүйесі, тері және тері асты шелі тарапынан: гиперемия, тері бөртпесі, қышыну, есекжем, анафилаксиялық шок

- басқалары: тершеңдік, қалтырау, фотосенсибилизация, көздің құрғақтығы, қызба, гипертермиялық синдром; өте сирек - жанаспалы дерматит.

 

Ересек пациенттерге тәулігіне 1-3 рет ½ - 1 таблеткадан (25-50 мг дифенгидрамин гидрохлориді) таға-йындайды.

Шайқалудан жүрек айнуының профилактикасы үшін сапарға шыққанға дейін 30-60 минут бұрын ½ - 1 таблетка, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрі ретінде – 1 таблетка ұйықтар алдында қабылдайды.

Ересектер үшін ең жоғары доза 2 таблетканы (100 мг дифенгидрамин гидрохлориді), ең жоғары тәуліктік доза – 5 таблетканы (250 мг дифенгидрамин гидрохлориді) құрайды.

Емдеу курсының ұзақтығын аурудың сипатына байланысты дәрігер жеке белгілейді (орташа есеппен 10-15 күн).

Аурудың түрі мен ауырлығына байланысты дәрігер препараттың жеке дозалау режимі мен қолдану тәсілін тағайындай алады.

Әзірге Димедрол 50мг №10таб Дарница пікірлері жоқ
Сатып алушылар өнім туралы пікір қалдырған жоқ

Амир және Д - онлайн дәріханасы

Онлайн-дәрмекпен қамтамасыз етудің ыңғайлы жүйесі және сирек және қарапайым дәрілік заттарды автоматтандырылған іздеуде мамандандырылған көмек жүйесі. Біздің компаниямыздың қызметтерін пайдалана отырып, Қазақстандағы көтерме және бөлшек өнімдерді сұлулық пен денсаулыққа, сондай-ақ арзан бағамен дәрі-дәрмектерге сатып алуға болады. Сонымен қатар, жеңілдік купондары мен құпия жарнамалық кодтарды білудің қажеті жоқ - біз үнемі төмен бағаларды және қолайлы мерзімдерді ұсынамыз

Интернет-дәріханасы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан біздің тұтынушылар белгілі бір белсенді ингредиенттермен бар препараттардың тізімін нақтылауға, бағалармен салыстыруға, аймақтағы желілік дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бар-жоғын тексеруге және кез-келген уақытта үйге жеткізумен сапалы фармацевтикалық өнімдерді арзан түрде тапсырыс беруге мүмкіндік алады